Сабақ мақсаты: Тәрбиелік



жүктеу 63.62 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі63.62 Kb.
түріСабақ
Сынып: 6
Мерзімі: 26.01.09.
Тақырыбы: «Тіл тағдыры - ел тағдыры»
Сабақ мақсаты:

Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір- қасиетін өлең сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін мәліметтерге сүйеніп пікір таластыру, өз ойын қорғай білуге, тілге деген сүйіспеншілігін, тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау, тез шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту. Адамзат баласының ана тілін білуі – борышы, парызы. Өз тілін дамыту.
Сабақ түрі: Пікір-талас
Әдісі: Пікір алмасу, топтық, жекелей сайыс.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.

  2. Кіріспе сөз

  3. Оқушылардың тілге байланысты ой толғауы.

  4. Пікір-таласқа екі топ қатысады.

1-топ: «Тіл өз дәрежесінде дамуда»

2-топ. «Тіл өз деңгейінде дамымай жатыр» деген көзқарастарды қорғайды.


Қорытынды: Бүгінгі «Тіл тағдыры –ел тағдыры» атты пікір таласымызды қорытындылай келе жақтаушы топтың мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қаншалықты дейгейде дамып келе жатқанын, қоғамдағы орнын, көптеген қазақша мектептердің көптеп ашылып жатқанын және бүкіл іс-қағаздарының, құжаттардың 2007 жылдан бастап толық қазақ тіліне аударылатынын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тіл тарихына шолу» атты кітабындағы тіліміз өз орнымен дамып келе жатқанын айтып, дәлелдеп кетті.

Тіл тағдыры болашақ жастардың қолында, біз жастарға сенеміз! Тіл мәртебесін биіктетейік, халайық! Тіл тағдыры – ел тағдыры.

Осы пікір таласты Қожаберген жыраудың «Баба тілі» атты өлеңімен қорытындылаймыз: Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме!

Миды оят, жамиғат,

Қазақша алтын, жезіңді.

Қазақша жазбай жүргенді,

Түзет құрып, тізеңді.

Хат жазылсын өзара,

Жетілдір қазақ сөзіңді.

Жат алдыңда ез болмай,

Берік ұста өзіңді!



Кіріспе сөз
Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне баса назар аударып, туған ана тілімізді сүйіп, оны құрметтеуіміз қажет.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің территориялық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С. Торайғыров ағамыз айтқандай енді тіл құдіретін жырлауға ақын-жазушылардың өз ой толғауларын ортаға салуға оқушыларымызға сөз берейік.

1-оқушы сөзі: Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Ана тілі – біздің өмір бойы өзгелерменұығынысатын негізгі қатынас құралы. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Тіл. Оның ішінде қазақ тілі халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.

Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады.


2-оқушы сөзі: О, туған тіл! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде, қыран құстың жанары да сенде, шымыр ұланның талабы да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде.

Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз. Ана тілін жетік білу үшін халық ауыз әдебиетін тыңдап, ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқуымыз керек. Сонда ғана адам өз тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің нағыз азаматы болмақ.



Пікір-таластың өзекті мәселесі: «Бүгінгі таңдағы ана тілінің жағдайы».

Пікір-таласына түсетін жақтаушы және даттаушы топтар шақырылады.


Мұғалім сөзі: Біздің бүгінгі пікір-талас сайысымыздың тақырыбы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген көпті толғандырған ауқымды тақырып.
Жақтаушы топтың пікірі: Адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді. Тілсіз адамның болашағы жоқ. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері талай сыннан өтті, сол сыедарлы жылдарда ел іргесін ұстаған осы тіліміз.

Мемлекетімізде ана тіліміз, туған тіліміздің мемлекеттік дәрежеде екендігін елбасымыздың мына сөздерінен айқын байқауға болады: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас». Бұл сөздермен елбасымыз қазақ халқына деген сый-құрмет оның тіліне деген құрметпен байқалуыкерек деп айқын айтып тұр. Бұл еліміздегі әрбір азамыттың тілге деген көзқарасын түзеуге мемлекеттік бағдарлама аясында республика көлемінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауылмен елді мекен мәдениет мекемелерінің атауы қазақ тіліндегі атауға алмастырылды. Облыста тілді оқыту орталығы ашылып, онда курсты аяқтаған қызметкерлер сертификаттарын алуда.

Ана тіліміздің даму дәрежесі өз деңгейінде екендігін дәлелдейтін маңызды сала – мәдениет саласы болып табылады. Мәдениет ошағы болып теледидар саналатыны әркімге мәлім. Себебі, түрлі бағдарламалар, ел тынысы жайлы, әлем келбеті туралы ақпараттарды теледидардан аламыз. Теледидарды көрмейтін адам жоқ. Сондықтан ол адамның мәдениетіне, жүріс-тұрысына әсер етпей қоймайды. Ең бастысы – оның тілге тигізер әсері зор. Осыған орай қазір мемлекеттік телеарналарда қазақ тіліндегі бағдарламалар, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын паш ететін бағдарламалар көбеюде. Бұл ұлттық сананың оянып, тіліміздің қолдану аясының кеңеюіне үлес қосуда.

Сонымен Елбасы тіліміздің қолданысы мен дамуының бағдарламасын жасап, «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» қабылдады. 2006 жылы 14 желтоқсанда Елбасымыз басқа ұлт азаматтарының қазақ тілінде сөйлеп, қызмет көрсетіп жатқандарын тыңдап ризашылығын білдірді, қосымша ақы төленетіндігін айтты. Жаппай қазақшаландыру жасап, басқа ұлтқа қиянат жасауға болмайтындығын қоса айтып өтті.


Даттаушы топтың пікірі: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі деп көрсетілген Ата Заңымыздың 7 бабының 1 тармағынан бастау алады.

Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақтай бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрыңғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес. Өткен тарихты еске алсақ. Әрідегі отарлық кездің итқорлығын былай қойғанда, кеңес тұсындағы жетпісінші жылдарда қандай еді? Ана тіліміз анық кемсіту жағдайында емес пе еді? Өз жерімізде, одақтас республиканың өз топырағында отырып, бір де бір ресми шара үстінде қазақша сөйлей алмайтынбыз. Өзге ұлттардың өкілдері отырған жерде қазақша сөйлеуге қаймығатынбыз. Ол былай тұрсын қалалы жерлерде қазақ мектептердің жоқтығын айтпағанның өзінде, таза қазақ ауылдарындағы байырғы мектептер де жабылып, жас балаларды бірыңғай орысшаға оқуға көшкен сол жылдардың сорақылығын қалай ұмытамыз? Қазақ тілінің тамырына балта шапқан нақ сол күндер еді ғой. Қазір қалада да, ауылда да өзара өзге тілде сөйлеп жүрген жастар – сол жылдардың түлегі. Соның арқасында шөлейттегі қазақ емес, ең шұрайлы өлкеде, қалаларда қоныстанған орыстар Қазақстанда жетекші ұлтқа айналды.

Теледидарды алатын болсақ, бағдарламары қазақ тілінде өтіп, кейбір дауларды ортаға салып, «Біз қазақ тілінде өтіп жатырмыз» дегендей болып 15 минуттан кейін хабарды соңына жеткізеді. Ал жалпы қазақ тілінде өту арналарда өте сирек беріледі.

Бүгінгі күнде орыс тіл білімінің жетістіктері басшылыққа алынып, олар көп жағдайда қазақ тіл біліміне күштеп таңылып жатады немесе қазақ тіл білімі соған келтіріледі.

Өз ойын теледидардан, ресми кездесулерде қазақша білдіре алмайтын басшылар өздерінің күнделікті жұмыс орындарында қазақша сөйлеп, соны өз қызметкерлерінен талап етеді дегенге кім сенеді? Әлде, тіл білмегендіктен қазақтардың ортасына шығып, жағдайың қалай қазағым деп көрмеген министрлеріміз жоқ па?

Қазақстанда тіл білмейтіндер әлі төрімізде отыр. «Мемлекеттік тіл» десе төбе шаштары тік тұрады, тіпті «ұлтжандымық мәселесін көтеріп отырсың» деп бәле салады.



«Ұлттық тіл тағдырының шешімі табылмаса, өктем ұлттың тілі қашанда жұтып қоюға әзір тұрады» деп біліп, тіл мәселесіне үстірт қарамайық, қазақ тілінің өз деңгейінен жоғарлауын қарастырып шешімін табайық.
: Tarbie
Tarbie -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
Tarbie -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
Tarbie -> Р., Асенова А. О. Жасөспірімдермен мұражайға саяхат
Tarbie -> Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы таңырқа!»
Tarbie -> І-оқушы. Ақын 1935 ж. 5-қантар Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан шыққан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі. Іі-оқушы
Tarbie -> Сабақ жоспары (Қазақстан тарихы, Қоғамдық б/н, Құқықтану, Дебат сабақ)
Tarbie -> Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты
Tarbie -> Сабақ «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс»
Tarbie -> Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет