Сабақ тақырыбы: «Өгіз бен бақа»



жүктеу 88.2 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі88.2 Kb.
түріСабақ
БатысҚазақстан облысы

Теректі ауданы

1 Федров қазақ орта жалпы



білім беретін мектебі

Пән: қазақ әдебиеті


Сабақ тақырыбы: «Өгіз бен бақа» мысалы
Пәнмұғалімі: ҚұрманғазиеваМаржанМахмедқызы

Федров ауылы

2013-2014 оқужылы
АхметБайтұрсынұлы,

«Өгіз бен бақа» мысалы. 5-сынып

 

    (Ашық сабақ жоспары).



 

 

Сабақтың тақырыбы: Ахмеn Байтұрсынұлы, « Өгіз бен бақа»

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Мысал мазмұнын ұғындыру. Әдебиет

 теориясынан 

білімдерін тереңдету. Көркем шығарманың ерекшелігін аңғартып, талдау жұмыстарын жүргізу.

ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білім-білік  дағдыларын:

ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, 



ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе,

көрсеқызарлық, мақтаншақтық, әлі келмейтін істерге ұрыну сияқты жағымсыз қылықтардан жирендіру.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың жабдықтары:

а) А.Байтұрсынұлы портреті.

ә) мысал  бойынша салынған сюжеттік сурет.

б) оқушыларды ынталандыру үшін  сайыстың кезеңдері белгіленген сурет.

в) түсіндірме сөздік.

г) оқушылар жасаған қуыршақтар



Пән аралық байланыс: бейнелеу, әдебиет теориясы .

Сабақта қолданылатын әдістер:

- аквариум әдісі ( топтық жұмыс);

-түсіндіру әдісі;

-қатысымдық әдіс;

-әңімелеу;

-іздендіру, өздігінен білім алу әдісі;

-салыстырмалық әдіс;

-талдау әдісі;

-сөздік жұмысы. 

Сабақтың өту барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі.



1.Оқушылармең амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.

2. Кезекшімен жұмыс.

ІІ. Үй жұмысын сұрау

-Үш қатардан үш-үштен оқушы шығып, үйге берілген «Егіннің бастары» мысалынан көрініс көрсетеді. Салынған суреттерден көрме ұйымдастырады.


Сабақ мақсатымен таныстыру:

-Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың бір тума ұлы А. Байтурсынұлы шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

-         Бүгінгі сабақтің айдары: « Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

-         Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

-         Сендер тек жұмыла, біріге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.

-         Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.

-         Мынау – I топ

-         Мынау – II топ

-         Сайыстыңерекшелегі топ жетекшісіжоқ. Барлығымызбірлесе отырыпжұмысатқарамыз.

-          Мынасуреткекөңілбөліңдер:

-         Мынау не? (мектеп, кітапхана, кітап дүкені)

-         Ал, мынау – арбағажүк артқанадамдар, олсендер, соныменқай топ кітаптардымектепкебіріншіболыпжеткізедіекен?! Іскесәт!

-         ОйындыА.Байтұрсынұлы «Тарту» өлеңіменбасталық:

                                  Балалар, бұл – жол басы даналыққа,

                                 Келіңдер: түсіп, байқап, қаралық та.

                                  Даналық-өшпесжарық,   кетпейбайлық,

                                  Жүріңдер, іздептауыпалалық та!



I кедергі

- Екітопқаәр түрліүлестірме-көмекнұсқауберілген, сендерөзсұрақтарыңтөңірегіндежан-жақтыізденісжүргізіп, оны тірек-үлгілеріарқылықорғауларыңкерек.

   I топ:

- Бақа мен өгізтуралы не білесіңдер? Бақақандайжәндік, өгізқандайжануар?

- Өгіздікөргенбақаныңсөзінекөңілқой.

   II топ:

- Өгіздіңтүр-сипатысипатталатыншумақтарды тап.

- «Сонауөгіздейболамын» дегенбақаойынқолдайсыңба? Қолдамасаң, себебіндәлелдеугетырыс.

 Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгірт:

I топ:


Қалай ойлайсыңдар, неге ақын «Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген, Осындай әуре болған жаннан қапты.» деп қорытындылайды. Өзің осы қортындыға келісесің бе?

IІ топ:

Қортындыға автордың көңіл-күйі туралы не айтар едің?

-Осы мысалда өгіз, бақалар арқылы ақын не айтпақшы болған деп ойлайсың?

- Өзің сабақта қайсысының сөзін мәнерлеп оқыр едің?
II кедергі. Көрініс қою.

Қолдан тігілген қуыршақтар арқылы кезекпе-кезек көрініс көрсетеді.


-Жақсы балалар ,өз шеберліктеріңді көрсеттіңдер ,рахмет!Сендер үй тапсырмаларын жақсы орындадыңдар .Енді менің сұрақтарыма жауап беріңдер :

-         Мысал дегеніміз не, кім айтып береді?

-        Өздерің көрініс көрсеткен «Өгіз бен бақа» мысалының мазмұнын қайсың әңгімелер едің?

-         Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын нені, кімдерді сөз етпек болған. Мысал жанрына тән «Өгіз бен бақада» қандай астарлы ой бар деп ойлайсың?Ойларыңды мысалдан үзінді ала отырып, дәлелдеуге тырысыңдыр

III кедергі. «Түсіндірме сөздікпен жұмыс »

 Тақтадағы сөздерді көшіріп жазып, қайталап оқып, есте сақтауға тырысалық.

1). Суат – мал суаруға бейімделіп жабдықталған алаң.

2). Сарша – нағыз тамылжып тұрған кез.

3). Бек қатты – мықты.

4). Қарасына – күйі жақсы мал

5). Күншіл-қызғаншақ

6). Жырақ-алыс

7). Пормың – түрің

8). Артылмапты- өзгермепті

-         көшіріп жазу:

-         мұғалімнің оқуы;

-         іштей оқу;

-         хормен қайталау

-         Енді көрелік қай топ есте сақтады екен?

 

IV кедергі                                  Бекіту сұрақ:



І топ:

Мысалдағы негізгі ойды беру үшін, ақын қандай әдіс-тәсіл пайдаланған?

ІІ топ:

«Өгіз бен бақада» мысал жанрына тән әжуә, мысқыл, ащы сын, келемеж бар ма?



V кедергі: Жоспарқұру.

  1. Ақынныңкіріспесөзі

  2. Өгіздіңкөлгекелуі

  3. Күншілбақа

  4. Көршібақасөзі

  5. Өзгермегендене

  6. «Жарылыпсоларадаөлдібақа»

Балаларсендербірігіп жұмысістепсоңғыкедергіден де өттіңдер, екі топ та өзбілімдерінкөрсетті, бірақсендеркітаптардымектептіңтабылдырығынағанаәкелдіңдер, ендіесіктіашуүшіналғанбілімдеріміздіқортындылап, мысалдардыталдап, ерекшелігінанықталық.

ІV. Білімдерінқортындылау:

-Біліміміздіқорытындылауүшін алдыңғысабақтаөтілген «Егінніңбастары» мысалы мен «Өгіз бен бақа» мысалдарынсалыстырамыз.

Венн диаграммасы






 

   

                                                                   образдар









http://pushkinlibrary.kz/marafon/baitursynov_zakar.files/image005.gif

 

- Мысалдыңаты: «Егінніңбастары» «Өгіз бен бақа»»

-         Авторы – А. Байтұрсынұлы.

-         Аллегориялықобразды: егінніңбастары, өгіз.

-         Балалар, қаймысалдадиологкөппайдаланылған?

-         Диалогтыңатқарыптұрғанмаңызытуралы не айтаредіңдерлар?

-         Екімысалдыңсоңындағыавторлыққорытындығаназараударыңдар. Қаймысалдаавтордыңпікіріайқынберілген? Қайсысыедаолоқырманназарынасілтеген?

-         Осы екімысалдағыөзіңеұнағандаркімдер? Ойыңдымәтінненүзінді ала отырып,дәлелде. Оларлыңжақсықасиеттерінсалыстыр:

-      Өзіңеұнамағандартуралы да пікірайт. Ұнамсызқасиеттерінсалыстыр.
-         Мысалдардыңбізгеберетінқандайтәрбиелікмәні бар?

-         Сонымен: аллегория  дегеніміз – астарлы, тұспалмәндісуреттеу.

-         МБақа мен дәнсізбидайдыңәрекеттерінқандаймақал-мәтелментұжырымдауғаболады?

  - Сендер біріге жұмыс жасап мектеп есігін аштыңдар, екі топ та өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына бір баға «5» қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!

VІ. Үйге тапсырма:

-Мысалды мәнерлеп оқу, «Мысалдан алған әсерім» тақырыбында ой-толғау жазу



 

   Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!



 

 

 
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет