Сабақ түрі: ойын сабағы Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау Сабақтың барысы



Дата01.07.2016
өлшемі37 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Білімділік: Оқушылардың тіл байлықтарын артыру, сөздік қорларын молайту,күнделікті өмірде мақал-мәтелді қолдану және мағынасын түсіндіру.

Дамытушылық: Грамматикалық, фонетикалық, жазбаша сауаттылығын арттыру,Мақал-мәтелдің тілдік ерекшелігін талдап, өмірдің шындығын сабақтастыра түсіндіру.

Тәрбиелік:Мемлекетік тіліміз қазақ тілін құрметтеуге өзінің ана тілі қазақ тілінде ойын еркін жеткізуге, тіл тазалығын сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ойын сабағы

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сабақ үрдісіне дайындау. 2.Үй тапсырмасын сұрау.       

  2. Салт өлеңдерін жатқа сұрау               

1). Қызығушылықты ояту .

Мақал-мәтел деген сөзді естігенде ойыңа не түседі? ( топтастыру)

2. Мақал-мәтелдерді алдын-ала жаттауға беріледі.

1.Берілген сөздің қай сөзге қатысы барын анықтап, мақал құрау.



бидай ас

кітап


өнер

бала


Жауабы: Арпа, бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.

дос олжа

дау


қалам

білім


Жауабы: Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.

ағаш жапырақ

күміс


батыр

күз


Жауабы: Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.

ана қыз

құда


жиен

көрші


Жауабы: Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп, асын іш.

Кісі қуаныш

жомарт


сұлтан

байлық


Жауабы: Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Түйе кітап

Мақал


Бұзау

Бой


Жауабы: Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.

3.Мағынаны тану.

Мақалдарды тақырыптарына қарай топтау, мәнін ашу.

Туған жер – алтын бесік

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Достық алтыннан қымбат.

Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.

  4. «Жалғасын тап...» Берілген мақал-мәтелдерді жалғастырып айту.

     1.Туған елге  ....  .....

     2.Туған жердей  ......   .......

        Туған елдей .......        .........

     3.Көп түкірсе ....... .

     4.Ердің атын ........ .......

     5.Ерді қамыс .......... .

        Қоянды намыс ....... .

     6.Досы көпті  ................... .

        Ақылы көпті ................. .

    7.Жеті жұрттың ............. .

       Жеті түрлі  ....... ........  .

    8.Әке көрген  .............  .

       Шеше көрген .............  .

5. Ой толғаныс. ВЭН диаграмасы арқылы мақал мен мәтелді салыстыру

6.  Ең қысқа мақал-мәтелдерді тауып жазу. Мысалы: «Ел - төр»

7. Ең қызық та күлкілі мақалдар тауып айту. Мысалы: «Мұрның сыймайтын жерге басыңды тықпа».

8. Берілген сөздерден мақал-мәтелдер құрап жазу.

Кітап, өнер, бала, қой, ағаш, тарақ, ас

9. Мақалмен жауап бер.

Той қашан тарқайды? (таз таранғанша)

Жылан інінен қай уақытта шығады? (жылы-жылы сөйлесең)

Тырнаумен өшін алатын не? (қаз)

Кім бұрын жұдырықтайды? (қорыққан)

Егіз табатын не, сегіз табатын не?(ешкі, шошқа)

Сау адам өле ме?(Ауруын жасырған өледі)

Қай тісің сынса, күлкің бұзылады?(күрек)

Кім «бас» десе, «құлақ» дейді? (Саңырау)

Саңырауға сәлем берсең не дейді?(атаңның басы)

Кімнен тарақ сұрамау керек? (тақырбастан)

Қандай аурудың көңілін сұрамайды? (тісі ауырғанның)



10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою

Жаман ... аяғым артық.

Мал өсірсең, ... өсір, өнімі оның көл көсір.

Өлмегенге өлі ... кездеседі.

Ұстаздан ... озар.

Бесік баласы ... түлейді

Үйге тапсырма: Өздері қалаған мақал мазмұнына сурет салу. Бір мақал бойынша ойтолғау жазу.



Бағалау.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет