Сабақ Сабақтың тақырыбы : «Біз не үйрендік?»



жүктеу 32.04 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі32.04 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: «Біз не үйрендік»
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: « Біз не үйрендік?»

Сабақтың мақсаты:

Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау, сандарды (тура, кері) санауға, атай білуге үйрету . Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсініктерін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын байыту.

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлау, көмек көрсетуге, табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, слайд, түрлі -түсті қағаздар мен қарындаштар

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар

-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Біз не үйрендік?» деп аталады. Бүгінгі тақырыпта сендермен жыл бойы өткен білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.

- Қане, балалар, бір –біріңе достық жылы сөздер білдіріңдер.

-Балалар сендер білесіңдер ме?

- Бір жылда неше мезгіл бар?

-Кәне, кім маған айтып берем дейді?

-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.

-Қазір бізде қандай мезгіл?

-Дұрыс, көктем.

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Жақсы, енді көктем мезгілінің математика сабағы бойынша дайындаған тапсырмасын орындайық. (слайд)

1. Тура, кері санау.

2.Ойын: «Ойлан, тап» есептер шығару

3.Салыстыру



Сергіту сәті:

Кіп –кішкене балақан

Алға созып алақан,

Оңға,солға қарайды,

Саусақтарын санайды.

Ей, балақан, балақан,

Неге создың алақан?

Кел, шапалақ ойнайық,

Секіріп қол соғайық!

-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?

-Дұрыс, жаз.

-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Жаз айларын кім атап береді?

-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?

Ал енді жаз мезгілінің сауат ашу сабағы бойынша тапсырмасын орындайық.

1.Логикалық ойын (слайд)

2. Балалар «Не жасырылған?» екенін тауып алу керек. Суретте не бейнеленгенін айту.Соған сөйлем құрау.

Қазір қай ай?

-Дұрыс, қазан. Сонда келесі мезгіліміз?

-Дұрыс, күз.

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күзде нелер піседі?

-Жақсы, енді күз мезгілінің көркем әдебиет сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.

1. Рольдік-сюжеттік ойын

(ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсету аудио тыңдау.) Балалар қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру. (слайд)

Келесі қандай мезгіл?

Дұрыс, қыс.

-Қыста қандай мереке болады?

Қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?

Ендеше, қыс мезгілінің тапсырмасы. Жапсыру сабағына байланысты. Түрлі-түсті қағаздардан сыйлыққа гүл жасау.

Музыка қосылып тұрады, балалар түрлі- түсті қағаздардан сыйлыққа арналған әдемі гүл жасайды. Жасаған гүлдерін үстелдің үстінде тұрған құмыраға салады. (Жақсы істеген оқушыларды мақтап, мадақтау).



Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?Сабақ сендерге ұнады ма?

Қорытынды:

Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек, қызғалдақ гүлдермен бағалаймын.



Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет