Сабақ жоспары Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия



жүктеу 56.61 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі56.61 Kb.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Тексерілді

Пән мұғалімі

Сұлтанбекова Нұржәмила Мұсақызы

Пәні

Қазақ тілі

Сыныбы

6 «А»

6 «Ә»

6 «Е»

Өтетін күні












Сабақтың тақырыбы

Өзгелік және ырықсыз етіс

Сабақтың мақсаты

Өзгелік және ырықсыз етістердің негізгі қызметі, түрлері, өздік етістен ерекшелігі, жасалу жолдарын ұғындыру

Күтілетін нәтиже

Жеке тапсырманы орындайды, сөздерді құрамына қарай талдайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, өз бетінше анықтама құрай біледі, өз деңгейін бағалай алады

Бұрын меңгерілген білім

Етіс, оның түрлері, өздік етістің ерекшелігі, жасалу жолдары, жұрнақтары

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Сабақтың ресурстары

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс жаймасы




Кезең

Уақыты

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой шақыру

6 минут

Өткен сабақты пысықтау үшін тақтадан бірнеше етістіктерді көрсетеді.Талдау барысында барлық етістік етіс жұрнағын қабылдай бермейтіндігі айтылады.

Етістіктерді ауызша құрамына қарай талдап, етістерді анықтайды.Мысалы: қаранды: түбірі – қара, -н – өздік етіс жұрнағы, -ды – жіктік жалағаудың ІІІ жағы, көрінді: түбірі –көр, -ін – өздік етіс жұрнағы, -ді - жіктік жалағаудың ІІІ жағы , тазаланды: туынды түбірі – тазала, -н - өздік етіс жұрнағы, -ды – жіктік жалағаудың ІІІ жағы, жуынды: түбірі – жу, -ын - өздік етіс жұрнағы, -ды – жіктік жалағаудың ІІІ жағы, ілінді: түбірі – іл, -ін - өздік етіс жұрнағы, -ді – жіктік жалағаудың ІІІ жағы, тамақтанды: туынды түбірі тамақтан, мұндағы –тан – есім сөзден етістік тудыратын жұрнақ, -ды - жіктік жалағаудың ІІІ жағы, иленді: түбірі – иле, -н – өздік етіс жұрнағы, -ді - жіктік жалағаудың ІІІ жағы, батырды: туынды түбірі - батыр, -ды - жіктік жалағаудың ІІІ жағы, ашуланды: туынды түбірі ашулан, мұндағы –лан – есім сөзден етістік тудыратын жұрнақ, -ды - жіктік жалағаудың ІІІ жағы

6 минут

Тақтадағы сөздерді түрлендірту

Өзгелік етіс жұрнақтары бірінің үсітіне бірі жалғана беретінін, ырықсыз етістің өздік етіспен тұлғалас -ын,- ін, -н жұрнақтары түбір етістік құрамында л дыбысы болған жағдайда жалғанантынын, кей жағдайда ырықсыз етіс жұрнағы өзгелік етіс жұрнағынан кейін де жалғана беретінін ескерту.


Екі бағанға жазылған сөздерге үстінде көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, түрлендіреді. Әр топтан кем дегенде жартысын шығару керек. Біртіндеп келіп, бір-бір сөзден түрлендіреді.Мысалы:

Пайдалануға арналған жұрнақтар: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -сет, -т

Пайдалуға арналған жұрнақтар: -ыл, -іл, -л, -ын,- ін, -н

Тазала + лат

Тазала + н

Сүрт+кіз

Сүрт+іл

Жу +дыр+т

Жу +ыл

Сыпыр +т+қыз+дыр

Сыпыр +ыл

Жина +т +қыз

Жина +л

Тапсыр +ғыз

Тапсыр +ыл

Орында +т

Орында +л

Өт +кіз

Өт +іл



Мағынаны тану

9 минут

«Сыныптағы тазалық жұмысы» тақырыбында шығармашылық тапсырма орындату

Тақтада берліген сөздерді пайдаланып тақырып бойынша мәтін құрату. Алдымен әр сөзді топ басшысы бір-бір оқушыға бөліп береді, олар жекелеген сөйлемдер құрып, кейін ортақ жаймаға жазып мәтін құрайды. 1,2-топ өзгелік етіс жұрнақтарын, 3,4-топ ырықсыз етіс жұрнақтарын пайдаланады.

1 минут

Көпірше тұрғызу

Өзгелік етісте іс-әрекетті бөгделер орындайтынын, ырықсыз етісте іс-әрекетті орындаушы аталмайтынын ескерту.

Жұмыс барысында көпіршені пайдаланады. Мысалы: Апай оқушыларға бөлмені тазалатқызды. Бүгін сынып бөлмесі тазаланды.

4 минут

Топтық жұмысты талқылау

Оқушылар тобы кезегімен мәтіндерін оқиды және оның дұрыс-бұрыстығын басқа топ мүшелері анытайды.

3 минут

Іс-әрекеттің иесі мен орындаушысын анықтату

Тақтаға «Іс-әрекеттің иесі» және «Орындаушы» деген жазулары бар жайма (плакат) ілінеді. Оқушылар астына «Мен», «Сен», «Ол», «Басқа» деген сөздер жазылған суреттерді орналастырады. Екі жаққа да осы суреттер ілінуі тиіс. Өзгелік етісте іс-әрекеттің иесі өзі, өзім, өзің болатынын, ал орындаушы бөгде болатынын, ырықсы етісте орындаушысы аталмайтынын түсінулері керек.

4 минут

Өз беттерінше анықтама құрғызу үшін сұрақтармен жетелу:

1. Өзгелік етісте іс-әрекет иесі мен орындаушы бір тұлға ма?

2. Өзгелік етіс қалай жасалады?

3. Ырықсыз етісте орындаушы кім (не)?

4. Ырықсыз етіс қалай жасалады?

Орындаған тапсырмалары негізінде анықтама айтады. Мысалы: өзгелік етісте іс-әрекеттің иесі іс-әрекетті басқаға орындатады, ал ырыөсыз етісте іс-әрекет өздігінен орындалатынын айтылып, орындаушы аталмайды. Өзгелік етіс -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -сет, -т жұрнақтары арқылы (кейде жұрнақтар бірінің үсіне бірі жалғана береді)арқылы, ал ырықсыз етіс -ыл, -іл, -л, -ын,- ін, -н жұрнақтары арқылы жасалады. Ырықсыз етістегі -ын,- ін, -н жұрнақтары етістік түбірінде л дыбысы болған жағдайда жалғанады. Оны өздік етістен орындаушысына қарап ажыратуға болады. Мысалы: (ол) таранды, (орындаушы аталмайды) таралды.

5 минут

245-жаттығуды орындату

1,2-топ берліген етістіктерге өзгелік етіс жұрнақтарын, 3,4-топ ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғайды. Мысалы: Өзгелік етіс – айтқыз, сатқыз, жасат, ілдір, салғыздыр. Ырықсыз етіс – айтылды, сатылды, жасалды, ілінді, салынды.

Ой толғау

5 минут

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындату.

Бүгінгі тақырыпқа байланысты тест тапсырмасын орындайды.

1 минут

Үйге тапсырма беру

243-жаттығуды орындайды. Өзгелік етіс жұрнағын көрсетіп көшіреді. Мысалы: жақсы сөз – сүйін - дір - ер...

248-жаттығуды орындйды. Берілген сөздерге ырықсмыз етіс жұрнақтарын жалғап сөйлем құрау. Мысалы: Қалады биік үйлер салынды.

1 минут

Кері байланыс орнату

Стикерге аттарын жазып, ілінген жаймадағы ағаштың суретіне тақырыпты меңгеру деңгейлеріне байланысты жапсырады. Мысалы: «Мен тақырыпта өте жақсы меңгердім», «Мен тақырыпты жақсы меңгердім», «Мен тақырыпты аса жақсы меңгермедім»

: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет