Сабақ ретінде берілген «Ертегілер әлемі»



жүктеу 85.39 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі85.39 Kb.
түріСабақ
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі КММ

Ертегілер әлемі

2 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Бижанова Бибигуль Салимовна


2014-2015 оқу жылы.
Түсінік хат
Бастауыш сыныбында қосымша сабақ ретінде берілген «Ертегілер әлемі» факультатив сабағы алынды.Бұл қосымша сабақ аптасына бір рет өткізіледі.Оқу жылында барлығы 34 сағат өткізілуге жүктелген.Қазақ ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері, күлдіргі, қожанасыр, хайуанаттар туралы ертегілер жинағы кіргізілді.Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытатын, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқыған сайын сөз өнерінің құдіретін түсінеміз.Ақын-жазушылар жазған шығармалар да, өздерін сүйіп оқитын халық шығармалары ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдер, асыл сөздер.Ертегілерді көп тыңдап, көп оқыса білімдері толығып көркем сөйлеуге талпынады.

Ертегі идеясын оқушыға дұрыс меңгерту үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

- ертегіні ауызша баяндау;

- ертегіні рөлге бөліп оқыту;

- ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру;

- ертегі мазмұнына сай сұрақтар беру;

- ертегі мазмұны бойынша ой қорыту;

- ертегі мазмұны бойынша сюжеттік сурет салу;

- ертегіні сахналау.

Қорыта айта келгенде ертегіні оқыту кезінде балалардың алған әсерлерін байқау мақсатында әңгімелесу әдісін пайдаланып, балалардың ертегі мазмұны бойынша оқиғалардың себептерін ашуға жағдай тудыру.



Базалық мазмұны
Не білу керек? Не біледі?

Ауыз әдебиеті үлгілері:

Ауызша және жазбаша тіл дамыту,қайталау сабақтарына арналған тапсырмалар. Ертегілер:хайуанаттар жайындағы,қиял-ғажайып оқиғалы, шыншыл ертегілер,аңыз-әңгімелер,мысалдар,күлдіргі әңгімелер.

Қазақ ертегілері туралы түсінік 12 сағат

Түлкі мен жолбарыс(1 сағат), Кім күшті(1 сағат),Қотыр торғай

(1 сағат),Арыстан мен түлкі (1 сағат), Ешкі мен қасқыр (1 сағат),Түлкі мен қырғауыл (1 сағат),Түлкі мен тырна (1 сағат), Жамандық неден болады?

(1 сағат),Түлкі мен тауық(1сағат),Қарға мен баласы(1сағат),Бес ешкі

(1сағат),Қоянның зары»1сағат).

Не білу керек? Не біледі?

Ғылыми- танымдылық шығармалардан:мақала,естелік,өмірбаян,күнделік

(аспан әлемі,су асты тіршілігі,табиғат құбылыстары,жаратылыс құпиялары,халықтық әдет-ғұрып,салт-дәстұр туралы шығармалар).

Қожанасыр туралы аңыздар 4сағат

Жұлдыз қалай жасалды? (1сағат),Қожанасыр мен оқытушы(1сағат),Теңіздің суы ащы (1 сағат),Төрттен төртті алса не қалады?(1сағат).



Не білу керек? Не біледі?

Халық ауыз әдебиеті жанрлары жөнінде (ертегі,өтірік өлең,жыр,жұмбақ,мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар,аңыз әңгіме т.б.)арнау,өлеңдер,мысал өлеңдер,сықақ, өлеңдер және т.б.),диолог туралы балалардың түсінігін қалыптастыру.



Күлдіргі ертегілер 6 сағат

Үш қу(1сағат),Аңқау мен ұры (1сағат),Әкесі мен баласы(1сағат),Қостаушы табылса,өтірік айтушы да табылады(1сағат),Бұқабай мерген

(1сағат),Қайталау (1сағат)

Не білу керек? Не біледі?

Халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі,аңыз,наным,сенім өлеңдері,тұрмыс-салт жырлары,жаңылтпаш,жұмбақ,мысал,әңгіме туралы ұғым,шығарманың тақырыбы,идеясы,сюжеті туралы қарапайым түсініктер,теңеу,эпитет,кейіптеу,метафора, қолданысы, олардың анықтамалары,кейіпкерге мінездеме,портрет,диалог,монолог туралы балалардың түсініктеріне сай анықтамалар.



Тұрмыс салт ертегілері 11 сағат

Адам өмірі(1сағат),Торғай мен адам (1сағат),Ақыл,ғылым,бақыт (1сағат),Бақыт іздеушілер (1сағат), Білгір адам (1сағат),Бойы бір қарыс,сақалы қырық қарыс (1сағат),Өнердің күші(1сағат),Айлакер бала(1сағат),Зерделі (1сағат),Етікші(1сағат).



Қайталау 1 сағат


Курстың мақсаты:

Оқушыға терең білім, өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, ел-жұртын шексіз сүйе білуге, адамгершілікке


Білім беру мақсаты - ертегіні оқу, идеясын ашу, мәдениетті сөйлеу,
Тәрбиелік мақсаты - өз бетімен жұмыс жасай білу, өз білімін өмірде орынды пайдалана білу.
Дамытушылық мақсаты- сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін, дамытады.
Курстың міндеттері:

*ойын жаттығулар, рольдік ойындар, рольдік саханалауға үйрету;

*өз бетінше әрекет жасауға үйрету;

*сұраққа жауап беру, пікір алмасу, ойды жалғастыру;

*шыншылдыққа, әдептілікке, сыйластыққа баулу.


Күтілетін нәтиже:

өз бетімен тапсырманы орындай білу, логикалық ойлау қабілетін ояту;

мәдениетті сөйлеу, қойылымдық ойындар, құрылымдық ойындар ойнату,

адамгершілік қасиеттерді жаман әдет, жақсы мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жирену»;



Оқушының дайындығына қойылатын талаптар:

Оқушы білуге тиіс:

*Сөз, сөйлем және әңгімелеуді білу

*Қойылымдық ойындар, рольдік ойындар, диолог құруды біл
Оқушылар үйренуі тиіс:
*мәнерлеп, түсініп, дұрыс оқуға;

*өз ойларын жеткізе алуға;

*оқығандарын айта білуге.

Тақырыптық жоспарлау



Ертегілер әлемі






Сабақтың тақырыбы


Сағат саны


Мерзімі

1.

Қазақ ертегілері туралы түсінік

1




2.

Түлкі мен жолбарыс

1




3.

Кім күшті

1




4.

Қотыр торғай

1




5.

Арыстан мен түлкі

1




6.

Ешкі мен қасқыр

1




7.

Түлкі мен қырғауыл

1




8.

Түлкі мен тырна

1




9.

Жамандық неден болады?

1




10.

Түлкі мен тауық

1




11.

Қарға мен баласы

1




12.

Бес ешкі

1




13

Қоянның зары

1







Тұрмыс- салт ертегілері







14.

Адам өмірі

1




15.

Торғай мен адам

1




16.

Ақыл,ғылым, бақыт

1




17.

Бақыт іздеушілер

1




18.

Білгір адам

1




19.

Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс

1




20.

Өнердің күші

1




21.

Айлакер бала

1




22.

Зерделі

1




23.

Етікші

1




24.

Ырыс кімде?

1







Қожанасыр туралы аңыздар







25.

Жұлдыз қалай жасалды?

1




26.

Қожанасыр мен оқытушы

1




27.

Теңіздің суы неге ащы?

1




28.

Төрттен төртті алса не қалады?

1







Күлдіргі ертегілер







29.

Үш қу

1




30.

Аңқау мен ұры

1




31.

Әкесі мен баласы

1




32.

Қостаушы табылса,өтірік айтушы да табылады?

1




33

Бұқабай мерген

1




34

Қайталау

1




Қорытынды сөз
Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман әдет, жақсы мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жиренуге болады. Балаларға тіл мәдениетін үйретіп, шығармашылыққа тәрбиелеуде қанатты асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді болуы.

Көпшілік ортасында мәнерлеп сөйлей білуге тәрбиелеудің бірден-бір жолы-баланы жастайынан халық алдына шығару. Бұл ойын жаттығулары мен насихатты ойындар, рольдік ойындар негізіндегі сабақтар көп көмегін тигізеді. Бұл оқушыларды қуантып, қызығушылықтарын арттырады. Көру қабілеті нашар бала ойын арқылы өз құрбыларының арасында өзін ұстау тәжірибесін жинайды, ережелерді нормаларды меңгереді, өз бетінше әрекет жасауға мүмкіндік туады.

Ойын (Құрылымдық, рольдік, сюжеттік ойындар) т.б.оқушының оқу-танымдық қызметін ойын арқылы басқаруға мүмкіндік береді, қызығушылығын арттырады. Оқушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Ойын мен сөйлеу жаттығулары арқылы танымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі.

Тіл арқылы қуанышыңды, ренішіңді жеткізесің. Естігеніңді жаныңда бекітуге,көре білуге үйренуге, байқағыштыққа, біліміңді тиянақтап отыруға, қиялдауға, іздену арқылы зерттеу хұмысына үйретеді.

Оқушылардың білімге деген ықыласын арттыру ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын қалыптастыру, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға жеке басын қасиеттерін дамытып, оны қоғам мен заман талабына сай іске асыруға қалыптастыру.

Оқушының бойында адами құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамытады. Қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ ертегілері-Құрастырған: А.Сәулебаева, Суретші:Г.Ф.Алматова – Шымкент «Шикула и К» ЖШК, 2006 – 104 бет



2. Бала мен балабақша №1 2010 ж 3 – 5 бет

3.Бастауыш мектепте оқыту журналдар
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет