Сабақ Тақырыбы: «Дара және күрделі сын есім»



жүктеу 21.21 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі21.21 Kb.
түріСабақ
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Дара және күрделі сын есім»

Дайындаған: Тұрабаева Кенже



Түркістан қаласы

Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.

Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, талдау.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі


Психологиялық дайындық

І Кіріспе бөлім. Бүгінгі қазақ тілі сабағында яғни, сендердің қазақ тілі сабағында сын есімнен алған білімдеріңді жинақтап бекітеміз. «Сын есім туралы не білдік?» деген сұраққа жауапты бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды слайд арқылы орындай отырып табамыз.

ІІ. Негізгі бөлім.
Тапсырманы орындай отырып алғыр да білімді, тапқыр да жылдам оқушыны анықтауымыз керек.
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
Зат есім дегеніміз не?
Арал, Талдықорған Айжан қандай зат есім?
Жалпы есім дегеніміз не?
Етістік қандай сөз табы?
Балалар сыныпқа кірді. Етістік болып тұрған сөзді ата?
Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Өткен шаққа мысал келтір?

Сын есім дегеніміз не?


Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
Күрделі сын есімге мысал келтір?

Мақал – мәтелдерден сын есімдерді табу.


Тілі тәтті, діні қатты.

Жақсы кісі жығылса,


Жаман адам табылар.

Сабыр түбі – сары алтын.


Жұмбақ шешу. Сын есімді табу.

Сергіту сәті.


Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықта.


Берілген сөйлемдерден тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықтап, сын есімдерді табу. Бөлмеге ақшашты әже кірді. Бізді ұзын бойлы адам қарсы алды. Оның әкесі жылы жүзді кісі екен.
Мәтінмен жұмыс. 455 – жаттығу.
Сын есімдерді тап, олардың дара және күрделі екенін айт.

Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.


Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)

ІІІ. Қорытынды.


Сонымен балалар, біз сын есім атты сөз тобын толық меңгердік деп ойлаймын. Оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің, тапқырлықтарың, алғырлықтарың дәлел болды.
ІҮ. Оқушылар білімін бағалау.


Ү. Үйге тапсырма. 453 – жаттығу.
: materialy -> bastaysh2
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
bastaysh2 -> Сабақ Тақырыбы: «Халықтар достығы»
bastaysh2 -> Ана тілі 3 сынып Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауылы №30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру
bastaysh2 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың жүздіктер, ондықтар бірліктер көлеміндегі сандарды менгергені туралы
bastaysh2 -> Сабақ Тақырыбы: «Алтын балта»
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы : Бұлт. Жауын-шашын. Суды қорғау. Сабақтың мақсаты
bastaysh2 -> Сабақ Тақырыбы: «5 санын қосу және азайту»
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем Сабақтың мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет