Сабақ ұзақтығы 35 минут 1-сынып Оқушылар саны 6 Сабақтың мақсаты



жүктеу 50.18 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі50.18 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы

Күні уақыты

Сынып

П дыбысы мен әрпі

Сабақ ұзақтығы - 35 минут

1-сынып

Оқушылар саны - 6



Сабақтың мақсаты:


П дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету. Буындарды, сөздерді оқып, мағынасын түсінуге, суреттерді қарап, әңгіме құрастыра білуге, қаламды дұрыс ұстап, П әрпінін баспа түрін жаза білуге үйрету. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.


Міндеттері:

Тапсырмаларды орындау барысында еркін сөйлеу, пікірін дәлелді жеткізу, ойын ашық айту сияқты оқушылардың бойындағы қасиеттерін ашу. Тұйық оқушыларға ықпал ету. Суреттеу, флипчартқа өз ойларын нақты жеткізе білуге жетілдіру.

Мағынаны тану:


Мәтіннің мазмұнын талдау, стикерлермен бағалау, топ арасындағы көшбасшылықты орнату. Флипчартпен жұмыс жасау. Тіркестермен жұмыс. Бейнефильмдерге көз қарастарын білдіру.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тренинг өткізу:

(1 минут)

Оқушылармен сәлемдесу.

Тренинг өткізу. Ойын ойнату арқылы оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу. құрастырады.



Үй жұмысын тексеру:

(4 минут)

Топ ішінде талқылау, бір-біріне айту, жауаптарын қорғау, кері байланыс.

Әліппе оқулығынан бір жолдан оқытқызып шығу.

Әріпті қайталау, топқа бөліну. Өткен материалды қайталау мақсатымен оқушыларға үлестірмелі материалдар тарату. Балалар қима қағазбен дайындалып, берілген әріптерге тоқталып, қайсысы дауысты, қайсысы дауыссыз екенін айтып, сол әріпке байланысты сөз


1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа

әдіс-тәсілдер.

Тапсырма: топпен жұмыс, жұппен жұмыс жасау.



(2 минут)

Оқушыларды екі топқа бөлу. Жолақшалар тарату, сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс жасау.

  • Құлағы да, өзі де үлкен жануар?

  • Әкелеріңді тағы да қалай атайсыңдар?

  • «АПА» сөзінде ортасында кездесетін әріп?

  • Қалам, қарындаштарымызды қайда саламыз?

  • Біз бүгін қандай әріппен танысамыз? Қане, кім біледі?


2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

(8 минут)

Бейне фильм көрсету. П дыбысы туралы бейнефильм тамашалау, өзіндік ойларын ортаға салу.

Өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып жазу.

Туған ... – тағдырым,

... кетсем, сағындым.

Сен ... жүректе

Таусылмайтын ән-... .

"Сауат ашу. Әліппе — дәптермен" жұмыс (44- бет). Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?

Пілдің үстіндегі ойыншыктарды ата.

Піл тұмсығымен не көтеріп келе жатыр?

Ол кай елден келе жатыр?

Көңілді піл немен ойнап келе жатыр?

П әрпіне байланысты сөздерді ата.

П әрпі жоқ сөздерді тауып ата.

Бүгін біз сабакта П әрпімен танысамыз.

- П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетеді.

Қане, айтып көрейік.

Балаларға П дыбысын айтқызады.

Әріп таңбасын көрсетіп, оның неге ұқсайтынын балалардан сұрайды.

Піл сөзіне дыбыстык талдау жасату.

П дыбысы — дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз.

Екінші кандай дыбыс?

I дыбысы — дауысты дыбыс.

Қандай түсті текшемен белгілейміз?

Қызыл түсті текшемен белгілейміз.

Л дыбысы қандай дыбыс, қандай текшемен белгілейміз?

Л дыбысы — дауыссыз дыбыс, оны көк түсті текшемен белгілейміз.

Балаларға буын сөздері жазылған карточкаларды таратып, сөздер құрастыру.



Мысалы: па, та, на, ла, шу, са, т.б.

d:\мои рисунки\с учебника\сауат ашу\копия фото014.jpg

3-модуль: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(2 минут)

Ойын.

"Буынға буын қос" , "Дидактикалық материалдар" (24-бет).

Сергіту жаттығуы «Сио васи наиса исин тако». Ән әуенімен әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасату.


4-модуль: Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

(8 минут)

Құрастыру.

Таяқшаларды пайдаланып, П әрпін құрастыру.

Сауат ашуға арналған "Әліппе-дәптердің" 44-45-беттеріндегі суреттер бойынша әңгімелеседі. Сөз, сөйлемдерді оқытып, буынға бөлуді үйретеді.


5-модуль: Талантты және дарынды балаларды оқыту.

(8 минут)

Қойылған сұрақтар бойынша жауаптарын кестеге толтыру.



6-модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

(5 минут)

Көру диктантын жазу.



7-модуль: Оқытуды басқару және көшбасшылық.

(2-минут)

Флипчартпен жұмыс жасау. П дыбысы жайлы тусінгендерін салу. Перде менен пернені

Пірімбек білмей шатысты.

Перде — терезе жапқыш қой,

Перне неге қатысты?




Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Бағалау, кері байланыс

Өзін-өзі бағалау

Қорытындылау.

(3 минут)

Стикерлер бойынша бағалау

Жинақтауы




d:\марал шортанбековна\бастауыш сынып сабактары\жума сайын ашык сабактар\ашык сабак фото\1\фото1583.jpgd:\марал шортанбековна\бастауыш сынып сабактары\жума сайын ашык сабактар\ашык сабак фото\1\фото1526.jpgd:\марал шортанбековна\бастауыш сынып сабактары\жума сайын ашык сабактар\ашык сабак фото\1\фото1519.jpg



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет