Сабақ жоспары Тақырыбы: Ақыл жастан, асыл тастан



жүктеу 22.91 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі22.91 Kb.
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Тақырыбы: Ақыл - жастан, асыл - тастан.

Мерзімі: 7 ақпан 2014жыл

Сынып - 3«А»

Мұғалім: Ж. Асанова

Құндылық – «Даналық» Қасиеттер – ақыл, ақылдылық

Мақсаты: Оқушылардың «даналық» құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеті:

-ақылдың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

-ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

-бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелелеу.



Көрнекі құралдар: үнтаспа, суреттер, мақалдар жазылған плакат, слайд

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

-Сәлемдесу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Ертегілер елінде» әнін тыңдау.(2-слайд)




  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өнерлі бала сүйкімді тақырыбына дайындап келген өз өнерлері туралы әңгімелету, көрме ұйымдастыру. (3-слайд)



  1. Әңгімелесу

Ертегілер еліне саяхатқа шақыру (4-слайд), бейнебаян көрсетіледі.
«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңызын таспадан тыңдату. (5-слайд)
Оқушылардың аңыз мазмұны бойынша пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойылады. (6-слайд)



  1. Сахналау

Ертегі «Бақыт, байлық, ақыл»

Рөлдерде: Автор – Дана,

Байлық – Бекзат, Бақыт – Мирас, Ақыл – Аяна

(7-слайд)


Мультфильм көру «Даналық пен байлық» Мультфильмді талдау.


  1. Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл»

Жүсіп Баласағұн (8-слайд)




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1)Мақалдарды толықтырып оқу (9-слайд)


2) Дәптермен жұмыс – Ақылды баланың бойында болатын қасиеттерді топтастырып жазу. (10-слайд)
4)Ойын-жаттығу «Мен ақылды баламын, өйткені...» (11-слайд)
3) Тілек кітапшасын сыйға тарту.Есімін, тілегін, тілек білдірушінің атын жазып сыйлайды. (12-слайд)



  1. Үй тапсырмасы

Дәптердегі тапсырма мақалдардың жалғасын табу. (13-слайд)

  1. Қорытынды

Ақылды адам терең ойланып, дұрыс шешім қабылдай біледі.Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет. (14-слайд)

Осы пәннің бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева туралы қысқаша тоқталып өту.Қайырымдылық қоры жайлы айту.Балаларға қамқор болар аналар , әкелер көп болсын! -деп келесі кезекте ән айтайық.



  1. Соңғы тыныштық сәті

«Бала тілегі» әнін орындау .(16-слайд)
: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім Сабақтың мақсаты
book-catalog -> The theme: Englishmen or Scots? Intellectual game “Brain-ring” Cабақтың мақсаты мен міндеті
book-catalog -> Сабақ тақырыбы : Суды қадірлейік (орыс тілінде білім алатын 8 сынып оқушылары үшін)
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау Жалпы мақсаттар
book-catalog -> Бала құқығы туралы Конвенциясы
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: «Құстар» тақырыбын қайталау Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Қадірлі ұстаздар! Біз сіздерді келіп жеткен
book-catalog -> Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі зейнелова Қ. Т. Астана қаласы,




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет