Сабақ тақырыбы Жай және құрама сандар (2-сабақ)



бет1/2
Дата03.10.2019
өлшемі0.96 Mb.
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : 5.1B Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп : Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Күні:16.06.2017 Мұғалімнің аты жөні: Кажгалиева Гульаим Кайратовна

Сынып: 5

Сабақ тақырыбы

Жай және құрама сандар (2-сабақ)

Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: жай және құрама сандар анықтамаларын біледі. Жай және құрама сандарды ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза алады;

Кейбіреулері: Көптаңбалы сандарды, сандардың бөлінгіштік қасиетін және цифрлардың орналасу заңдылығын пайдаланып құрама сан екенін ажыратып шығара алады.

Бағалау криитерийі

  • Жай сан мен құрама сандарды анықтайды

  • Құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазады

  • Көптаңбалы сандарды сандардың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып құрама сан екенін анықтай алады.

  • Цифрлардың орналасу заңдылығын пайдаланып ,құрама сан екенін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

  1. Пәндік мақсат: Оқушылар жай және құрама сандар тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды, терминдерді, шешу жолдарын білетін болады.

  2. Тілдік мақсат: Жай және құрама сандар туралы түсініктерін сипаттай алады, жай және құрама сандардың шығарылуының дұрыс шешімін ұсынып, түсіндіре алады.

  3. Пәнге тән лексика мен терминология: жай, құрама, сан, еселік, бөлгіш, жіктеу.

  4. Диалогқа қажетті тіркестер:

  • ......болғандықтан,натурал .......саны жай сан болады.

  • ......болғандықтан,натурал .........саны құрама сан болады.

  • Кез келген құрама санды ......жіктеуге болады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге , бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану,қазақ тілі

Алдыңғы білім

Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын біледі, натурал сандардың бөлгіштерін ,еселіктерін таба алады және 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға, 8-ге, 9-ға бөлінгіштік қасиеттерін пайдалана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

3 мин


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен амандасу;

-жоқ оқушыларды белгілеу;



-сынып тазалығын қадағалау;

«Есімдер» тренингі

Оқушыларды ортаға дөңгелете тұрғызу.

Шарты: Оқушылар ортада тұрып, кезек кезек өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін үш сын есім айтады. Осылай барлық оқушылар айналдыра айтып шығады.

Мақсат: Тренинг оқушыларға жағымды қарым қатынас туғызады.

Топқа бөлу. Оқушыларды таңдаған сандары бойынша үш топқа бөлеміз. «Жай сандар», «Құрама сандар», «1 саны» болып 3 топқа бөлінеді. Бес оқушыдан әр топқа топтасады.

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша топтарға ортақ ауызша есеп беріледі.



Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер таптыңдар! Керемет! Дұрыс!... )

Қағаз қиындылары

Слайд


Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

2 мин

10 мин

Сараланған тапсырмалар

І.Топтық жұмыс. «Математикалық эстафета» әдісі.

Шарты:Топ мүшелері есепті кезекпен кезек тақтаға шығарады.Қай топ барлық есепті бірінші болып әрі дұрыс шығарса, топ мүшелеріне смайликтер беріледі.
І-топ тапсырмалары:

193 .

1)Екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар:

10;12;18;24;30;42;68.



.198

Мына санның құрама сан екенін дәлелдеңдер:



  1. 111 111



ІІ-топ тапсырмалары:

193 .

2)Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар:

22;35;77;65;69;95


198

Мына санның құрама сан екенін дәлелдеңдер:



2)171717
ІІІ-топ тапсырмалары:

193.

3)Екі құрама санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар:

64;72;32;24;144;120.

198

Мына санның құрама сан екенін дәлелдеңдер:



3) 414141
ІІ. Жұптық жұмыс.

«Штурман пилот» әдісі

Деңгейлері әртүрлі оқушылар жұптасып жұмыстанады.Мысалы А және В деңгейлі оқушылар, В және С деңгейлі оқушылар жұптасады.

А деңгейі

1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28 және 37 сандарынан:

1) бір ғана бөлгіші бар сандарды;

2) екі ғана бөлгіші бар сандарды;

3) екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар.

В деңгейі
7 минуттық және 4 минуттық құмсағаттарды

пайдаланып, арасы 10 минуттық уақытты қа-лай анықтауға болады?



С деңгейі
х-тің қандай мәнінде:

1) 17хөрнегінің мәні жай сан.

2) 17х өрнегінің мәні құрама сан. Мысалдар келтіріңдер
ҚБ:Өзара бағалау.

Сергіту сәті: «Көңілді жаттығулар»

Слйдта сандар беріледі. Егер жай сан болса шапалақтаймыз, ал құрама сан болса аяғымызды ұрамыз. 2,3,12,11,20,15,9,13,5,16,19,8.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:
Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну,

қолдану.
Бағалау критерийі: Білім алушы:

-Жай сан мен құрама сандарды анықтайды.

-Құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазады.

.

1-тапсырма.

Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.


  1. жай санның екі ғана бөлгіші бар




  1. жай сандар шексіз көп




  1. 1 саны – жай сан




  1. құрама санның екіден артық бөлгіші бар




  1. барлық тақ сандар - жай сандар




  1. барлық жұп сандар – құрама сандар




  1. жай сандардың көбейтіндісі - жай сан




  1. жай саннан кейінгі сан – құрама сан






Дескриптор: Білім алушы

-жай сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды;

-құрама сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды.
2-тапсырма.

Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104:

а) жай сандарды теріп жазыңыз;

b) құрама сандарды теріп жазыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

-берілген сандардың ішінен жай сандарды жазады;

-берілген сандардың ішінен құрама сандарды жазады.



3-тапсырма.

Сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз:

  1. 510;

  2. 1092;

  3. 8645.

Дескриптор: Білім алушы

- берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді.






«Математика-5»

Авторлары:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет