Сабақ Күні: Сынып: 3 Пән: дүниетану Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы Сабақтың мақсаты



жүктеу 26.32 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі26.32 Kb.
түріСабақ
41– сабақ

Күні:

Сынып: 3

Пән: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Сабақтың мақсаты:
Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру.Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға қызығушылығын арттыру. Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға үйрету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау,
әңгімелеу, талдау, көрнекілік, сто
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: «Өмір айналысы» сызбасы, тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, жануарлар мен өсімдіктердің суреттері, интерактивті тақта Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: А3 плакаты, желім, түрлі түсті фломастерлер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!
Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа материалды меңгерту.
1. Қызығушылықты ояту
«Орманның адам өміріндегі рөлі» тақырыбындағы әңгімеден басталады. Әрі қарай балалар Ғабдолла Тоқайдың «Бала мен көбелек» атты өлеңін сахналайды.
Жүзеге асыру.
1. Балалар жануарлар туралы материалдарды еске түсіреді, соған қатысты әр топ басшысы карточкадағы сұрақтарды таңдайды.
- Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
- Етпен қоректенетін немесе жыртқыштар
- Өсімдіктермен де, аңдармен де қоректенетін жануарлар.
- Жәндіктермен қоректенетін жануарлар.
2. Тірі табиғат өкілдерінің тіршілік айналысында маңызды рөл атқаратынын әңгімелеп беріледі; топырақтың осы тіршілік тізбегіндегі атқаратын рөлін, егер топырақ жойылса, осы шеңбердің де құрып кететіні туралы айтылады.
2. Мағынаны тану.
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ал топырақтан су, түрлі тұз және басқа қоректік заттар сіңіреді. Алынған қоректік заттардан күн сәулесінің әсерімен жапырақта қант мен крахмал түзіледі. Олар өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды. Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді. Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі. Олар топырақта қарашірікке айналады, микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады. Минералдық тұздармен қайтадан өсімдіктер қоректенеді. Тізбек тұйықталды. Осылайша табиғаттағы зат айналымы жүреді.
Шірінді
Микроорганизмдердің ықпалы
Тұздар
Өсімдіктер қорегі
Жануарлар қорегі
Өсімдіктер, жануарлар өледі
Топыраққа түседі.
Міне, табиғаттағы заттар осылайша шеңбер бойымен тіршілік етеді.
Қыран тобы: «Өсімдіктер жойылса»
Сұңқар тобы: «Жануарлар құрып кетсе»
Барыс тобы: «Топырақ жойылса»
Бұл сұрақтарды алдымен топ ішінде талқылап, содан соң дауыстап айтылады.
V. Бекіту. Ой - толғаныс
Тапсырма. Үлгі бойынша қорек тізбегін құрастыру:
Астық - тышқан - түлкі
Шөп - киік - қасқыр
Гүлдер – жәндіктер - құстар
Жапырақ - шірінді - құмырсқалар
Сұрақ: Неліктен қорек тізбегін бұзуға болмайды?
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру
- Оқулықтағы мәтінді оқу
- Сұрақтар мен жауаптар
- Табиғаттағы зат айналымы суретін салу
VIII. Бағалау
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет