Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады. Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



жүктеу 0.98 Mb.
бет1/7
Дата29.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін» Филология факультетінің деканы

__________ Ж.Ж.Шайекенов

«__»__________ 2010 ж.

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» және 050205 «Филология» мамандықтары бойынша кедиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



«Балалар әдебиеті»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 2, 3
Семестр – 4, 6

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

ОЖСӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – 4, 6-шы семестрде

Барлығы – 90 сағат


Орал 2010 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 2007 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті дайындаған Жоғарғы оқу орындарға арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.
Құрастырушы: оқытушы Мусина Жансая Ғалымжанқызы

Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«___» _______________ 2010 ж. № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ А.Ы.Мамыров

Филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

«____ »______________ 2010ж. № ___ хаттама
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы Г.Ж.Каримова

1.Пәннің типтік оқу бағдарламасы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде 2007 ж. бекітілген.

Бағдарлама туралы мәліметті №1 оқу ғимаратындағы 216-кабинеттегі ғылыми кітапхана бөлімінен алуға болады.


2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Оқытушы: Мусина Ж.Ғ

Пән: Қазақ балалар әдебиеті

Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)


Сабақтар


Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты1

(дәріс 1)



50 мин

ОЖСӨЖ

1 сағат


50 мин

СӨЖ

1 сағат


50+50 мин

Байланыс сағаты 1 (практикалық сабақ 1)

50 мин

ОЖСӨЖ

1 сағат


50 мин

СӨЖ

1 сағат


50+50 мин





















Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит

саны


Дәріс

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлы

ғы


Бақылау түрі

2

4

2

15

15

30

30

90

емтихан

3

6

2

15

15

30

30

90

емтихан


Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой - өрісін, сана – сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім – тәрбие беруге бағытталатындығы – осы пәннің айырықша ерекшелігі. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп - өркендеу жолы бұрынғы – соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен дамуына байланысты қарастырылады.

Әдебиет пәнін оқыту, соның негізінде балаларға жан – жақты тәрбие беру – болашақ мұғалімдердің алдына балаларға арналған фольклор түрлерін, жазба әдебиет үлгілерін терең меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білу мақсатын қояды.

Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.

Балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру, балалар әдебиетінің аударулы мәселесі, басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беруде басты бағыттың бірі.

Балалар әдебиетіпәнінің мазмұнын “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының студенттеріне меңгертуде, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен аолған білімдеріне сүйене отырып, солардың өзара байланысын ашып көрсетудің қажеттілігі бар.

Әр кезеңдегі балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларын тақырыптық – мазмұндық, көркемдік – эстетикалық тұрғысынан қарастыруда, олардың халқымыздың рухани мұраларымен әлем әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік жақтарын ашып жеткізуге баса назар аударған жөн.
Курс мақсаты:

Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.



Курс міндеті:

Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешуде мына міндеттерді айқындау көзделеді:



  • Балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру

  • балалар әдебиетінің аударулы мәселесі

  • басқа халықтар әдебиетімен байланысы жөнінде мағлұмат беру

  • балалар арналған шығармаларды оқыту, тал дату

Курс соңында студент әр кезеңдегі балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларын тақырыптық – мазмұндық, көркемдік – эстетикалық тұрғысынан жан-жақты талдай білуі қажет. Халқымыздың балаларға арналған рухани мұраларымен әлем балалар әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік жақтарын айыра білуі тиіс.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіліп , білім - білік , таным дағдылары , түсініктері бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау, бағалау өзін-өзі бағалау критерилері негізінде жүзеге асады.Сабақ барысында оқу-жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары кеңінен қолданылып , баяндау, сұрақ-жауап, талқылау т.б әдістері арқылы жүргізіледі.



Пререквизиттер:

Постреквизиттер:
Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Сабақ мазмұны мен кестесі

1-апта

Кредит 1

Дәріс тақырыбы: Балалар әдебиеті пәні туралы.

Дәріс мазмұны: 1. Балалар әдебиеті туралы түсінік.

2. Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой-пікірлері.

3. Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері .

Әдебиеттер.

1. Қазақ балалар әдебиеті.А-1974ж.

2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.А-1965

3. «Ақ сандық, көк сандық».А-1988ж.

4.Сөзстан-1983 Алматы-1983

5.Қазақ әдебиетінің тарихы оң томдық.-А,2005



ОЖСӨЖ мазмұны: Балалар әдебиеті жөнінде көрнекті ғалым, ақын-жазушы, қоғам қайраткерлерінің, ұлы адамдардың ой-пікірлерін конспектілеу.

СӨЖ мазмұны: балалар әдебиетінің қазіргі жай-күйі туралы хабарлама дайындау /2005-2010 жж. баспасөз материалдары негізінде/.

Әдебиеттер.

1. Қазақ балалар әдебиеті.-А,1974ж.

2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965.

3. «Ақ сандық, көк сандық».-А,1988ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. –А,1980 ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.)

6.Сөзстан-1983 Алматы-1983

7.Қазақ әдебиетінің тарихы оң томдық.-А,2005


Кредит 2

Практикалық сабақ тақырыбы: Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері.

Практикалық сабақ мазмұны: Балалар әдебиеті туралы ой-пікірлер

Балалар әдебиетінің алты өзіндік ерекшелігі

Балалар әдебиетінің ересектер әдебиетінен айырмашылығы туралы пікірлер.

Әдебиеттер:

1. Б.Ыбырайымов. Ой мен сөз. Мақалалар жинағы.-А,1985ж.

2. М. Әлімбаев. Өрнекті сөз ортақ қазына.-А,1967ж.

3. Қазақ балалар әдебиеті.-А,1974ж.

4.Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965

5.Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.)

6.Сөзстан-1983 Алматы-1983

7.Қазақ әдебиетінің тарихы оң томдық.-А,2005


ОЖСӨЖ мазмұны: Балалар тәрбиесі жөніндегі халық даналығы, мақал-мәтелдер жинақтап конспектілеу, талдау.

СӨЖ мазмұны: Бұрынғы жұмбақтар мен қазіргі жұмбақтардың айырмашылықтары, қазіргі жұмбақтарды жазып келу, олардың танымдық мәнін түсіндіру. Өз ойларынан жұмбақтар құрастыру.

Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1976ж.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы. 1976.

3. Нұрұшев С.Н. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихынан.

4. Қазақтың мақал-мәтелдері. 2002ж.

5. Қазақтың халық жұмбақтары. – А., 1959.

6. Жеті жүз жұмбақ. – А., 1987.
2-апта

Кредит 1

Дәріс тақырыбы: Балалар фольклоры.

Дәріс мазмұны: 1. Бөбектерге арналған өлеңдер.

2. Өтірік өлеңдердің бала ойын дамытуда алатын ролі.

3. Балалар жыры.

4. Төрт түлік жырлары.

5. Жаңылтпаштар,жұмбақтар.

6. Ойын өлеңдер.

7. Ертегілер, аңыздар, әңгімелер, мысалдар.

Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1976ж.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы. 1976.

3. Нұрұшев С.Н. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихынан.

4. Қазақтың мақал-мәтелдері. 2002ж.

5. Қазақтың халық жұмбақтары. – А., 1959.

6. Жеті жүз жұмбақ. – А., 1987.

7. «Ақ сандық, көк сандық».А-1988ж.

8.Сөзстан-1983 Алматы-1983

9. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965



ОЖСӨЖ мазмұны: Өзге ұлт балалар ақын-жазушыларының балалар әдебиеті жөніндегі ой-пікірлері

СӨЖ мазмұны: «Мен Тазша бала» тақырыбында шығармашылық жұмыс.

Әдебиеттер:

1. Асыл сөз. 1987ж.

2. Тілашар. 1989ж.

3. Садырбаев. Қазақ халқының ауыз әдебиеті (хрестоматия). 1977ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1976ж.

5.Сөзстан-1983 Алматы-1983



Кредит 2

Практикалық сабақ тақырыбы: Балалар фольклоры

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Балалар жыры

2. Ойын өлеңдері мен ойындар

3. Ертегілер, әңгімелер, мысалдар

4. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өзіндік иерекшеліктері.



Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)


ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ халқының шешендік өнері.

СӨЖ мазмұны: Әлем әдебиетіндегі балаларға арналған аңыз әңгімелер мен мифтер, жалпы шолу (реферат)

Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)


3-апта

Кредит 1

Дәріс тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.

Дәріс мазмұны: 1. XIX ғасырдың бірінші, екінші жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

2. М.Өтемісовтің патриоттық өлеңдері.

3. Абай және балалар әдебиеті.

Әдебиеттер:

1. Сөзстан 83ж.Құр: Қ.Ергөбеков.-А,1983

2. Махамбет. Жыр-жебе. А: Дайл пресс, 2003ж.

3. Махамбет. Менің атым – Махамбет. А: Жалын, 2003ж.

4. Махамбет. Жалған дүние. Астана, 2003ж.

5. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

6. Ахметов.Ш Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965

7.Ахметов.З Абайдың ақындық әлемі.-А,1997



ОЖСӨЖ мазмұны: Ақын-жыраулар поэзиясындағы балалар тәрбиесі. Өсиет, ғибрат өлең-жырларды жинақтап талдау.

СӨЖ мазмұны: Батырлар жырының тәрбиелік мәні (шығарма жазу).

Әдебиеттер:

1.Батырлар жыры бес томдық.-А;1992.

2.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясынын бейнелілігі.-А,2003

3.Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)



Кредит 2

Практикалық сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Абай және балалар әдебиеті

2. Махамбет өлеңдерінің патриоттық тәрбие беру ролі



Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

2. .Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)

6.Ахметов.З Абайдың ақындық әлемі.-А,1997

7.Махамбет. Жыр-жебе. А: Дайл пресс, 2003ж



ОЖСӨЖ мазмұны: ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармаларындағы бала тәрбиесі мәселелері.

СӨЖ мазмұны: Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздарға сипаттама (реферат).

Әдебиеттер:

  1. Ертегілер 4 томдық, 1988.

2. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

3. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

4. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

5. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

6. Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж. аралығындағы нөмірлер)

7. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр-аңыздар». А.1987



4-апта

Кредит 1

Дәріс тақырыбы: Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы

Дәріс мазмұны: 1. Ы.Алтынсариннің балаларға арналған өлең-жырлары

2. Ы.Алтынсариннің әңгіме-новеллаларының ерекшеліктері

3. «Қазақ хрестоматиясының» маңызы

Әдебиеттер:

1. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.Алматы,1988ж

2. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

4. Ы.Алтынсарин тағлымы. Алматы, 1991ж

5. Сөзстан 83ж.Құр: Қ.Ергөбеков.-А,1983

6.Қазақ әдебиетінің тарихы он томдық..-А,2005

ОЖСӨЖ мазмұны: Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының құрылысын талдау.

СӨЖ мазмұны: Ш.Уәлихановтың балалар әдебиеті жөнінде айтқан құнды пікірлерін конспектілеу.

Әдебиеттер:

1. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.А., 1988

2. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

4. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

5. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. А. 1988 ж.
Кредит 2

Практикалық сабақ тақырыбы: Ыбырай, Абай көрсеткен дана жол.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Ы.Алтынсариннің балаларға арнаған өлеңдерін жатқа айту.

2. Абайдың оқуға, білімге шақырған өлеңдерін жатқа айту.



Әдебиеттер:

1..Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.А., 1988

2. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

4. «1 Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

5. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

6. Абай. Өлеңдер мен аудармалар. 1-том, 2002 ж.

7. Абай. Аудармалар мен қара сөздер. 2-том, 1986 ж.

8. Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ. Өлеңдер жинағы.1990 ж.
ОЖСӨЖ мазмұны: Абай қара сөздері, афоризмдері, аудармаларының мән-маңызы.

СӨЖ мазмұны: Қазақ балалар әдебиетін дамытудағы Абай шығармаларының маңызы.

Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж.)


5-апта

Кредит 1

Дәріс тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті.

Дәріс мазмұны: 1. XX ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

2. Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығы.



Әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

3. Құдайбердіұлы Ш. шығармалары, А., 1989

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)

6. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1984
ОЖСӨЖ мазмұны: М.Дулатов шығармашылығы. Тұңғыш романшы. Өлең-жырлар мен әңгімелерінің маңызы.

СӨЖ мазмұны: А.Байтұрсынов – мысалшы. «Маса», «Қырық мысал» жинақтарына талдау.

Әдебиеттер:

1.Дулатов М. «Оян, қазақ!» А., 2003

2.Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)

3.Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1984

4.Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.-А,1989

5.Байтұрсынов А.Шығармалары,-А;1989

6.Байтұрсынов А.Ақ жол,-А,1991
Кредит 2

Практикалық сабақ тақырыбы: ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті

Практикалық сабақ мазмұны: Шәкәрім және балалар әдебиеті. А.Байтұрсынов және балалар әдебиеті. М.Жұмабаев және Ж.Аймауытовтың балалар әдебиетіне қосқан үлестері

Әдебиеттер:

Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдері мен поэмалары. А., 1990

Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. А.,1990

Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. А., 1990.

Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.-А,1989

Байтұрсынов А.Шығармалары,-А;1989

Байтұрсынов А.Ақ жол,-А,1991

Жұмабаев М. Шығармалары.-А,1989

Аймаутов Ж. Шығармалары.-А,1989

Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары.-Астана,2004


ОЖСӨЖ мазмұны: Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы мен М.Жұмабаевтың «Жүсіпхан», «Өтірік ертек» поэмаларын мазмұндап талдау.

СӨЖ мазмұны: М.Жұмабаевтың «Пидагогика» еңбегінің бала тәрбиелеудегі рөлі туралы баяндама-реферат.

Әдебиеттер:

1.Жұмабаев М. Пидагогика, 1993

2.Жұмабаев М шығармалары. А., 1989

3.Аймауытов Ж. Шығармалары. А., 1989

4.Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.-А,1989

5Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).


6-апта

Кредит 1

Дәріс тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократ ақын-жазушылар және балалар әдебиетінің дамуы.

Дәріс мазмұны: Балаларға арналған шығармалар мен оқу құралдарының шыға бастауы, өкілдері. С.Торайғыровтың оқу-білімге шақырған шығармаларының маңызы. С.Дөнентаев мысалдарының мән-мазмұны. С.Көбеев хрестоматиялары.

Әдебиеттер:

1.Қазақ балалар әдебиеті.-А, 1974 ж.

2.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965

3.Көбеев С. Орындалған арман.- А, 1988 ж.

4.Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. 2 томдық. А: 1987.

5.Еспенбетов А. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт. А: 2008 ж.

6.Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).
ОЖСӨЖ мазмұны: С.Көбеевтің ағартушылық жолы, балаларға арналған шығармалары. «Үлгілі бала» хрестоматиясы.

СӨЖ мазмұны: Тайыр Жомартбаевтың балаларға арналған өлең-жырлары;

«Қыз Көрелік» романы мазмұныны талдап жазу (реферат).



Әдебиеттер:

  1. Қазақ балалар әдибиеті.-А, 1974 ж.

  2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А,1965

  3. Көбеев С. «Орындалмаған арман». А. 1988 ж.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. –А,1980 ж.

  5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).

  6. Жомартбаев Т. «Қыз Көрелік» А. 1986 ж.

  7. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия 1983 ж.


Кредит 2

Практикалық сабақ тақырыбы: С.Торайғыров шығармашылығы.

Практикалық сабақ мазмұны: С.Торайғыров оқу-білімге шығарған өлең-жырлларының мән-маңызы. С.Торайғыровтың поэмаларының танымдық мәні. С.Торайғыров романдарының тәлімі.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ балалар әдебиеті.-,А, 1974 ж.

  2. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А: 1986 ж.

  3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.-А, 1974 ж.

  4. Торайғыров С. 2 томдық шығармалар жинағы. А: 1990 ж.

  5. Еспенбетов А. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт. А: 2008 ж.

  6. Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).


: dmdocuments
dmdocuments -> 2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
dmdocuments -> «Бекітемін» Педагогикалық институтының директоры Ботагариев Т. А
dmdocuments -> Педагогика факультетінің деканы
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> Педагогика факультетінің деканы
dmdocuments -> Педагогикалық факультет
dmdocuments -> Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат
dmdocuments -> Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


  1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет