Сабақ Сынып: Мерзімі Пән мұғалімі



жүктеу 69.18 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі69.18 Kb.
Пән аты: Информатика Бекітемін ................................

Сабақ____Сынып:______Мерзімі_________Пән мұғалімі............................

Тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Модельдердің мақсатын, модельдердің түрлерін қасиеттеріне қарай, қолдану аймағына қарай, уақыт факторына қарай, білім саласына қарай, көрсету тәсіліне қарай қандай топтарға жіктеуге болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, химия, география, тарих

Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация, компьютер. интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

  2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1- сұрақтар

  1. Pascal тілінде программа құрылымы қанша бөлектен тұрады? Сипатта ?

  2. Өрнек дегеніміз не?

  3. Div және Mod дегеніміз не?

2-өрнектер

  1. Өрнектегі әрекеттерді ретімен жаз

20 +












  1. Бөлу

  2. қосу




  1. Өрнектегі әрекеттерді ретімен жаз

3( +B)-10

1)

2) +B

3) 3( +B)

4) 3( +B)-10



Бағалау: бағалау. «Чек парақ» арқылы бағалайды.




Бағалар

өте жақсы

жақсы

орташа

1

сұрақтар










2

өрнектер












ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
Математикалық өрнекті Pascal тілінде жаз

  1. 5( 3)



  1. 8 div 5 4) 8 mod 5


ІV.Мақсат қою. –Балалар, бүгінгі біздің модельдеу деген сабағымыздың мақсаты не деп

ойлайсыңдар? (Балалар пікірін тыңдау).

Немесе модельді қалай түсінесіңдер?

V.Жаңа материалды түсіндіру.

Модель  ол:


  1. Нысанның қарапайым көшірмесі;

  2. Заттың кішірейтілген түрі;

  3. Табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету;

  4. Жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдерінде ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог болып табылады.

Модель Нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім.

Мысалы:

География сабағында жер ғалам шары жайлы оның модельі глобус арқылы танысамыз, химия пәнінде заттың құрлымын молекула және кристалды шаршының модельі арқылы қарастырамыз.


Модельдердің барлық түрлерін екі үлкен клксқа бөлуге болады:

Материалдық(заттық) және ақпараттық.



Материалдық модель---модельдеу нысаның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат. Модельдеу нысанына қарағанда материалдық модеь салыстырмалы түрде кішіреюі немесе үлкеюі мүмкін, бірақ міндетті түрдеоның сыртқы көрінісін, жүріс-тұрысын, құрлмын жаңғыртып көрсетеді.

Ақпараттық модель---модельдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды.

Нысанның ақпараттық модельі оның қасиеттері, басқа нысандармен әрекеттестігі, нысан істей алатын әрекеттер туралы мәліметтерді қамтиды. Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Мысалы, «Дәптер» нысаның мынадай қасиеттері бар (11-кесте):
11- кесте «Дәптер» нысанының ақпараттық модельі

Беттер саны

Беттің өлшемі(см)

Беттің түрі

Арналған пәні

12

14,8*21

торкөз

Математика

48

21*29.7

жоқ

Бейнелеу өнері


Модель мақсаты

Әртүрлі мақсатпен құрылған бірнеше модельдер мысалын қарастырайық:



    • Ұшақты басқаруды үйрететін жаттығу құрлғысы;

    • Киім үлгілерін көрсететін манекен;

    • Бәйтеректің сызбасы;

    • Менделеев кестесі

Модельдің негізгі қасиеттері:

Бейімділік;

Дәлдік;

Құндылық;

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:

  1. Қолдану аймағы бойынша;

  2. Уақыт факторы бойынша;

  3. Білім саласына қарай;

  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай;

  1. Қолдану аймағы бойынша.

Оқыту модельдері үйрету, оқыту барысында қолданлады.

Зертханалық модельдер жобаланған нысанның үлекйтілген не кішірейтілген көшірмесі.

Ғылми техникалық әртүрлі құбылстармен үдерістерді зерттеуге арналады.

Ойын модельдері іскери, экономикалық,әскери ойындар.

Еліктеу модельдері Нақты нысандарды әртүрлі дәрежеде көрсетіп қана қоймай, оған еліктейді.

  1. Уақыт факторы бойынша жіктелуі.

Статикалық жіне динамикалық модельдер жатады.

  1. Білім саласына қарай жіктелуі.

  2. Модельді көрсету тәсіліне қарай жіктелуі.

VІ.Жаңа материал бойынша түсінгенін зерттеу.

Қандай модель түрлерін білесіңдер?

Модель дегеніміз не?

Модельдердің барлық түрлерін неше клксқа бөлуге болады? Олар қандай?


VІІ.Бекіту.

Тапсырма1.

Ата-аналарың туралы кестелік ақпараттық модельін жаса,



Аты-жөні

Туган жылы


Байланыс телефоны


Мекен-жайы




1













2














Тапсырма2.

Компьютерлік жұмыс. Paint- та ұлдар машинаның модельін, қыздар куыршақ модельін салу
VІІІ. Үйге тапсырма беру. Жалпы оқушыға:§17оқу, «Өзіңді-өзң тексер» тест сұрақтарына жауап беру. Жақсы оқыитын оқушыға: «Астана ЭКСПО-2017»-ге арналған модельдер табу. Орташа және нашар оқыитын оқушыга: Бәйтеректің модельнін жасау.

Оқушылар білімін бағалау. Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау (деректерді жинау).

Рефлексия «Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?»

.



©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет