Сабақ саны Сабақтың мазмұны Уақыты Кіріспе 1-ші сабақ



жүктеу 76.81 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі76.81 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: Адам ағзасына жалпы шолу.

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-ші сабақ

1.Модульдің құрылысымен танысу.

2.Тірек- сызбалармен жаңа тақырып түсіндіру.

3.Қорытынды.

4.Үйге тапсырма беру.



10

20

15



Сөйлесу бөлімі

2-3сабақ

4-5сабақ


6-сабақ

Өзіндік жұмыс.

Бірін-бірі тексеру әдісі.

Жеке –топтық жұмыс

Қорытындылау

Деңгейлік тапсырмалар.


90

90

45




Қорытындылау бөлімі

7-сабақ

Сынақ

45


Оқушылар меңгеруі тиіс:

  1. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі орны.

  2. Адам мен сүтқоректі жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

3. Адам организмінің құрылысы мен қызметі.

4. Дененің бөліктері,құрылысы және мүшелер мен мүшелер жүйесі.

5. Адам туралы пәннің мақсаты мен міндеттері.

Оқушылар нені біліп шығуы керек:

1.Таблицадан жасуша мен оның органоидтерінің құрылысын көрсету.

2.Адам мен жануарлар ағзасының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білу.

3.Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін көрсету.

4.Таблицадан ішкі мүшелерді тауып көрсету.

Терминдер мен анықтамалар:

Анатомия, физиология, гигиена, мүше, мүшелер жүйесі, ядро, хромосома, цитоплазма, жасуша органодтары, нуклейн қышқылдары, органикалық заттар, макроэлементтер, микроэлементтер, зат алмасу,Метабализм, анабализм, катабализм, ферменттер,тітіркенгіштік, митоз, ұлпа,нейрон.

1-сабақ

Тақырыбы:Адам ағзасына жалпы шолу.

Адам-ардақты ат, оны қазақ халқы ежелден құрмет тұтып, басқа тіршілік иелерінен ерекше бөліп қараған. Миллиондаған жылдар бұрын эволюциялық даму кезеңінің нәтижесінде, жануарлар дүниесінен бөлініп шықты.

Адам анатомиясы-организмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым.

Адам физиологиясы- организмнің және оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметі туралы ғылым.

Гигиена- денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылым.

Адамның органикалық дүние жүйесіндегі орны.

Патшалық: Жануарлар.

Тип: Хордалылар.

Класс: Сүтқоректілер.

Отряд: Приматтар.

Тұқымдас: Гоминидтер.

Туыс: Адам.

Түр: Саналы адам.

Саналы адам шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болған. Оның толық қалыптасуы осыдан 25 мың жыл бұрын болған. Саналы адам деп көп ұрпақ беретін ,организмі фенотипі өзгергіштікке түсетін және морфологиялық-физиологиялық бейімделу қасиетімен сипатталатын адамды айтады. Адам ағзасы көп клеткалардан тұрады. Адам организміндегі клеткалардың құрылысы өте күрделі. Адам клеткаларының басты органоидтары: ядро, митохондрия, рибосома, эндоплазмалық тор, лизосомалар, сыртқы қабық, цитоплазма. Ядрода хромосомалар бар. Хромосомалар-ата-ананың тұқым қуалайтын қасиеттерін ұрпаққа жеткізеді.

Адамның жануарлардан айырмашылығы және ұқсастықтары жөнінде кесте толтыру.

Адам ағзасы

ұқсастығы

айырмашылығы




7 мойын омыртқасы

Кеуде қуысын құрсақтан бөліп тұратын көкеттің болуы.

Денесін тері жапқан.

Ұрпағын тірі тууы мен сүтпен қоректенуі.

Тістерінің құрылысы.

Жүрегінің 4 бөліктен тұруы.

Құлағы сыртқы және ішкі құлақтан тұруы.

Сүт бездерінің бөлінуі.

Дене температурасының тұрақтылығы.


Тік жүруге бейімделу.

Екі қолының еңбек етуге бейімделуі.

Ми көлемінің артуы.

Дене құрылысындағы күрделі өзгерістер.

Өсу және даму кезеңдерінің ұзара түсуі.

Дене мөлшері мен салмағының артуы.

Етті тағамды пайдалануы.

Қоғамдасып тіршілік етуі.

Сөздің пайда болуы.


Клеткалар жиынтығы ұлпаларды құрайды. Ұлпалар 4 үлкен топқа бөлінеді. Эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке ұлпалары. Ұлпалар мүшелерді құрайды. Мүше дегеніміз нақты пішіні бар, организмде белгілі бір орын алатын бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Мүшелер мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы: жабын ұлпалар жүйесі, тірек-қимыл жүйесі, ас қорыту, қан айналым , зәр шығару, жүйке, тыныс алу, жынысжүйесі. Осы мүшелер жүйесінің қызметі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі. Гуморальдық реттелу биологиялық белсенді заттар гармондар арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі мүшелер мен мүшелер жұмысын реттейді. Организмнің қоршаған ортамен байланысын реттейді. Адамның саналы мінез-құлқы, ойлауы мен сөйлеуі жүйке жүйесінің күрделі дамуына байланысты.

Жаңа тақырыпты қорытындылау.Бақылау парағымен жұмыс.

Бақылау парағы

1. Организмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым

2. Организмнің және оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметі туралы ғылым

3. Адам жүйелеу тобының қандай класына жатады?

4. Қандай түрге жатады?

5. Адамның жануарлар дүниесіне ұқсастығы және айырмашылығы

А) Тік жүруі-

Б) Тістерінің бөлінуі (азу, күрек, ит)

В ) Дене температурасының тұрақтылығы және зат алмасуы

Г) Құлақ қалқаны

Д) Саусақ сүйектерінің икемділігі

Е) Ми көлемінің артуы

Ж) Аяқ бұлшық етінің жақсы дамуы

З) Ұрықтың жатырда дамуы

И) Организм клеткадан тұрады

6. Адам ағзасындағы ұлпаларды атаңдар.

7. Клетканың қасиеттерін атаңдар.

8. Қандай заттар органикалық заттарға жатады?

9. Клетканың 70-85% құрайтын зат.

10. Адам ағзасындағы мүшелерді ата.

11. Мүшелер жүйесін ата.

Бақылау парағының жауаптары.

1. анатомия

2. физиология

3. сүтқоректілер

4. саналы адам

5. а)ерекше

б)ұқсас

в)ұқсас

г)ұқсас

д)ерекше

е)ерекше

ж)ерекше

з)ұқсас

и)ұқсас

6. эпителий, дәнекер,бұлшықет, жүйке.

7. зат алмасу,өсу, көбею, тыныс алу,қоректену, тітіркенгіштік.

8. нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы.

9. су.

10. жүрек, қарын, бүйрек,өкпе, трахея,көкет,

11. тірек-қимыл ,тыныс алу, асқорыту, зәр шығару,жыныс бездері.

1-тапсырма. Адамның жануарлардан айырмашылығы және ұқсастықтары жөнінде кесте толтыру.



Адам ағзасы

ұқсастығы

айырмашылығы









2-тапсырма. Бақылау парағымен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.

3-тапсырма. Жасушаларды модельдеу. Әрбір оқушыға қағаз бен қалам береміз. Суретті 1-ші оқушы бастап салып, қалған оқушылар жалғастырады.

4-тапсырма. Мүшелер жүйесін құрастыру. Жүргізуші оқушыларға сұрақтары бар карточкілер үйлестіреді.



  1. Асқорыту жүйесі.

  2. Қан айналу жүйесі.

  3. Жүйке жүйесі.

  4. Тыныс алу жүйесі.

  5. Зәр шығару жүйесі

Мүшелер: жүрек, ми, бүйрек, өңеш, жауырын, трахея, мұрын қуысы, несепағар, қолқа, қалқанша маңы безі, қуық, омыртқа, ми сауыты, жұлын, асқазан, тік ішек, өкпе, екі басты бұлшықет.

5-тапсырма. «Лото» ойыны.

Жүргізуші оқушыларға сұрақтары бар карточкілерді үйлестіреді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе өзіне ұпай жинайды.



  1. А) Қандай органикалық заттар құрылыс қызметін атқарады.

Б) Нәруыз

  1. А) Жасушаның қоймалжың сұйықтығы

Б) Цитоплазма

  1. А) Клетканың сыртқы қабығы

Б) Мембрана

4. А) Жасушаның ең көп бөлігін алып жатыр

Б) Су


  1. А) Сүйектің қаттылығына әсер ететін заттар

Б) Минералды тұздар

  1. А) Нәруыз қай органоидта синтезделеді

Б) Рибосома

  1. А) глюкоза, қант, крахмал қандай органикалық заттарға жатады?

Б) Көмірсулар

8. А)Хромосомалар жасушаның қай бөлігінде орналасқан?

Б) Ядро

9. а) Адамдағы хромосома саны неше?



Б)46

10. Қолтық асты бездері бөлінеді

Б) эпителий

11. А)Жүйке жасушасына тән белгі.

Б) қозғыштық, өткізгіштік

12.А) Бұлшықет ұлпасына тән белгі.

Б) қозғыштық, жиырылғыштық.

13.А) Органикалық заттардың ыдырауы

Б) Катабализм

14. А) Реакциялардың синтезделіп жаңа заттар түзілуі

Б) анабализм

15. А) Ең ақырғы ыдыраған өнімдер

Б) Су, көмірқышқыл газы, аммиак

16. А) Дәнекер ұлпасының түрлерін ата

Б) Сүйек, шеміршек, қан, май

17. А) Эпителий ұлпасының түрлері

Б) безді эпителий, көпқабат эпителий, кірпікшелі эпителий

18. А) Бұлшық ет ұлпасының түрлері

Б) Бірыңғай салалы, көлденең жолақты, қаңқа бұлшық ет

19. А) Сілекей безі қандай ұлпадан бөлінеді?

Б) безді эпителий

20. А) Жүйке жасушасы қалай аталады?

Б) Нейрон

21. А) Ағзаның ішкі сұйық ортасына не жатады?



Б) (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы)
: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет