Сабақ барысы: І.Үйымдастыру кезеңі. Тренинг «Амандасу» ІІ.Үй тапсырмасын тексеру тест



жүктеу 21.97 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі21.97 Kb.
түріСабақ
Сынып: 8

Пән: География

Мұғалім Калиева Маржан Темерханқызы

Тақырыбы: Қазақстанның топырақ түрлері

Мақсаттары:

*Оқушыларға топырақтың түрлері туралы түсіндіру.

*Топырақ эрозиясы мен топырақ жамылғысын қорғау әдістері туралы білімдерін кеңейту.

Әдіс тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Көрнекі-құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, топырақ картасы.

Сабақ барысы:

І.Үйымдастыру кезеңі.

Тренинг «Амандасу»



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

тест

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

Топырақ жамылғысының түрлері

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).


Топырақ эрозиясы және топырақ жамылғысын қорғау


Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Топырақтың құрылу процесінің ұзақ екендігін түзуші аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзінде 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екенін айтса жеткілікті. Ал бұл қабатты желдің ұшырып әкетуі оп-оңай. Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 70 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26%-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.

Тапсырма №1 Сандар нені білдіреді?

86% 4-6% 52-48° с.е. 4,5-3,0% 44% 52 млн

1955-1958 ж 805мың 120 млн 17 млн 90,6 млн 6-8%

Тапсырма №2 Сәйкестігін тап

1. Қара топырақты зона 120 млн га

2.Қара қоңыр топырақ зонасы 25,5 млн га

3.Қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона 90,6 млн га


Тапсырма №3 Географиялық диктант

Қара топырақты зона республиканың --------- тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, --------- облысының көп жерін,-----------,--------,--------,--------- облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды.

Қара қоңыр топырақ зонасы -------топырақтың оңтүстігінде орналасқан.

Бұл ---------- ------------- көп жерін, Каспий маңы ойпатының ----------, Шығыс Қазақстан облысының ------------ алып жатыр.

Қорытынды:

Тапсырма №4 Постер құрастыру

Тақырыбы: «Мен болашақта топырақты сақтау үшін...»

Рефлексия

Ұнады, ұнамады, ұсыныс



Үй тапсырмасы: §36 145-бет сарамандық жұмыс
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет