Сабақ тақырыбы: Жазушының суреткерлік шеберлігі Сабақ мақсаты



жүктеу 46.05 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі46.05 Kb.
түріСабақ
5 сынып Әдебиет пәнінен тест Ақырғы бәйге

  1. «Ақырғы бәйге» романының авторы

а) Ілияс Жансүгіров. ә) Сәкен Жүнісов. б) Қабдеш Жұмаділов

2. Күреңбай ақсақал кәсібі

а) ат баптаушы. ә) атбегі. б) сыншы.

3. Бәйгеге түскен Ақан сері атының аты.

а) Құлагер. ә) Құлайкөк. б) Буырыл

4. Құлагермен бәйгеге түскен бала аты.

а) Қара бала. ә) Мөңке. б) Шашубай

5. Күреңбай сыншының Құлагерге берген сипатын көрсет

а) Тізе соғар жылқы баласы әлі бұл өлкеде туған жоқ. ә) – Па, -па, біліп едім –ау, ерен туған ерекше мал екенін. – қанаты бар екен жануардың.Мынау жай мал емес, пырақ екен! б) Нағыз ауыздығымен құс тістеген жануар екен.

6. Ақанның Құлагерді серік қылғанына неше жыл?

а) 10 жыл. ә) жуық арада. б) біраз жыл.

7. Жазушының шығармасына арқау болған оқиға қай өңірде болған.

а) Оқиға Ереймен өңіріндегі ( қазіргі Ақмола облысы) атақты паң

Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағынайға берген

асында болған. ә) Көкшетау өңірінде өткен.б) Көкөзек сайында.

8. Құлагер неше жүйрікті артқа тастап Көкөзектің сайына құлдыраған еді.

а) Бес жүз ат. ә) төрт ат. б) Төрт жүз тоқсан тоғыз.

9. Ат баптаушысы Ақанның Мөңкеге айтқан сөзі.

а) «Құлагерге қамшы сала көрме» ә) –Ал, қарағым, жолың болсын!

б) Бас бәйгеге ояздың медалі бар.

10. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып

жүрген бала кім?

а) Жаршы. ә) Қошқарбайдың Шашубайы. б) Атбегі.

Күні,айы:

Сыныбы: 5

Пәні: әдебиет



Сабақ тақырыбы:Жазушының суреткерлік шеберлігі

Сабақ мақсаты:а) білімдік: Мертіккен Құлагердің және Ақанның

трагедиялық жай күйін суреттеуде жазушының тіл

шеберлігін аңғарту,

әдеби- теориялық ұғымдарына түсінік беру.



ә) дамытушылық: Жазушының қазақ халкының атқұмарлы-

ғын суреттеуде қолданған эпитет,теңеу,метафораларды

дұрыс таба білуге, талдай білуге әрекеттендіруге ұштау.

б) тәрбиелік: Қазақтың ұлттық өнерінің тереңдігіне ой

салу.Оқушыларды атқұмарлыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:интерактивті тақта,тест парақшалары, оқулық, интернеттен

алынған қосымша материалдар.



Оқыту- әдіс- тәсілі: Жинақтау,түсіну,таныту,қорыту,талдау,қолдану,ой-пайым

Сабақ барысы:1.Сәлемдесу.Түгендеу. 2.Үй тапсырмасын тест тапсырмасы

арқылы жинақтау және анықтау.



Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі.С. тақырыбы: Жазушының суреткерлік шеберлігі

С. Мақсаты: Жазушының тіл шеберлігін аңғартуда көркемдеуіш сөздерді (эпитет, метафора, теңеу) ажырата біліп,шығарма идеясын ашуда ажарлау тілін талдату.

1.Түсіну.



1.Слайд. Эпитет – бір заттың түр- түсін басқа заттың түр – түсімен салыстырып көрсету.Эпитет заттың қандай екенін анықтап, анықтайтын сөзінің алдында келеді.

2. Слайд.

Метафора- сөздің ауыстыру мағынасында келіп, сыртқы, не ішкі бір ұқсас-

тығына қарап, бір затты екінші бір затқа балауды айтамыз.

3.Слайд.

Теңеу – затты тура мағынасында емес,ауыспалы басқа мағынамен салыстырып айту.

Теңеу жасайтын:


  • дай, -дей, - тай, - тей, - ша, -ше, -дайын, -дейін жұрнақтары мен секілді

сияқты сөздерді қосу арқылы жасалады.

2 бөлім. Мағына ашу.

Терісі қандай: жұқа – көзел етіктің былғарысындай мап- майда.Қандай сөз?

Быртық бақай, ит жіліншек, тазы тізелі,бөкен санды,сіңірі бура тілерсек.Көр-

кемдеуіштің қайсы?

Майда жал,жеңіл құйрық қандай сөз ?

Күреңбай сыншының құлагерге берген сипаттамасынан көркемдеуіш сөздерді

тауып оқы.


  • Шіркіннің тұрқын қарашы,он екі таспадан өрен ұзын бишіктей.

  • Тынысы тарылмайтын құлаш кеңірдек, талыс танау.

  • Аяғы қаққан қазықтай тік, тұяғы мүжілмейтін Оқжетпестің қайрақ тасындай.

  • Қасқыр жауырын,түлкі төс,қоян жонды.

3 бөлім. Талдау.

«Ат шаппайды бап шабады» деген Күреңбай сыншының айтуынан көркем-

деуіш сөздерді анықта.


  • Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ,жеті тері алынған,бір қасық ащы тері қалмапты.Құмалағында да қоянның көз жасындай бір тамшы су жоқ....

4.бөлім. Салыстыру.Құлагер мен Құлайкөкті.

Құлагер.

Жермен- жексен болып,кешкі қосаяқша зымыраған құлагер құлағын

жымпитып,бір-ақ уыс боп құйындай ұшты.Құлагер ерекше тұлпар.

Бәйгеге түскен аттар.

Төрт ат та бұл кезде қара терге малынған екен.Құйыскан,айыл астынан

сабынданған ақ көбік көрінеді.Болдыраған аттар.

5. бөлім.Қолдану. Шағын шығарма жазу.

«Ақан сері мен атбегілік өнер» «Ақан трагедиясы – ел қайғысы»

6. бөлім. Жазушы суреткерлігіне түйін сөз.

Ұжымдық жұмыс.Жазушының өнері шығарма тілінде.Құлагер –

Ақан қанаты,сырласы. Ата кәсібі – сыншылдық, атбегілік халық

мұрасы.

7. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқу.

«Бекітемін»

Райымбек батыр атындағы

№50 «Қазғарыш» мектеп- лицей

директоры: __________Сексенова А.С.

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Пәні: әдебиет

Сынып: 5

Мұғалім: Ермағанбетова А.К.



Астана - 2012
: files -> sites -> 1383501631428029 -> files -> Documents -> kazak%20tili
sites -> «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
sites -> 11 сынып (орыс тілді ) оқушыларының қазақ әдебиетінен жағы демалыста оқитын әдебиеттер тізімі
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Қазақ әдебиет пәнінен оқитын 10сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі Д. Бабатайұлы
sites -> ертегісі «Аяз би» ертегісі «Қерқұла атты Кендебай
sites -> Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны Кіріспе(1сағат). 14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
kazak%20tili -> 8 «б» қазақ тілінен салалас құрмалас сөйлем І вариант Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
Documents -> Жауапты: Дүйсенова Қуанышкүл Кәдіршінқызы
Documents -> Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет