Сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам организмі. Сабақтың мақсаты: балалардың адам ағзасының құрылымы, салауатты өмір салты, дене шынықтыру туралы білімдерін шыңдау



Дата06.07.2016
өлшемі216.41 Kb.
түріСабақ
1 - САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Адам организмі.

Сабақтың мақсаты: балалардың адам ағзасының құрылымы, салауатты өмір салты, дене шынықтыру туралы білімдерін шыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Дені саудың - жаны сау» деп аталатын плакат, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Плакаттағы жазуды оқы:



  • Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

  • Денсаулық туралы тағы қандай мақалдар білесің?

II. Тақырыпқа кіріспе.

- Дені сау адам дегенді қалай түсінесің?

- Дені сау адамды сипаттап бер.

- Дені сау адам - бұл ...

Мұғалім: «мығым, күшті, семіз, ебедейсіз, көңілді, шапшаң, әдемі, бүкір, қызылшырайлы, сымбатты ...», т.б. тірек сөздер жазылған карточкаларды көрсетеді.

Балалар «Дені сау адам» деген тақырыпта сурет салса да болады.

«Жақсы-жаман» ойыны.

Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?

Жақсы Жаман


  1. 1

  2. 2

  3. 3

Топпен жұмыс.

Денсаулықты сақтау ережелерін қайталау. Табиғат дәрігерлерінің кеңестері:

1-топ - «Су» дәрігердің кеңесі.

2-топ - «Таза ауа» дәрігердің кеңесі.

3-топ - «Жаттығу» дәрігердің кеңесі.

4-топ - «Дене сұлулығы» дәрігердің кеңесі.

5-топ - «Дұрыс тамақтану» дәрігердің кеңесі.

6-топ - «Демалыс» дәрігердің кеңесі.

Әр топ осы кеңестердің адам денсаулығын сақтауда қандай рөл атқаратынын айтып береді.

III. Оқулық бойынша жұмыс.

«Адам организмі» мәтінін оқу.



IV. Сабақты қорыту.

1. Сабақ соңында «Спорт - денсаулың кепілі» деген тақырыпта көңілді тапқырлар жарысын, викторина немесе тест, «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруге болады.

Негештің сұрағы:

- Адам неге өз денсаулығын сақтауы тиіс?



2-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа — дененің тірегі.

Сабақтың мақсаты: Балаларға адам организмінің тірегі болып табылатын қаңқа жөнінде жалпы түсінік беріп, оның құрылымымен таныстыру; өзіндік бақылаулар мен байқау нәтижелеріне, тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып талдау жасауға үйрету, тазалық дағдыларын, байқампаздың қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Өзекті сұрақ.

Біз адам - табиғаттың бір бөлшегі екенін білеміз. Ол еңбек етеді, ойлайды және жануарлардан осынысымен ерекшеленеді («Адамның дене құрылымы» атты кестені ілеміз).

Адамның барлық дене мүшелерінің бір-бірімен мықты байланыста екенін дәлелде. Адам организмі біртұтас дүние деуге бола ма?

II. Жүзеге асыру.


  1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

Практикалық жұмыс.

Балалар басын, маңдайын, желкесін, шынтағын, тізесі мен қол саусақтарын ұстап көреді.



  • Сендер нені ұстап көрдіңдер? (Сүйектерді)

  • Олар қандай екен? (Қатты, мығым)

Қорытынды. Сүйектер бір-бірімен мықты байланысып тұр, солардан қаңқа құралады.

2. «Қаңқа» плакаты бойынша жұмыс істеу.

- Қаңқаның бөліктерін ажырата білу керек.
Оқулықтағы тапсырма бойынша тәжірибе жұмысы.

3. Мәтінді оқу, адам қаңқасы және дұрыс отыру туралы негізгі ойларды анықтау.

- Мәтін бойынша әңгімелесу.

- Адам қаңңасы қандай рөл атқарады?

4. Негештің сұрағы:

- Адам неге құлаудан, бір жерін соғып алудан сақтануы қажет?

Балалар сабақта өздері жасаған бақылау нәтижесі бойынша қорытынды шығарады, сызба құрастырады.

Қаңқа дене тұлғасын құрайды, қозғалысты қамтамасыз етіп, маңызды ішкі ағзаларды зақымданудан қорғайды. Қаңқа қол мен аяқ, бас, кеуде мен барлық дене мүшелері үшін тірек рөлін атқарады. Адам денесінің сымбаттылығы да қаңқаға байланысты.

Адам дұрыс отыруға, дұрыс жүріп-тұруға дағдылануы үшін не істеуі қажет?

Дұрыс жүріп-тұрмау салдарынан жүрек, өкпе мен ішкі ағзалар қызметі бұзыла ма?




Үй тапсырмасы. Дене сымбатын сақтау ережелерін қалыптастыру. «Қаңқа - дененің тірегі» мәтінін оқу.
3-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Бұлшықет.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамның қозғалыс жүйесінің негізгі бөлігі - бұлшықетпен таныстыру, олардың қандай маңызды рөл атқаратынын көрсету; өзіндік бақылау жүргізу; салыстыру мен талдау әдістерін үйрету; салауатты өмір салты жөнінде түсінік қалыптастыру; оқушылардың гигиеналық дағдысы қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты, «Адам қаңқасы», «Бұлшықет», «Дене сымбатының бұзылуы» сызбалары, сантиметрлік таспа.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Естеріңе түсіріңдерші, мына сөздер қай ертегіден алынған?

Ерте-ерте ертеде бір патшаның қызы - Алтын бұрымды сұлу өмір сүріпті. Оның жүрісі аққудың жүзгеніндей әдемі еді, бойы - оқтай түзу, денесі - сымбатты еді.



(Орыс халқының Алтын бұрымды Василиса

туралы ертегісі)

  • «Оқтай түзу» және «денесі сымбатты» деген сөздерді қалай түсінеміз?

  • Дене сымбатты болуы үшін не істеу керек?

  • Адам өзінің жүріс-тұрысын өзі қалыптастыра ала ма?

  • Дене бітімі қисық адам қандай мамандықты игере алмайды?

II. Ақпараттық блок.

(Балаларға жаднама беріледі, оны ата-аналарына көрсетуі керек).

Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар! Естеріңізде болсын!


  1. Баланың дене бітімінің дұрыс қалыптаспауы денсаулыққа зиян келтіріп

қана қоймайды, ол адамның бүкіл өмірін зая етеді.

  1. Баланың дене сымбаты үстел басында, партада немесе ойнаған кезде дұрыс

отырмау салдарынан бұзылады.

  1. Отырған кезде аяқты нық басып отыру қажет, арқа мен қол, бас пен аяқ,

кеуде симметриялы орналасуы тиіс.

  1. Отырған кезде адамның арқасы орындық арқасына тиіп тұруы қажет, ал

кеуде мен үстел арасында 1,5—2 см қашықтық болуы тиіс.

  1. Көз бен үстелдің арасында 30 см қашықтық болуы қажет.

  2. Кітапты еңкейтіп, ал дәптерді 30 градусқа қисайтып ұстау қажет.

  3. Жантайып жатып оқуға және үнемі бір қолға салмақ салуға болмайды.

  4. Дене сымбатын велосипед те бұзады.

  5. Дене бітімін түзету үшін қатты матрасқа жатып ұйықтау керек.

  6. Дене бітімін түзету үшін балалар күнделікті жаттығу жасап, өз-өзін

бақылап жүруі қажет.

III. Негізгі блок.

  1. Балалар қолы мен аяғын ұстап көреді. Сол қолымен оң қолының

шынтақтан жоғары қатты бұлшықетін ұстап көреді. Қолды бүккенде бұлшықет қатая түседі. Балалар жұптасып, бір-бірінің қолының бұлшықетін сантиметрлік таспамен өлшейді: алдымен бұлшықеттің қол бос тұрғандағы қалпы, содан соң бүгілген кездегі қалпы өлшенеді. Нәтижесі дәптерге немесе тақтаға жазылады. Бұлшықет қысқарды, жиырылды, жазылды. Балалар «Бұлшықет» кестесіне қарап, әрбір дене мүшесінің өз бұлшықеті болатынына назар аударады.

  1. Оқулықтағы мәтінді оқу.

- Сөздікпен жұмыс істеу

- Тәжірибе жасау

- Тақырыпқа қатысты әңгіме құруға болады (мәтіннің соңындағы сұрақтарды қоюға да болады)

3. Өзекті сұрақ.

- Неге дене тұрқы бұзылған адамның жүрегі, өкпесі мен өзге де ішкі ағзаларының жұмысы бұзылады, ал спортпен айналысатын адамдар кең иықты, аяқ-қолы күшті болып келеді? Ондай адамдардың күшті және шапшаң болуының сыры неде?

Балалар өз пікірлерін білдіреді, қорытынды жасап, талдайды.

4. Дені сау адамды сипаттайтын сөздерді таңдап алыңдар:


әдемі

Ширақ

оқтай түзу

мықты

еңкіш

Сылбыр

сымдай түзу

ебедейсіз

күшті

қызылшырайлы

семіз

сыптай

- Дені сау адам болуға не көмектеседі?

- Біз қандай құпияларды білеміз?

Бірінші құпия - жақсы мінез.

Екінші құпия - шыныққан дене.

Үшінші құпия — дұрыс тамақтану.

Төртіпші құпия - күн тәртібін сақтау.

Бесінші құпия - күн сайын дене еңбегімен айналысу.

- Сендер қалай ойлайсыңдар, осының бәрін күн сайын жасауға бола ма?

Қорытынды. Әр адам өз денсаулығын күтуі қажет.

IV. Қорытынды блок.

1. «Өзіңді тексер» бөлімінің сұрақтары:

- Адам қозғалысында бұлшықет пен сүйектер қандай рөл атқарады?

- Жүгіргенде және жүзгенде кеуденің, қолдар мен аяқтардың қандай бұлшықеті дамиды?

- Бұлшықетті дамыту үшін не істеу қажет?

2. Білімпаздарға арналған бөлім.


Негештің сұрағы:

- Неліктен баланы «қартайған бала» деп атайды?



V. Үй тапсырмасы: «Бұлшықет» мәтінін оқу, ата-аналарымен бірге жаднаманы пысықтау.
4-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері.

Сабақтың мақсаты: балалардың тыныс жолдары туралы түсінігін қалыптастыру, олардың жұмысы жайлы мәлімет беру; таза ауаның тыныс алу мүшелері үшін маңызы туралы ) айту; тыныс алудың гигиеналық тәртібін қарастыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу мүшелері» кестесі.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық дайындық.

«Кім көп біледі» ойыны.

Балалар дені сау адамның белгілерін атап шығады (көңілді, сергек, оқтай түзу, дұрыс тамақтанады, терісі таза, спортпен шұғылданады және т.б.).


  • Балалар, адам тыныс алу үшін қандай газ қажет? (Оттегі)

II. Танымдық блок.

  • Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалып

көрейік. Не байқадыңдар? (Ауа жетпей, тынысымыз тарылды.)

  • Ауаның құрамы қандай?

Қорытынды. Адам тыныс алуы үшін оттегі қажет.

- Адам өмір бойы дем алады - ауаны жұтып, сыртқа шығарлды. Жұтқан кезде ауа мұрын қуысымен кеңірдек, көмекей жолдары арқылы өкпеге жетеді. Бұл мүшелердің бәрі бірігіп тыныс алу жүйесін құрайды.

Мұғалім «Тыныс алу мүшелері» кестесін көрсетеді, оқушылар осы мүшелерді тауып, есте сақтайды және сызба құрады:

Тыныс алу мүшелері:

Мұрын қуысы

Кеңірдек


Көмекей

Өкпе


1.Оқулық бойыншажұмыс:

а) Мақаланы оқып, жұптасып пікір алмасу;

ә) Тыныс жолдарын қорғаудың негізгі ережелерін анықтау.

Әрі қарай балалар мәтіннен мұрын қуысының маңызын біліп, адам денсаулығы үшін мұрын қандай рөл атқаратынын бығамдайды.

2.Сөздік жұмыс. Көмей, кеңірдек, өкпе.

3. Жағдайға талдау жасау.

Мерейтойы әжемнің:

Қонаққа толы үйіміз.

Күлкі, әзіл көбейді,

Бұрқыраған көк түтін.

Қонақтар аса көңілді,

Маған ғана күлкі жоқ.

Түтіннен әбден тұншықтым,

Маған мұнда орын жоқ.

- Темекі түтіні адам денсаулығына қандай зиян келтіреді?
- Осы өлең кейіпкерінің орнында сен болсаң қайтер едің?

4. «Дұрыс жауабын тап» ойыны.

- Сенің қасыңда біреу темекі тартып тұрса:

а) Былайырақ барып тұру қажет.


ә) Темекі тартпауын өтіну керек.

б) Темекі тартып тұрған адамға жақын тұру керек.


III. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

- Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы қандай және ол қалай жұмыс істейді?

- Өкпе қандай бөліктерден тұрады?

- Өкпе көпіршіктері қандай қызмет атқарады?


Негештің сұрағы:

- Тұмау кең таралған кезде дүкен, емхана және басқа мекеме қызметкерлері неліктен аузы-мұрнына дәке байлап алады?


5-САБАҚ
Сабақ тақырыбы: Ас қорыту жүйесі.

Сабақтың мақсаты: ас қорыту жүйесі, адам ағзасына қажетті қоректік заттар туралы балалардың түсінігін қалыптастыру; тамақтану гигиенасын үйрету; азық-түлік пен ас қорыту жүйесінің өзара байланысын түсіндіру; өзін-өзі бақылауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Ас қорыту жүйесі» кестесі.

І.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім балалардың бұлшықет, тыныс жолдары туралы білімін тексеріп, олардың жауаптарын қорытады.

- Тамақ жемей дені сау адам бола аламыз ба?

-Дұрыс, «Ас - адамның арқауы» дейді, адам тамақсыз өмір сүре алмайды. Адам баласы неғұрлым көп еңбек етіп, спортпен шұғылданса, соғұрлым тәбеті артады. Қоректік заттар тұтас ағзаға қажет. Ас адамның өмір сүруі, өсуі үшін қажет және жалпы ағза жұмысын жақсартады. Адам организмі дұрыс дамуы үшін әртүрлі тамақ жеу қажет.



II. Тақырыпқа кіріспе.

- Ас қалай қорытылады?

Тәжірибе жұмысы.

- Нанның бір тілімін алып, ауыздарыңа салыңдар. Не болып жатыр? (Балалар ас қорытуға қандай органдар қатысатынын және ол қалай жүретінін айтып береді.)

«Ас қорыту жүйесі» сызбасы жасалады.


Ас қорыту мүшелері





Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Өңеш

Асқазан

III. Негізгі блок.

1. Оқулық бойынша жұмыс.

а) Мәтінді оқу. Оқушылар сабақ барысында қандай жаңа мәлімет алғанын және осы тақырып бойынша тағы не білгілері келетінін айтады.

ә) Мәтін мазмұны бойынша әңгіме.

- Адамдарға тамақ не үшін қажет?

- Ас қорыту мүшелерін ата (Нашар меңгерген балалар сызбаны пайдалануына болады.)

- Жасушалар дамуы үшін қандай заттар қажет?

2. Ойын. «Дүкенде».

Аят дүкенге барып, таңғы асқа чипсы, пепси – кола, торт, тосап сатып алды. Бұл – оның сүйікті асы.


  • Аят таңғы ас мәзірін дұрыс таңдады ма? Мұндай астың ағзаға пайдасы бар ма?

- Оның орнында сендер болсаңдар, не сатып алар едіңдер? (Сүт, сүзбе және т.б.)

3. «Бұл өте қызық» айдары.

Жеміс-жидек пен көкөністер - дәрумен мен минералды заттардың негізгі көзі болып табылады. Дәруменнің басым бөлігін адам ағзасы тамақтану нәтижесінде алады. Сондықтан дәруменге бай тағамдарды тұрақты жеп отыру керек. Дәруменнің негізгі топтары: С, В¹, В², В¹³, А, Д, Е.

Алдын ала дайындалып келген балалар осы дәрумендерге сипаттама береді.

1-оқушы: А дәрумені - өсуге қажет. Сонымен қатар ол көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі. А дәрумені сүт, сәбіз бен көк пиязда болады.

2-оқушы: С дәрумені сарымсақ, пияз, орамжапырақ, жалпы барлық жеміс-жидек пен көкөніс құрамында «жасырынып» жатады.

3-оқушы: Д дәрумені тісімізді сақтайды. Онсыз адамның тісі осал, сынғыш болады. Д дәрумені сүт, балық, сүзбеде болады. Күнге қыздырынған кезде де Д дәруменін аламыз.

Бұл жерде балалар тамақтану гигиенасы туралы әңгімелеп береді. Көкөністер мен жемістерді алдымен міндетті түрде жылы сумен жуып, микробтан тазартып, содан кейін ғана жеу керек.



IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

Адам ағзасы тамақпен бірге қандай нәрлі заттарды алады?

Табиғатта қандай дәрумендер кездеседі?

Негештің сұрағы:

- Тісті неге күніне екі рет тазалау керек?

V. Үйге тапсырма. «Ас қорыту жүйесі» мәтінін оқып, өзіңнің тамақтану тәртібің жөнінде хабарлама дайында.
6-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Қан айналым жүйесі.

Сабақтың мақсаты: қан айналым жүйесіндегі негізгі мүше -жүрек және оның жұмысымен танысу; балаларды жүрек: жұмысын жақсартуға қажетті негізгі ережелермен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Жүрек және қан тамыр жүйесі» кестесі, резеңке, груша.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.


  1. Балалар өздерінің тамақтану тәртібі жайлы әңгімелеп береді.

  • Тамақтанудың адам денсаулығына әсері қандай?

Балалар даналығынан.

Бір дана адамнан: «Адамға байлық қымбат па, әлде атақ – даңқ қымбат па?» -

деп сұрапты. Ол: «Екеуі де емес, денсаулық қымбат. Дені сау қайыршының өзі сырқаттанып жатқан патшадан бақытты», - деп жауап беріпті.


  • Ол неге бұлай деді? Мағынасын түсіндір.

Ендеше біз де дана бабаларымыздың сөзіне құлақ асып, адам қажетдеп

қорытындылайық.

- Адамның дене құрылысы, ондағы ағзалардың жұмысын қандай ғылым зерттейді?

- Денсаулықты күту мен нығайту жөніндегі ғылым қалай аталады?

Тақтаға мынадай кестелер ілінеді:


II. Тақырыпқа кіріспе.

- Сонымен, біз бүгін жүрек пен оның жұмысын, қан айналым жүйесін оқып - үйренеміз.

- Адамның жүрегі қай жерде орналасқан?

Практикалық жұмыс.

Балалар өз жүректері қай жерде екнін тауып, ол көкірек қуысының сол жағынан орналасқанын айтады.

Мұғалім кестеден жүректі көрсетеді, сосын балаларға жұдырықтарын түюін өтінеді. Сол арқылы бала өзінің жүрегінің көлемін біле алады.



  • Жүрек деген не?

Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, білім тексереді. Содан соң жүрек

туралы әңгімелеп береді: Жүрек – бұлшықеттен құралған тығыз қалта, жүректің ішінде қан мен қан тамырлары болады. Жүректегі қан ірі қан тамырлары арқылы шығады. Жүрек насос сияқты жұмыс істейді: жиырылады, араға үзіліс салып қайта жазылады, соның нәтижесінде ондағы қан тамырлармен қозғалады. Тәжірибе жұмысы.



  • Қолдарыңа ішіне су толтырылған резеңке грушаны алып,қысыңдар. Оның

мойнынан су ағады. Жүрек жұмыс істегенде де осылай болады. Жүрек жиырылған кезде одан шамамен бір стақанның үштен бір бөлігіндей қан тамырға ағады. Ол адам денесіндегі қан тамырларын бойлай жүреді. Жүрек барлық
дене мүшесіне қан береді. Адам өмірін қан айналымынсыз елестету мүмкін емес.

III. Негізгі блок.

  1. Оқулық бойынша жұмыс.

«Қан айналым жүйесі» мәтінін оқу.

Бұл жұмысты бірнеше топқа бөлініп орындауға болады.

1-топ - жүрек туралы.

2-топ - қан тамырлары туралы.

3-топ - жүректі шынықтыру туралы.

Топтағы балалар мәтінді оқып, талдайды және пікірлерімен бөліседі. Содан соң әр топ мәтіннің өзіне тапсырылған бөлімін баяндап береді және бір-біріне сұрақтар қояды.

Оқулықтағы тапсырма бойынша зерттеу және салыстырмалы талдау жаса.

Қорытындыны балалар жасайды: сау жүрек - адам организмінің өмір сүруінің негізі.



  1. Сөздік жұмыс.

  2. Практикалық жұмыс. Қан аққан кезде алғашқы медициналық жәрдем

көрсету.

  1. Қан айналым жүйесін сипатта (Тапсырманы орындауға қиналсаң,

досыңмен ақылдас).

IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

Негештің сұрағы:

- Неге адам өз жүрегін сақтауы тиіс?

V. Үй тапсырмасы. «Қан айналым жүйесі» мәтінін оқу; қайталау үшін берілген сұрақтарға жауап беру; жүректі шынықтыру тәртіптерін орындау.
7-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Организм қажетсіз сұйық заттарды қалай шығарады?

Сабақтың мақсаты: балаларға денедегі артың заттарды бөлу жүйесіндегі ағзалар құрылымы мен олардың жұмысы туралы түсінік беру; тазалық тәртіптерін орындау қажеттігіне үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Сұйықтың бөлу органдары», «Адам терісі» кестелері.

Сабақтың барысы:



I. Қызығушылықты ояту.

1. «Қан анайналым жүйесі», «Ас қорыту жүйесі» тақырыптарын қайталау.

- Қан айналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

- Қан ненің әсерімен қозғалады?

- Жүрек неден тұрады?

Сонымен, адамның барлық дене мүшелері үздіксіз жұмыс істейді. Олар су, тамақ және ауамен қоректенеді.

Пікірталас. Мысал.

Корлсон мен Айболит кездесіп қалды. Карлсонайтты: «Түсте таша ас іштім, таң атқалы бері үш банка құлпынай тосабын бітірдім. Бәліш, торт пен кәмпит де жедім. Бірақ моторым оталар емес, не болғанын білмедім...

Айболит балаларға сұрақ сұрақ қойды:

- Карлсонның моторы неге оталмай тұр? Оған не болды?



II. Негізгі бөлім.

  1. Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс істеу.

Астың бізге ағзамыз бен оның жұмысы үшін атқаратын рөлі зор. Біздің ағзамыз тамақтың басым бөлігін сіңіріп алады. Бірақ адам ағзасына қажетсіз тамақ қалдықтары, су мен түрлі тұздар да көптеп жиналады. Осы қажетсіз заттар адам денесінен шығару органдары: бүйрек, бауыр, көкбауыр, ішек, зәрағар және т.б. арқылы шығарылады. Қажетсіз заттардың көпшілігі тері саңылауы арқылы шығады, бұл қос бүйректің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан теріні таза ұстап, үнемі жуынып жүру қажет. Ішкиімді жиі ауыстырып отыру керек.

2. Оқулық бойынша жұмыс.

а) Оқулық мәтінін бөлімдерге бөліп оқу. Балалар туындаған сұрақтарын мұғалімге қоя алады.

ә) Сызба бойынша жұмыс.

б) Бүйрек пен зәр жолдары туралы оқу.

3. Кестемен жұмыс. Мұғалім кестеден адамның қос бүйрегі мен бауыры қай жерде орналасқанын көрсетеді. Содан соң әр баладан өзінің осы аталған дене мүшелері қай жерінде орналасқанын көрсетіп беруді сұрайды.



Балаларға қойылатын сұрақтар: Бүйрек қандай қызмет атқарады? Зәрағар ше?

4. Сызба құру:





  1. Сөздік жұмыс.

6. Дұрыс тамақтану туралы. Бұл жайлы мұғалім немесе балалар әңгімелеп береді.

7. Досыңа, сыныптасыңа, туыстарыңа, түрлі ұйымдарға, тауар өндірушілерге хат жаз. Хатта тамақтану, денсаулық, темекінің зияны туралы өз пікіріңді білдір.

Балалар өзара хат алмасады, оқып, хаттарының ортақ белгілерін табады. Олардың айырмашылығы қандай?

III. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

- Тері дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

- Адам ағзасынан қажетсіз заттар қалай шығарылады?

Сабақты балалар қорытады: денедегі артық су мен қажетсіз тұздар теріден тер түрінде, бүйрек арқылы зәр түрінде шығарылады. Тамақ қалдықтары ішек арқылы, ал ауа «қызметін атқарып болған соң» өкпе арқылы сырқа шығарылады.

Негештің сұрағы:

- Адам өз терісін неліктен күтуі керек?



IV. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы мәтінді оқып, қайталау үшін берілген сұрақтарға жауап тап.
8-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі.

Сабақтың мақсаты: ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау; балаларды өз бетінше бақылау, салыстыруға және талдау жасауға үйрету; сезім мүшелерін сақтауды үйрету.

Сабақтың көрнекідігі: «Ми және жүйке жүйесі» кестесі.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Адамның қандай дене мүшелерін білесің? Олар қандай қызмет атқарады?

Мұғалім сезім мүшелеріне баса назар аударады.

- Барлық органдар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?

Балалар жауап беруге қиналып жатса, мұғалім көмектеседі.

II. Тақырыпқа кіріспе.


  1. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады, оқушыларға тапсырма беріп,

кестеден адам мүшелерін көрсетеді.

Осы сабақ арқылы балалар сезім мүшелерінің адам өмірінде қандай рөл атқаратынымен танысады. Сезім мүшелері - бесеу. Адам сыртқы дүниенің, өз денесінің жай-күйін де осы сезім мүшелерінің көмегімен біліп отырады.



  1. Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты

еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол ми!»

  • Мұны қалай түсіндіңдер?

  1. Мидың жұмысы. Ол қандай қызмет атқарады? Миға ауырсыну, қарын

ашу сынды және т.б. белгілер келіп түседі.

III. Негізгі блок.

Біз сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен байланысамыз. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады. Мәселен, таңқурай жеген адам оның дәмін ешқашан қарақат немесе басқа нәрсенің дәмімен шатастырмайды.

Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.

Алдымен мұғалім, содан соң балалар тақырыпқа қатысты мысалдар келтіреді.

— Бас миы қай жерде орналасқан? (Бассүйектің ішінде. Омыртқадағы жұлын содан бастау алады). Ми мен омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары таралады, одан жүйке жүйесі құралады.

1. Оқулық бойынша жұмыс.

Балалар «Жүйке жүйесі» мәтінін оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын белгілейді және сызба құрылады.


Жүйке жүйесі гигиенасы және күн тәртібіне назар аудару.

2. Практикалық жұмыс.

3. Зерттеу жұмысы.

4. Сөздік жұмыс.



IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

  • Адамға сезім мүшелері не үшін қажет?

- Біз қоршаған әлемді қалай танып-білеміз?

- Жүйке жүйесінің негізгі орталығы қай жерде орналасқан?

- Жүйке тамырлары қандай болады?

Негештің сұрағы:

- Жүйкені не үшін сақтау керек?

V. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы мидың, жүйке жүйесінің жұмысы туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Спорт, шынығу туралы мақалдар, өлеңдер дайындау.
«Адам» тақырыбына тест
1. Адамның негізгі дене мүшелері.

а) Бас, мойын, кеуде, аяқ, қол


ә) Жүрек, бауыр, өкпе

б) Көз, мұрын, шаш

2. Қаңқаның негізгі қызметі қандай?

а) Денені күту


ә) Дененің тірегі

б) Дене сымбаттылығы

8. Ас қорыту органы дегенміз:

а) Жүрек, көк тамырлар, қылтамырлар


ө) Өкпе, қолқа, кеңірдек

б) Өңеш, асқазан, ішектер



4. Жүйке жүйесін шаршатпау үшін не істеу қажет:

а) Тәулігіне 20 сағат ұйықтау

ә) Дене шынықтырумен айналысу

б) Дұрыс, тамақтану режімін сақтау

5. Мұрын қандай мүше?
а) Сипап сезу

ә) Дәм сезу

б) Иіс сезу

6. Адам бұлшықеттің қандай қасиеті арқасында қозғалады?

а) ІІІыдамдылық

ә) Созылмалылық

б) Мөлдірлік

7. Жүректен қанды күшпен айдауды қалай атаймыз?


а) Айдау .

ә) Тамыр соғу

б) Ырғақ

8. Жолдардың қайсысы дені сау адамды сипаттайды?


а) Еңкіш, мығым, ебедейсіз, сұңғаң бойлы

ә) Бүкір, бозарған, әлжуаз, аласа бойлы

б) Сұңғақ бойлы, күшті, шапшаң, оңтай түзу

9. Тамақ ненің арқасында бүкіл денеге тарайды?


а) Қан арңылы

ә) Жүйке талшықтары арқылы



б) Бұлшықет арқылы

Тест жауаптары: 1-а, 2-ә, 3-б, 4-ә, 5-б, 6-ә, 7-ә, 8-б, 9-а.

ТАБИҒАТ (4 сағат)




Сабақтың тақырыбы

Әдістемелік тәсілдер

9

Адам табиғатты қалай бақылайды? Топсеруен

Зерттеу жұмысы. Топқа бөлініп жұмыс істеу. Сөздік жұмыс. Негеш. Оқулық бойынша жұмыс. Өзіңді тексер. Дәптерде жасалатын жұмыс.

10

Тәжірибе

Психологиялық дайындық. Тәжірибе жасау. Кесте. Қорытынды. Оқулық бойынша жұмыс. Сөздік жұмыс. Зерттеу жұмысы.

11

Уақыт және ұзындың өлшемдері

Психологиялық дайындық. Жұптасып жұмыс істеу. Оқулық бойынша жұмыс. Практикалық жұмыс. Шкірталас. Негеш. Сөздік жұмыс. Эссе.

12

Температура және масса

Сахналау. Балама сөздер. Оқулық бойынша жұмыс. Тәжірибе жасау. Қауіпсіздік техникасы. Сызба. Негеш. Өзіңді-өзің тексер.

Денелер. Заттар. Құбылыстар (3 сағат)

13

Денелер

Психологиялық дайындық. Тест. Сызба. Зерттеу жұмысы. Тәжірибе жасау. Негеш. Сөздік жұмысы. Оқулық бойынша топтарға бөлініп жұмыс істеу. Өзіңді тексер.

14

Заттар

Психологиялық дайындық. Тестілеу. Мұғалімнің әңгімесі. «Денелер. Заттар» кестесі. Сызба. Практикалық жұмыс. Оқулық бойынша жұмыс. Өзіңді тексер. Негеш.

15

Құбылыстар

Психологиялық дайындық. Балалардың әңгімелері. Жұмбақтар. Оқулық бойынша жұмыс. Жыл мезгілдері туралы «Күзгі жаңбыр» суреттемесі.

Ауа. Су. Ауа райы (5 сағат)

16

Ауа

Психологиялық дайындық. Тәжірибе жасау. Техника қауіпсіздігі. Мұғалімнің лекциясы. Поэзия минуты. Кесте. Сөздік жұмыс. Зерттеу жұмысы.

17

Бұлт. Жауын-шашын

Үй тапсырмасын тексеру. Оқулық бойынша жұмыс. Жұптасып жұмыс істеу. Сурет бойынша жұмыс. Сызба құру. Негеш. Сөздік жұмыс. Зерттеу жұмысы. Өзіңді тексер.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет