Сабақ Күні: Тақырыбы: Наурыз көже дайындау



жүктеу 93.43 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі93.43 Kb.

Пән: Технология 8 сынып.

Сарамандық жұмыс 4-сабақ



Күні:

Тақырыбы:

Наурыз көже дайындау..

Мақсаты:

-таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясыментаныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.

– күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту.

– бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

-Еттен көже дайындауды үйренеді

-Ұлттық тағам наурыз көже дайындау әдісін меңгереді



Керекті жабдықтар:

Оқулық, нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері, маркер, сурет альбомы, түрлі-түсті бояулар



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Шынжыр» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

3 минут. Оқушыларды топқа бөлу. Үй тапсырмасы: «Кестені толтыру» әдісімен тексеремін.

а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?сұрақтар

б) дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді ?

в) ет қанша уақытта піседі?

г) 1 кг етті құырса қанша грамм болады?

1-топ: «А», 2-топ: «В», 3-топ: (С)

Топтағы оқушыларға бағалау парағы беріледі.




Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.

Мұғалімнің әрекетін кезекпен- кезек қайталау арқылы бірлескен жаттығу әрекетін жасайды.


Тұсаукесер

Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.

Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.

Көбіне көжелерге қолдан жасалған кеспелерді қосады. Барлық көжелерге аскөк сеуіп безендіреді. Ол көжененің дәмін жақсартады.

Көжелердің дайындау тәсіліне қарай келесі топ болып бөлінеді – қоспа көже, езбе көже, мөлдір көже, сүт көже, салқын көже, ерекше топ – тәтті көже.

Температурасына қарай көжелерді ыстық күйінде (70-80С ), және салқын күйінде (10-14 С) ұсынады.

Ыстық көженің тобына езбе көже кіреді (55-60С) ұсынады.

Сорпа дайындау технологиясы

- азық-түлікті салқын суға салады;

- қайнату уақытын қадағалау;

- қайнау барысында еттің көбігін алып отыру;

- бір қалыпты қайнауын қадағалау;

- дайын болуға 20-30 минут калған кезде дәмдеуш заттарды қосу;

- дәміне қарай тұз салып, дайын сорпаны сүзеді.

http://im5-tub-kz.yandex.net/i?id=392145283-07-72&n=21 гороһ 014.жпг

Еттен бес бармақ және көже дайындау



Топтастыру әдісін жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Сорпа дайындау технологиясын дәптерге жазады


Негізгі бөлім

Бағалау


Зетханалық жұмыс № 24 62-бет

Етпен кеспе дайындау.



Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.

Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.

Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.

Жұмыс барысы

1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.

2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.

3. Сорпаны отқа қояды.

4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.

5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.

6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.

7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

Формативті бағалау әдісі: Смайликпен бағалау


Зетханалық жұмыс № 24 62-бет

Тақырыбы: Етпен кеспе дайындау.

Зертханалық жұмысты орындайды

Оқушылар өз-өздерін смайлик арқылы бағалайды.

Менің көңіл күйім керемет

Маған қиын болды

Маған түсінікті болды



Қорытынды

1.Шала өнімдер дегеніміз не?
2.Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.
3.Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?



Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.Сұрақтарға жауап береді.



Үйге тапсырма


дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.

«Ыдысын көріп, асын іш» Қазақ мәтелі эссе жазу



Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Рефлексия. (Чемодан,жәшік,

ет тартқыш)




Пән: Технология 8 сынып.

Сарамандық жұмыс 5-сабақ



Күні:

Тақырыбы:

Қамырдан жасалған өнімдер.



Мақсаты:

- Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.

- Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

- Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Күтілетін нәтиже:

Тағамдардың құрамымен,адам ағзасына пайдалы азық-түлік түрлерімен танысып, өмірде пайдалана алады.

Керекті жабдықтар:

Оқулық, нұсқаулық, азық-түліктердің фотосуреттері



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Джигсо.» әдісі.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды еске түсіреді: «жуан», «жіңішке» сұрақтар

3 минут. Оқушыларды топқа бөлу.

Сұрақтар:

1.Шала өнімдер дегеніміз не?


2.Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.
3.Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.


Тұсаукесер

Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант — ұнтақ құмшекер үнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа — сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимон немесе апельсин қабығының үгіндісі, мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әр түрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.\

Ұннан жасалатын кондитер тағамдары








Топтастыру әдісін жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді.

(витамин,қант, жұмыртқа, ақуыз, ашытқы,қамыр)

Тамақтану гигиенасы жайлы түсіндіреді

Қажетті сөздерді дәптерге жазады

Кесте арқылы азық –түліктерден болжалды мәзір дайындап кесте толтырады.

Топта кондитер тағамдарына мәзір дайындау



Негізгі бөлім

Сарамандық жұмыс №26 69- бет

Картоп салынған пирожки



Сарамандық жұмысты орындайды

Қорытынды

Бағалау


Әр оқушы өз жүмыстарын кестеге қарап орындайды

Кесте толтырады.

Тақырыптағы ерекшеліктерді суреттейді.

Сұрақтар:

Денсаулықтың маңызды факторы деп нені айтамыз?

Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру үшін нені білу керек?

Макроэлементтер мен микроэлементтер дегеніміз не?

Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

Минералды заттар тамақтануда қандай рөл атқарады?

Басқаша қалай жасауға болар еді? 7мин

«Геометриялық текшелер » арқылы бағалайды


Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.

Сұрақтарға жауап жазады



Үйге тапсырма

Рефлексия



21 тақырып. Қамырдан жасалған өнімдер 67 бет , түсініп оқып келу.

Қызыл түс-мен түсінбедім

Жасыл түс-бәрін түсіндім

Сары түс-көмек керек.



Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Бесбаева Гулсайра Кенжебайқызы

БҚО .Жаңақала ауылы. Жаңақала мектеп-гимназиясы.

Сызу, бейнелеу өнері және технология пәнінің жоғары санатты,



бірінші деңгейде сертификатталған мұғалімі


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет