Сабақ жоспары 4 сынып Тақырыбы Ғарыш дегеніміз не?



жүктеу 19.49 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі19.49 Kb.
түріСабақ
Дүниетану сабағынан қысқа мерзімді сабақ жоспары 4 сынып

Тақырыбы

Ғарыш дегеніміз не?

Мақсаты:

Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны туралы түсінік қалыптастыру. Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелетінін және зерттеу жұмыстарын жүргізетін орбиталық стансалар жайлы анықтама беру. Оқушылардың аспан денелері туралы қарапайым түсініктерінің болуын қамтамасыз ету. 2. Қоршаған ортаны танып-білуге деген қызығушылығын ояту. 3. Топта жұмыс жасау қабілетін ояту.

Оқыту нәтижесі

Ғарыш туралы мағлұмат алады. Топтық тапсырмалар орындайды.

Ресурстар

Оқулық, слайдтар, АКТ.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.

А) Оқушылармен амандасу

Ә) Топты математикалық санау арқылы бөлу. Көшбасшыны тағайындау.

Б) Ережені қайталау



Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау

  • Орман-тоғайдың адам үшін маңызы қандай?

  • Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?

  • Ылғалы мол батпақты бөгетті не деп атайды?

  • Тау өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың қандай маңызы бар?

Ұйымдастыру

Оқушыларды шеңберге тұрғызып 1,2,3,4 санау арқылы топқа бөлу

Жаңа сабақ

  1. Жұлдызды аспан туралы мұғалімнің әңгімесі. Жұлдыздардың көптігі.

  2. Қатардағы жұлдыздардың бірі – Күн. Күн жүйесі. Галактика. Галактикалар тобы. Ғарыш.

  3. Ғарыштың шексіздігінің дәлелдері.

  4. Жердің ғарыштағы орны

  5. Ғарышты зерттеу

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтіннен ғарышкерлер және ғарышты зерттеу құрал-жабдықтары жайында оқып, танысады.

Топпен жұмыс. Кубизм стратегиясы

Әр топқа кубик лақтыра отырып сұрақтар беру.

-Тұңғыш Жер серігі қашан ұшырылды?

-Тұңғыш ғарышкер кім және ол қашан ұшты?

-Қазақ ғарышкері туралы не білесіңдер?

-Жақын ғарыш қалай зерттелуде?

Автомат стансалар мен Жер серіктері қандай мағлұматтар береді?



Постер қорғау

1-топ: Планеталар

2-топ: Ай-Жер серігі

3-топ: Күн жүйесі

4-топ: Қазақ ғарышкерлері



Соңғы сөзді маған қалдыр

-Планетаның жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?

-Галактика неден тұрады?

Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде?

-Ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін маңызы қандай?



Үйге тапсырма

«Ғарыш» дегеніміз не?

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №9 орта мектеп» ММ мұғалімі: Тлеубаева Гулзия Хамзаевна
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет