Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм



жүктеу 188.66 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі188.66 Kb.
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: 1860-1870 жж. көтерілістердің басты

ерекшеліктері неде болды?

Жаңа сабақ 2 сағат


Мектеп: Семей қаласы ФМБ НЗМ

Уақыты: 7 .03.2014 ж

10:20-11:45

3-4 сабақ



Мұғалімнің аты - жөні: Жолдыбаева Р.Т.

Сынып: 8 Л

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Деректерге нақты сұрақтар құрастырады

Бір уақыт кезеңіндегі әртүрлі елдердің тарихи оқиғаларын анықтайды

Тарихи оқиғаларды түсіндіру кезінде, тарихи карталарды пайдаланады

Тарихи кезеңдерді салыстырады және олардағы өзгерістерді,

сабақтастықты көрсетеді


Сабақтың мақсаты

Отаршылдық кезеңіндегі қазақ шаруаларының жағдайын түсіндіреді

Капиталистік қатынастардың енуіне сәйкес әлеуметтік өзгерістерді түсіндіреді

Халықтың отаршылдық саясатқа қарсы азаттық күресінің мәні мен маңызын түсінеді

Патша үкіметі әкімшілік реформаларының себеп – салдарларын түсіндіреді.

Ресей империясының отарлық саясатын талдайды.


Тілдік мақсаттар

Оқылым мен жазылым дағдылары

1867-1868 жж. реформалардың мақсаты...

1860-1870 жж. көтерілістердің басты ерекшеліктері...

Пәндік лексика мен терминология:

қоныстанушы, десятина, контрибуция, қозғаушы күштері, қазақ шаруалары, балықшылар, жұмысшылар, батырақтар.

1860-1870 жж. Көтеріліс басты ерекшеліктері туралы мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы);

Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым және тыңдалым дағдысы).

8 сыныпқа арналған электронды оқулық

негізінде шағын әңгіме құрастырады (жазылым дағдысы).




Құндылықтар:


- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Алдыңғы білім


1867-1868 жж. Реформаларды біледі

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Басы

3 минут

10 минут

Блум таксономиясы бойынша Білу және түсіну.

2 минут

5 минут
Блум таксономиясы бойынша Қолдану.



15 минут

10 минут


Блум таксономиясы бойынша Талдау


Адай күйін тыңдату. «Адай» күйінің авторы  Құрманғазы Сағырбайұлы. Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын екпінді ұран түрінде беруге құрылған деп айта өту.

М Сабақ мақсатымен таныстыру.Карусель ойыны арқылы өткен сабақтардағы термин сөздерді еске түсіру.Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бірінші тұрған қатысушы бір термин айтады келесі тұрған қатысушы өз терминін және алдыңғы терминді қосып қайталайды, осылайша соңғы қатысушы барлық термин сөздерді ретімен айтып шығуы тиіс.

Т Сынып екі топқа бөлінеді. Қима қағаздарға Көтеріліс басшыларының есімдері Жанқожа, Есет батыр, Кенесары , Сырым ,Санжар, Исатай, Иса, Наурызбай, Махамбет, Бопай, Жоламан және көтеріліс болған жылдар 1837ж, 1338ж, 1847ж, 1836 ,1783ж, 1897ж, 1841ж, 1822ж, 1825ж, 1824ж , 1860ж. жазылады, қатысушылар бір-бір қағаздан алып, топқа бөлінеді.

Екі топқа Каспийдегі балықшылар өмірін көрсететін бірдей сурет беремін.

Тапсырма:

1.топ суреттен не көріп отырғанын жазады.

2. топқа мазмұнды оқиға құрастыруға тапсырма беремін. Суретте не бейнеленген?

Бұл суреттің бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар деп ойлайсыз? Сабақ тақырыбына шығу. Суретке қатысты ойларын толықтыру. Картаны пайдаланып Орал, Торғай, Маңғыстаудағы облыстарын, көтеріліс ошақтарын көрсетемін. Жаңа тақырып бойынша мәтіндер беріледі. «Құмырсқа» стратегиясы. Сынып қабырғасына алдын-ала ілініп қойылған мәтіндерден әр топ мүшелері ақпарат жинап өз тобына тасымалдайды. Электронды оқулықтан көтеріліс туралы мәліметті жазып алады. Керекті ақпаратты жинап алған соң «5 W» стратегиясы стратегиясы бойынша, әр саусақтағы сұрақтарға оқиғаның себептері, барысы, маңызы, нәтижесі, жетекшілеріне байланысты жауап жазу.

Қима қағазға бөлінген мәтіндер топтамасы әр топқа үлестірілді. Осы мәтіндерге тақырыпша қойып, мағынасына қарай топтастыру. Мәтіндер бойынша топтарға көтерілістердің ерекшеліктерін анықтатамын.


Қосымша №1

Күйді тыңдату

Қосымша №2 (слайд 1)
Қосымша №3 топқа бөліуге арналған қима қағаздар

Қосымша №4 (слайд 2,3)

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.

8сынып. Қазақстан тарихы. Атамұра, 2012.


Қосымша №5 (слайд- 4 карта)

Қосымша №6 мәтін
http://lms.nci.kz/history/view?f=187

&id=8&lang=kaz

8 сынып. Қазақстан тарихы.

ЦБР.


Қосымша №7 бағалау дескрипторы

Ортасы
10 минут
Блум таксономиясы бойынша Анализ

15 минут


Патша үкіметінің күміс тиын ақшасы бейнеленген карточка таратылады. А, Б, С-деңгейлік тапсырмалар. А деңгейлік сұрақ –10 тиынға жазылады. Б деңгейлік сұрақ -50 тиынға жазылады, С деңгейлік сұрақ -3 рубльге жазылады.

Тапсырма. Екі топ өз ойларын дәлелдеу үшін жеткілікті дәйектер келтіріп, пікірталас ұйымдастырады.

1-ші топ: «Орал мен Маңғыстаудағы көтерілістер бұрыңғы көтерілістерден өзгеше болды».

2-ші топ: «Орал мен Маңғыстаудағы көтерілістер бұрыңғы көтерілістерге ұқсас болды».


Қосымша №8 патша үкіметінің ақшалары





Соңы

3 минут


2 минут

Оқушының критерии бойынша өзін өзі бағалау парағы

Аты жөні:

Сыныбы:




1869-1870жж көтеріліс туралы біледі

Көтерілісінің

маңыздылы ғын түсінеді



Көтерілістің шығу себебі мен жеңілу себебін түсінеді

Тарихи маңызын біледі

Патша өкіметінің отаршылдық саясатын талдайды

Қазақ хандығының саяси жағдайын сипаттай алады

Оқиғаны баяндауда

деректі қолдана алады




Жақсы білемін





















Орта деңгейде






















Қиындық тудырады






















Рефлексия.

Бүгінгі сабақ мақсат, міндеттері орындалды ма? (1 слайдқа қайта оралу)

- Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды?



- Түсініксіз мәселелер бар ма?

Сұрақтарыңыз болса «Сұрақтар аялдамасына жазып қалдырыңыздар. (стикерлер беру)



Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік-бабалар арманы» тақырыпта ой-толғау жазып келу


Қосымша №9

Оқушының өзін –өзі бағалау парағы

Қосымша №10

Рефлексия парағы

Қосымша №1 Ой-толғау дескрипторы


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиелік элемент)










Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Қосымша №3




Жанқожа




Есет батыр


Кенесары


Сырым


Санжар,


Исатай




Бопай


Жоламан


Махамбет


Наурызбай


Иса




1860ж







1897ж



1841ж


1822ж


1825ж


1824ж


1837ж



1338ж


1847ж


1836 ж,


1783ж

Қосымша №6 мәтін



1868—1870 жж қазақтардың отаршылдыққа қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілісі.
Қазақтар патша үкіметінің реформаларына, Ресей шенеуніктерінің басқаруына ашық күшті наразылық білдірді. Көтерілісшілер үкімет билігіне бағынудан бас тартты. Халық қарулана бастады. Ежелгі ескі тәртіпке қайтып оралуды талап етті.Патша үкіметі бұрынғы ел билеген Б. Айшуақұлы, М. Баймұхамбетұлы, А. Сейдалыұлы сияқты сұлтандарды, Уфа губерниясындағы діни басқармасын салып көрді. Бірақ оларды да тыңдаған ешкім болған жоқ. Қазақ даласындағы толқулар туралы естіп Хиуа ханы оларды көтеріліс жасауға арандата түсті. 1869 жылдың қаңтарында Хиуаға қазақтың шекті және табын руларынан елшілер барды. Олар Хиуа ханынан қазақтарға көмектесу үшін әскер жіберуді өтінді. 1869 жылдың сәуір айында Шошқакөл деген жерге хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбірегі бар әскері келді. Хиуа әскери экспедициясының мақсаты, біріншіден, орыстардың далалық жерлердегі әскери бекіністерін жою, екіншіден, қазақтарды өз қол астына бағындыру, үшіншіден, халықтан жиналатын зекеттің мөлшерін анықтау болатын. Хиуалықтар жергілікті рубасыларын өз жақтарына тарту үшін қыруар көп шапан және ақша ала келеді. Бірақ қазақтар тарапынан өздері ойлағандай белсенді қолдау таба алмады. Сөйтіп Жем күзет аймағында бір айдай болғаннан кейін кері қайтып кетті.1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы  1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. «Қарашығын», земстволық салық төлеуге міндетті болды.Ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды. Тұз кендері, аң аулайтын жер империя меншігінде болды. Шептерде, орыс-казак билеушілеріне , саудагерлерге, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Көтерілісшілердің талаптары: еркін көшіп-қонуды сақтау; жер сатуды тоқтату; уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою; салықты жою.1869 ж ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қарсылық көрсетушілерге қарсы екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді.Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды. Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер жиылып, жасақтар құра бастады. Хан, әмір сайлап, дербес билік жүйесін құрды. Ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына келіп, «Уақытша Ереженің» жер сатуға рұқсат берудің зиянды жақтарын түсіндіреді. Көтерілісті  Ханғали Арыстанұлы, Сейіл Түркебаев, Беркін Оспанов т.б. басқарды

Фон Штемпель жасағына шабуыл: Көтерілісшілерге қарсы Торғай облысында Ақтөбе бекінісін, Орал облысында Ойыл бекіністерін салу көзделді.  Веревкин 400 солдат, 4 зеңбіректі бір рота, т.б. күштермен Ойыл бойына аттанды.Торғай облысындағы көтерілісшілер фон Штемпель жасағына қарсы шықты. Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі қақтығыста 20 мың көтерілісшілер 7 күн шабуылдап, фон Штемпельді Калмыков қамалына кетуге мәжбүр етеді. 25 шілдеде  Беркін Оспанов бастаған 1 мыңдық қол талқандалды. 31 шілдеде көтерілістің тағы бір басшысы Сейіл Түркебаев тұтқындалды. Қалған көтеріліс басшылары Хиуа жеріне өтіп кетті.

1870 ж Маңғыстау қазақтарының көтерілісі. «Уақытша Ереже» Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілсе де, «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығын 18691870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 400-ден астам көтерілісші 1870 ж. 24 наурызда  Үшауыз деген жерде Маңғыстау приставы подполковник Рукин отрядын қоршады. Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтеріліске балықшылар мен жұмысшылар да қосылып, көтерілісшілердің жалпы саны 10 мыңға дейін жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды,қайықтарды тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, Александров фортын қоршау үшін пайдаланды. 1870 жылы сәуірде Досан сарбаздары Фортты қоршап алып, ондағы армян базарын талқандады, саудагерлер мен өндіріс иелерін тұтқындады, Николаевск станциян өртеп, армян слободкасы мен Қарағантүптегі маякті қиратты. Көтерілісті басу Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екі атқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Соғыс министрі Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сай жазалаушылар үш ай бойы Маңғыстаудан кетпей, көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншып жазалады. Көтеріліс басшылары Досан Тәжіұлы, Иса Тіленшібайұлы 3000 дай шаңыраққа бас болып, 1870 ж. желтоқстанда Хиуа хандығына өтіп кетті. Иса ТіленбаевАлғи ЖәлімбетовТілеуберген Орақов, Шүрен Иманов, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаевтар халықты көтеріліске бастап шығады. 1873 жылы Хиуа хандығын бағындыруға жіберілген Ресей әскерлеріне ҚоңыратХожеліҚарабайлы аймағында Досан тұтқиылдан шабуыл жасауды ұйымдастырып отырған. 1873 жылдың күзінде Досан жасағы Үстіртке қоныс аударды. 1874 жылы Ресей үкіметінің Аничкин бастаған іздеуші жасағы Сам құмында отырған Досан ауылын қапыда қоршап алып, жаралы Досан батырды қолға түсіреді. Досан Форт түрмесінде 2 жылдан кейін қаза тапты

1870 ж соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. СамБозащыБестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты.  1874 ж дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Кавказ әскери әкімшілігі Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтін салығын және басқа да алымдарды – барлығы 57901 сомды жинап алды. Оның үстіне, адайлар 90 мың қой мөлшерінде контрибуция (соғыс шығындарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.Торғай облысының бір өзінен ғана 1880 ж 500 адам, ал 1890 ж – 3 мыңға жуық адам жер аударылды.бір айдың ішінде 9 мың адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді.  Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді. Көтерілістің негізгі ерекшелігі — халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды.

1869 ж. наурызда бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Бұл көтерілісті Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соқты, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестіріп тапты. Ембі өзенінен оңтүстік пен солтүстікке қарайғы бүкіл өңір көтерілісшілердің бақылауында болды. Ресей соғыс министрі Милютин Орынбор губернаторы Н.А. Крыжановскийге көтерісті бсып–жаншуға шұғыл және батыл түрде кірісуді талап етті. 1869 ж. наурыз-мамырда Мәскеуден, Петербургтен, Харьков, Қазаннан 57 офицер, 510 атқыш әкелініп, бұған қосы 5300 қарулы әскер мен 20 зеңбірек шығарылды. 1868 жылдың 6 мамырында Көтерілісшілер Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында подполковник фон Штемпельдің отрядымен шайқасқа түседі. 20 мыңдай көтерілісші оларды 7 күн бойы қоршауда ұстап, бірнеше рет шабуылдайды. Азық тиеген 13 көлігінен айрылып, 3 әскері өліп, 5 адамы жараланған фон Штемпель ақырында Калмыков бекінісіне қашып барып тығылады. Көтерілісшілердің екінші тобы майор Пироговтың отрядын өкшелей қуып, Ащыбұлақ өзені бойында бірнеше рет шабуылдайды. Подполковник Рукиннің, Юрковскийдің отряды да шегінуге мәжбүр болады. Көтеріліс қарқыны патша үкіметін қатты шошытты. 1700–ден астам қарулы әскері, көптеген зеңбіректері бар ірі жазалаушы отрядтары Орал облысының әскери губернаторы Веревкиннің өзі басқарып шықты.
Қосымша №7 бағалау дескрипторы

Дескрипторлар

ж

т

Өзіндік ой –пікір айту







Шешендік







Көтерілістің бір ерекшелігін айтты







Көтерілістің екі ерекшелігін көрсетті







Көтерілістің үш ерекшелігін көрсетті







Тақырыпты толық аша білуі







Қорытынды







Қосымша №8 патша үкіметінің ақшалары


d:\user\desktop\foto1.jpgd:\user\desktop\8542-10-kopeek-1860-goda-serebro.jpgd:\user\desktop\4942-poltina-1860-goda.jpg

Қосымша №9

Оқушының критерии бойынша өзін өзі бағалау парағы

Аты жөні:

Сыныбы:





1869-1870жж көтеріліс туралы біледі

Көтерілісінің

маңыздылы ғын түсінеді



Көтерілістің шығу себебі мен жеңілу себебін түсінеді

Тарихи маңызын біледі

Патша өкіметінің отаршылдық саясатын талдайды

Қазақ хандығының саяси жағдайын сипаттай алады

Оқиғаны баяндауда

деректі қолдана алады




Жақсы білемін





















Орта деңгейде






















Қиындық тудырады






















Қосымша №10

Рефлексия парағы
- Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды?______________________________________

- Түсініксіз мәселелер бар ма? ______________________________________________________

Қосымша №11



Ой –толғау дескрипторы


D

ОМ 2

Өткен материал бойынша қарапайым қорытындылар шығарады




12







Берілген тақырыптар бойынша түсінігі бар

1









Тарихи фактілер мен дәлелдер келтіре алады

1







Ой толғау мазмұнында жүйелілік сақталған.

1







Оқушы өзінің ойын еркін сипаттап жаза алады

1







Оқушы тарихи терминдерді орынды қолданған

1







Қосымша әдебиеттерден мәліметтер келтірген

1







Хронологияны қолданған.

1







Тарихи терминдерді қолданған

1







Жазу мәдениеті сақталған.

1







100-120 сөз қолданған

1







Өзіндік ой пікір білдіреді.

1







Тақырып туралы ой-қорытындысы жасаған.

1
















: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации
iblock -> Образование в арабских странах. Из глубины веков до наших дней




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет