Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж

жүктеу 403.54 Kb.
бет1/2
Дата20.06.2016
өлшемі403.54 Kb.
  1   2
Сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: Қызылорда ХББ НЗМ

Уақыты: 25.11.2013 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жүнісов Досан Болатұлы

Сыныбы: 7 C (L1)

Қатысқан оқушылар саны:11

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы:

Девиантты мінез-құлық (2 сағат)

Сабақтың мақсаты

Медиа құралдарды пайдаланып, негізгі ойды түсінеді, өз көзқарасын білдіреді. Топпен жұмыс істеп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу жолдары туралы тікелей эфир жасайды.

Белгілі бір оқыту мақсаты;

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алу

Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

Ж5 Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдар мазмұны негізінде креативті жазу

Тілдік міндеттер

Жаңа сөздермен танысады: Құқық бұзушылық, қылмыс, өмірден жаңылысу, бала тәрбиесі, жақсы тәрбие беру

Алдыңғы білім

Табиғат пен климаттың ұлттық мінезге әсері

Жоспар

Уақытты жоспар-лау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дереккөз-дері

Басы

1-сағаты

10 мин.

Ортасы

10 мин.
Қызығушылықты ояту

20 мин.

2-сағаты

Жазылым

15 мин.

Мағынаны тану

10 мин.

Топқа бөлу. Оқушылар «МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ», «ДЕВИАНТТЫ», «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ» деген сөздер жазылған қағаз қиындыларын алып, сол бойынша 3 топқа бөлінеді, бүгін қандай тақырып бойынша сабақ өтетінін бағамдайды.

Алдыңғы білімді пысықтайды.

1-ТАПСЫРМА (В критерийі) Оқылым. Жеке жұмыс.

Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Ұлттық мінез ерекшеліктері

Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностық өзіндік мінез–құлықтарының ерекшеліктері болатындығы – тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат–қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез–құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткен-ді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық–жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай–ақ, олардың бойында өзге де мінез–құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.

Халқымыз көшпелі тұрмыста өмір сүргендіктен, олардың ұлттық мінезіне табиғат пен климат та айтарлықтай әсер еткен. Мысалы, ауа райына байланысты «Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді», «Сәуір болмай, тәуір болмас», «Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады», «Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс» деген халық даналығы табиғаттың құпия сырларының өзін өмір кәдесіне жарата алғандығының куәсі іспеттес. Ал «Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас», «Көлдің көркі - құрақ, Таудың көркі - бұлақ» деген мақалдардан ұлт мінезінің әсемдігі, жан сарайының көркемдігі байқалады.

  1. Ұлттық мінез дегеннің не екенін көрсетіңіз.

  1. тарихи шындық пен обьектив фактор

  2. этносаралық татулық

  3. түркі тектес халықтар бірлігі

  4. ұлттық қауымдастығы

  5. адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі

  1. Ы. Алтынсаринның сөзіне байланысты ақпаратты толықтырыңыз.

...өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, ... ... ... сияқты қасиеттер тән.

  1. жаңашылдық пен ғылымилық

  2. қонақжайлылық пен пайымшылдық

  3. сыпайылық пен мәдениеттілік

  4. мазмұндық және мағыналық

  5. көрегендік пен жасампаздық

  1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

  1. Ұлттық болмыс – алтын діңгегіміз

  2. Халқымды сыйласаң, салтымды сақта!

  3. Туған жердей жер болмас.

  4. Туған тілім – тірлігімнің айғағы.

  5. Ұлттар татулығы бірлікке апарады.

  1. Мәтінге сәйкес сұрақтың жауабын табыңыз. Көшпелі халықтың тұрмысына не әсер еткен?

  1. шапқыншылық

  2. соғыс пен ашаршылық

  3. егін шаруашылығы

  4. ауыз әдебиеті

  5. табиғат пен климат

  1. Мәтінге сәйкес халқымыздың жалпы ұлттық қасиеттерін белгілеңіз.

  1. туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі

  2. мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі

  3. меймандостығы мен балажандығы

  4. сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті

  5. барлығы да дұрыс

Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

Ж8 Мәтіндерді түзету және редакциялау

        1. Девиантты мінез-құлық туралы слайд көрсетіліп, тақырып туралы қысқаша түсінік беріледі.

        2. Жасөспірімдер қылмысы тақырыбында 2 бейне материал көрсетіледі. Өз кезегінде бұл материалдар оқушылардың ой қозғауына түрткі болады.

2-ТАПСЫРМА: Интервью алып, қысқаша хабар жасап, эфирден көрсету. Топтық жұмыс.

1-топ. Учаскелік полициядан интервью алу.

2-топ. Мектеп директорынан интервью алу.

3-топ. Оқушылардан интервью алу.

Білім

— Девианттық мінезді балаларға кімдерді жатқызар едіңіз?

Түсінік

Заң бұзушылыққа итермелейтін факторлар қандай?

Қолдану

Тәрбиенің қандай түрі маңызды?

Анализ

-Жасөспірімдердің қылмысқа бару себебі неде?

Синтез

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға қандай жолдар ұсынар едіңіз?

Бағалау

Бұл мәселені қалай шешер едіңіз...?

Ж5 Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдар мазмұны негізінде креативті жазу.

Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдардағы қызықтырған тақырып бойынша мәтін жазады.

3-ТАПСЫРМА: Жұптық жұмыс.

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсанын былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 36-дан 43-ке немесе 19,4 пайызға артып отыр. Қылмыстың негізгі бөлігі жеке мүлікті ұрлау, бұның үлес салмағы жалпы қылмыстың 50 пайызын құрайды. Содан кейін тонау және алаяқтық — 25 пайыз. Қазалы, Арал, Шиелі аудандары арасындағы жасөспірімдердің қылмыстық өсуін атап өтуге болады».

Ойландырарлық жағдай! Қайда кетіп барамыз?

Қазақстан жастарына үндеу жариялау. Тақырыбы: Қазақстан жастары, қоғамға жат мінездер мен жағымсыз қылықтардан арылайық, қылмыстың алдын алуға бірігіп ат салысайық!

4-ТАПСЫРМА: Тәрбие туралы мақалдарды толықтыр. Жеке жұмыс.

1. ¥лың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

            Қызың өссе, .............................................(қызы жақсымен ауылдас бол).

2. Тәрбиелі адам - ....................................................(тағалы атпен тең).

3. Балапан ұяда не көрсе, ........................................................(ұшқанда соны іледі).

4. Алдыңғы арба қайда жүрсе, ...........................................(соңғы арба да сонда жүреді).

5. Жаны сұлудың ...............................(тәні сұлу).

6. Қызым, саған айтам, .................................................!(келінңм сен де тыңда!)

7. Сынықтан өзгенің .....................................................(бәрі жұғады).

8. Ананың ізін қыз басар, ................................................(атаның ізін ұл басар).

9. Айтушы ақылды болса, .....................................................(тыңдаушы дана болады).

10. Өзіңді-өзің сыйламасаң, ..........................................(өзгеден сый дәметпе).

11. Әдепсіз өскен адамнан, ......................................................(тәртіппен өскен тал жақсы).

«Үштілділік тапсырмасы» (орысша, ағылшынша бағандары бос тру керек).

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Девиантты мінез-құлық

девиантное поведение

deviant behavior

Құқық бұзушылық, қылмыс, өмірден жаңылысу

нападение, преступление, правонарушение, нарушение, оскорбление, проступок

offense, delinquency

бала тәрбиесі

воспитание ребенка

education of the child

жақсы тәрбие беру

дать хорошее воспитание

give a good education

Нұр KZ
akikatkaz.kz/?p=343

http://www.youtube.com/watch?v=KFz-z4ouiNY

http://kk.wikipedia.org/wiki

http://bala-kyzylorda.kz/kz/balalar-arasyndagy-kukyk-buzushylyktyn-aldyn-alu-barshamyzga-ortak

http://www.kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6574&Itemid=36

Соңы

15 минут

5-ТАПСЫРМА: Сахналық қойылым. Топтық жұмыс.

«Ауытқыған мінез - құлықтың көрсеткіштеріне - агрессия, демонстрация, оқудан шығу, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид жатады. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді. Адамның мінез-құлқының ауытқуы жасөспірім шақта, күйзелгенде, жұмыстан кеткен жағдайда, алданған жағдайда, күйінген, ренжіген жағдайда болуы мүмкін. Сол үшін балалардың ауытқымалы мінез-құлық мәселелерін шешуге ата-аналардың өздерінің қызығушылығы және әлеуметтік белсенділігі үлкен роль атқарады».

Бала мектепке түрлі себептермен барғысы келмей, агрессияға ұшырап жүр, Сіздің жас жеткіншекке айтар ақылыңыз бен кеңесіңіз қандай болмақ?

Әр топ мәтін бойынша сахналық қойылым көрсетеді.

Рефлексия. Оқушылар стикерлерге сабақ туралы өз пікірлерін жазып қалдырады.

Бағалау.

kk.wikipedia.org/wiki/Ауытқыған_мін...
Стикер

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар

Топтық жұмыстарда қабілеті жоғары оқушыларға топ жұмысын ұйымдастыруды өз қолына алып, жетекшілік етуді тапсырғанды қалаймын және лидерлік қасиетін жан-жақты көрсетуге жағдай жасаймын.

Оқушылардың білімін дескрипторлар арқылы бағалаймын. Топтық жұмысты оқушылардың өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асырып және өз бағамды қосып, ортақ бағасын шығару арқылы тексеремін.

Пәнаралық байланыс: Психология, педагогика, АКТ, журналистика, ағылшын тілі, орыс тілі.

Қауіпсіздік ережелері: оқушылардың интереттен тәрбиелік мәні төмен деректерді, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін ақпараттарды оқымауын қадағалау, ақпараттық техникамен жұмыс істеу қауіпсіздігін қадағалау.

АКТ: бейнематериалдар көрсету, ұялы телефон, фотоапппарат, бейнекамера пайдалану, т.б.

Құндылықтар: ұлттық тәрбие, қарым-қатынас құзіреттілігі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары шынайы болды. Оқыту мақсаттарына оқушылар толық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жетті. Оқушылар интервью алуды, үндеу жариялауды, тірек сөздердің үш тілде баламасын табуды, сахналық қойылым көрсетуді үйренді. Топқа бөлу өз мәнінде жүзеге асты. Уақыт өз дәрежесінде тиімді пайдаланылды.Менің жоспарыма дәстүрден тыс өзгерістер енгіздім. Мысалы, оқушылар интервью тапсырмасы кезінде сыныптың сыртына шығып, дәлізде тұрып, шағын хабар жасады. Мұның өзі бұрынғы оқыту дәстүріндегі шеңберден шығып кеткендігін көрсетеді.

Қорытынды бағалау

Оқушылардың барлығы сабаққа 100 пайыздай ат салысып, әр тапсырмаға құрылған дескрипторлар бойынша мақсатқа жетті деп бағаланды.

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Интервью алу

2: Қазақстан жастарына үндеу жариялау

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша постер қорғау әдісін пайдаланғанымда, сабақ одан да жақсы өтер еді.

2: «Фиш Боун» әдісін пайдаланып, мәселені шешу жолдарын оқушылар өздері ұсынғанда нұр үстіне нұр болар еді.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

Оқушы......................................................................... Сыныбы 7 ... Уақыты: 25.11.13 Тоқсан ІІ

1-тапсырма: (В критерийі) Оқылым. Жеке жұмыс.

Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Ұлттық мінез ерекшеліктері

Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностық өзіндік мінез–құлықтарының ерекшеліктері болатындығы – тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат–қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез–құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткен-ді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық–жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай–ақ, олардың бойында өзге де мінез–құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.

Халқымыз көшпелі тұрмыста өмір сүргендіктен, олардың ұлттық мінезіне табиғат пен климат та айтарлықтай әсер еткен. Мысалы, ауа райына байланысты «Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді», «Сәуір болмай, тәуір болмас», «Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады», «Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс» деген халық даналығы табиғаттың құпия сырларының өзін өмір кәдесіне жарата алғандығының куәсі іспеттес. Ал «Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас», «Көлдің көркі - құрақ, Таудың көркі - бұлақ» деген мақалдардан ұлт мінезінің әсемдігі, жан сарайының көркемдігі байқалады.

  1. Ұлттық мінез дегеннің не екенін көрсетіңіз.

  1. тарихи шындық пен обьектив фактор

  2. этносаралық татулық

  3. түркі тектес халықтар бірлігі

  4. ұлттық қауымдастығы

  5. адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі

  1. Ы. Алтынсаринның сөзіне байланысты ақпаратты толықтырыңыз.

...өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, ... ... ... сияқты қасиеттер тән.

  1. жаңашылдық пен ғылымилық

  2. қонақжайлылық пен пайымшылдық

  3. сыпайылық пен мәдениеттілік

  4. мазмұндық және мағыналық

  5. көрегендік пен жасампаздық

  1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

  1. Ұлттық болмыс – алтын діңгегіміз

  2. Халқымды сыйласаң, салтымды сақта!

  3. Туған жердей жер болмас.

  4. Туған тілім – тірлігімнің айғағы.

  5. Ұлттар татулығы бірлікке апарады.

  1. Мәтінге сәйкес сұрақтың жауабын табыңыз. Көшпелі халықтың тұрмысына не әсер еткен?

  1. шапқыншылық

  2. соғыс пен ашаршылық

  3. егін шаруашылығы

  4. ауыз әдебиеті

  5. табиғат пен климат

  1. Мәтінге сәйкес халқымыздың жалпы ұлттық қасиеттерін белгілеңіз.

  1. туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі

  2. мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі

  3. меймандостығы мен балажандығы

  4. сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті

  5. барлығы да дұрыс

В

Оқылым

Сөздердің тура мағынасын біледі

1

5 балл

Сөздердің ауыспалы мағынасын біледі

1

Көп мағыналы сөздерді біледі

1

Мәтіндегі астарлы ойды біледі

1

Тұрақты тіркестерді қолдана алады

1

Оқушы......................................................................... Сыныбы 7 ... Уақыты: 25.11.13 Тоқсан ІІ

4-ТАПСЫРМА: Тәрбие туралы мақалдарды толықтыр. Жеке жұмыс.

1. Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

            Қызың өссе, .............................................

2. Тәрбиелі адам - ....................................................

3. Балапан ұяда не көрсе, ........................................................

4. Алдыңғы арба қайда жүрсе, ...........................................

5. Жаны сұлудың ...............................

6. Қызым, саған айтам, .................................................!

7. Сынықтан өзгенің .....................................................

8. Ананың ізін қыз басар, ................................................

9. Айтушы ақылды болса, .....................................................

10. Өзіңді-өзің сыйламасаң, ..........................................

11. Әдепсіз өскен адамнан, ......................................................

«Үштілділік» тапсырмасы

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Девиантты мінез-құлық

Құқық бұзушылық, қылмыс, өмірден жаңылысу

бала тәрбиесі

жақсы тәрбие беру

Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру

Ж8 Мәтіндерді түзету және редакциялау

        1. Девиантты мінез-құлық туралы слайд көрсетіліп, тақырып туралы қысқаша түсінік беріледі.

        2. Жасөспірімдер қылмысы тақырыбында 2 бейне материал көрсетіледі. Өз кезегінде бұл материалдар оқушылардың ой қозғауына түрткі болады.

2-ТАПСЫРМА: Интервью алып, қысқаша хабар жасап, эфирден көрсету. Топтық жұмыс.

1-топ. Учаскелік полициядан интервью алу.

2-топ. Мектеп директорынан интервью алу.

3-топ. Оқушылардан интервью алу.

Білім

— Девианттық мінезді балаларға кімдерді жатқызар едіңіз?

Түсінік

Заң бұзушылыққа итермелейтін факторлар қандай?

Қолдану

Тәрбиенің қандай түрі маңызды?

Анализ

-Жасөспірімдердің қылмысқа бару себебі неде?

Синтез

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға қандай жолдар ұсынар едіңіз?

Бағалау

Бұл мәселені қалай шешер едіңіз...?

Оқыту

мақсаттары

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

Жетті

Талпынады

Дикциясы, сөйлеу этикасы

Мәселені көтере білуі

Ж5

С

Қарама- қарсы пікірлер бар

Аргументтер бар

Өз пікірін айтқан

Қорытындысы бар.

1-оқушы.........................................................................

2-оқушы.........................................................................

Сыныбы 7 ... Уақыты: 25.11.13 Тоқсан ІІ

Ж5 Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдар мазмұны негізінде креативті жазу.

Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдардағы қызықтырған тақырып бойынша мәтін жазады.

3-ТАПСЫРМА: Жұптық жұмыс.

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсанын былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 36-дан 43-ке немесе 19,4 пайызға артып отыр. Қылмыстың негізгі бөлігі жеке мүлікті ұрлау, бұның үлес салмағы жалпы қылмыстың 50 пайызын құрайды. Содан кейін тонау және алаяқтық — 25 пайыз. Қазалы, Арал, Шиелі аудандары арасындағы жасөспірімдердің қылмыстық өсуін атап өтуге болады».

Ойландырарлық жағдай! Қайда кетіп барамыз?

Қазақстан жастарына үндеу жариялау. Тақырыбы: Қазақстан жастары, қоғамға жат мінездер мен жағымсыз қылықтардан арылайық, қылмыстың алдын алуға бірігіп ат салысайық!

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқыту

мақсаттары

Ж5

Ж4

Критерийлер

С

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

Жетті

Талпына

ды

Кіріспесі бар

Мәселені көтере білген

Эмоциялық әсері бар

Аргументтер бар

Өз пікірін айтқан

Қорытындысы бар.

5-ТАПСЫРМА: Сахналық қойылым. Топтық жұмыс.

«Ауытқыған мінез-құлықтың көрсеткіштеріне - агрессия, демонстрация, оқудан шығу, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид жатады. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді. Адамның мінез-құлқының ауытқуы жасөспірім шақта, күйзелгенде, жұмыстан кеткен жағдайда, алданған жағдайда, күйінген, ренжіген жағдайда болуы мүмкін. Сол үшін балалардың ауытқымалы мінез-құлық мәселелерін шешуге ата-аналардың өздерінің қызығушылығы және әлеуметтік белсенділігі үлкен роль атқарады».

Бала мектепке түрлі себептермен барғысы келмей, агрессияға ұшырап жүр, Сіздің жас жеткіншекке айтар ақылыңыз бен кеңесіңіз қандай болмақ?

Әр топ мәтін бойынша сахналық қойылым көрсетеді.

Оқыту

мақсаттары

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

Жетті

Талпынады

Образға кіруі

Мәселені көтере білуі

Т/А 3

А / D

Тақырыпты ашуы

Кеңестің дәлелді, сенімді болуы

Авторлық ой тұжырымы

(керекті материалдар)

ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АРТЫП БАРАДЫ 1-топ

18 Қаңтар 2013, 14:15 Қарап шығу: 1221 Түсiнiктер: 0

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба?

Бұл келеңсіз жағдайдың негіз-гі себептері бір жағынан отба-сында ата-ана мен баланың ара-сындағы тығыз қарым-қатынас-тың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болды-ның кейпін келтіруі болса, екінші жа-ғынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда. Құқық бұзушылықтың ұшығуының тағы бір себебі: жастардың шетел кинофильмдеріндегі дөрекі, ұрып соғар, басқаны кемітудің арқасында «батыр» болатын кейіпкерлерге елік-теуі мен ішімдік ішулері. Сөзім дәлелді болу үшін бір мысал келтіре кетейін. Қала тұрғыны, 23 жасар жігіт таныс қызының ұялы телефонын алдау арқылы ұрлаған. Көп ұзамай орта-лықта қыз баланы соққыға жығып тонап кеткен. Араға екі ай салып, өзінің қылмыстық іс әрекеттерін жалғас-тырып қарақшылықпен айналысқан. Осындай ауыр қылмыстар жасаған айыпталушының қылмыстық істері Қаратал аудандық сотында қаралып, сот Үкімі бойынша жас жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Әрбір құқық бұзушылық пен қыл-мыс - бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушы-лық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.

Жалпы жастардың және жасөспі-рімдердің қылмыс жасау мәселесі – құқық қорғау жүйесінің ғана емес, соны-мен қатар, отбасының, барша мемле-кеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қыл-мыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыз-дың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.

Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолда-рын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жас азаматтардың көбеюі – қоғам өмі-рінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зор-лау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, көлік айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қа-руды ұрлау, т.с.с. қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыс-тық жауапкершілікке тартылады. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеу-меттік мемлекет ретінде орнықты-рылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз бар. Құқықтық мемлекет құрамыз де-ген заманда әрбір адам өз құқықта-рын жете біліп, жалпы заң білімі сала-сынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұра-тына жетеді.    

Біз болашағы еркін де жарқын қоғамда өмір сүргіміз келсе, бесігімізді түзеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше мән бергеніміз жөн болар.

Марат ЖҮКЕНОВ,

Қаратал аудандық прокурорының орынбасары.

16.04.2012 Жас балалардың құқық бұзушылығына әкеп соғатын әсерлер 2-топ

Тамыры терең  қара емен

Қасқая күтер дауылды.

Ақылды шешен сөйлесе,

Таратар түгел қауымды.

Бірлігі мықты ел болса,

Барлығы түгел бауыр-ды.

Ұрпағына үлгі етер.

Төле би

Мемлекетіміздің бүгіні мен  ертеңін өрге  бастырар жас  жеткіншектер екені  баршамызға мәлім. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың  алдағы  атқарар іс-әрекеттерінің түп тамыры  бүгінгі күнмен тығыз байланысты десек, артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасы  өз тәуелсіздігін, егемендігін алғаннан бері жастар саясатына аз көңіл бөлмегендігін  байқауымызға болады . Көптеген жастар ісі  бойынша қоғамдық ұйымдар  құрылғандығы тағы да белгілі. Ел өмірінің қай кезеніне  жіберсек те, балалар  тағдыры  кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі  ой қозғар өзекті мәселелерді, аталы қауым еш  уақытта аттап өтпеген.

Кейінгі уақытта  жастар арасында  құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі  ешкімді таңқалтырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы  істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең  етек жаюда.

Жалпы  адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі  отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.

Сондықтан да жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа  көзқарасы  ата-ананың  көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты  қалыптасады. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына от басында әке- шешесінің тату тұруы, отбасында әке-шешесінің біреуі болмауы немесе екеуініңде болмауы әсер етеді.  Сондықтан да жақсы тәрбие  мен от басындағы жағдайдың жасөспірімдер өмірінде алатын орыны ерекше. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.

Ересектер қылмыс мен кәмелете жасы толмаған  балалар арасындағы  қылмыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Жасы толмағандар арасында  қылмыстың түп-тамырына түпкілікті балта шабу мүмкін емес.  Алайда алдын алу, тежеу  болашақтағы ересектер қылмысының азаюына қол жеткізу керек.

Қазақстан Республикасының заңы (ҚҚР ҚК-нің 15 бабы) қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленген.

Балалар арасындағы  құқық бұзушылық  жыл сайын көбеймесе, азаймай отыр. Қоғамға жат бұл  әрекеттердің алдын алу, тіптен,  жеделдетуді керек етеді.

Жас балалардың  құқықбұзушылығына бос  уақыттың  көптігі, пайдалы іспен  айналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз  дәрежесінде болмауы, құқықтық білімінің аздығы, сан саласы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын  аулалық клубтардың жабылуы басты себепкер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланың қандай болса да  еліктеушілік  танытуына әкеліп соғуда.

Ересек қылмыскерлер өздерінің мақсатына жету  ниетінде сабақтан бос уақытында қандай іспен шұғылданарын білмей, ерігіп отырған жас  жеткіншектерді әр түрлі жолмен пайдаланып, ойларын жүзеге асырады . Олардың бірі аулада бостан-бос отырған  балаларды  маңайына  топтастырса, екінші біреулері ұрлық жолмен «жеңіл» де «қызық» өмір сүруге  қызықтырады.

Жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез  икемделіп, ересектер ықпалына еруі- мектеп пен ата- ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса ,  өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті  дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.

Бұл - әрине, болашақ тағдырын  ойлаған кез келген адамды аландатпай қоймайтын мәселе.

Күршім ауданының № 2

аудандық сотының

баспасөз қызметі

  1   2

©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет