Сабақтағы материалдарды қайталау және «Квадрат теңдеулер»



жүктеу 71.39 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі71.39 Kb.
түріСабақ
Хамиева Жанна Өмірбаевна, Павлодар қаласы, № 17 ЖОББСОБМ, математика пәні мұғалімі, 1 санатты, тел. 87758603324

8 cынып. Алгебра

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеулер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау және «Квадрат теңдеулер» тарауын пысықтау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес басқа оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас, ойын, қайталау- толықтыру сабағы түрінде құрылды.

Сабақтың типі: қайталау.

Көрнекілігі: таблицалар, лото, тест есептері, бағалау парағы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сынып төрт топқа бөлінген (әр топта 5 оқушыдан), әр топ оқушыларының кеудесінде 1,2,3,4,5 деген цифрлі эмблемасы бар.

  • 1 слайд. Ой толғау сәті. Анаграммаларды шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

  • 2 слайд. «Адам не істесе де белгілі мақсатпен істейді... іске қол ұрғызатын да оның білуіне шабыт, жігер беретін де сол мақсат ».

М. Қаратаев

Сабаққа мақсаттарын қою.



І кезең. Жалпы тарау бойынша қайталау сұрақтары. Ауызша есептер.
Ой толғау сәті. Тал отырғызу?

«Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал жақсы»

  • Қандай теңдеулерді квадраттық теңдеулер деп айтады?

  • Толымсыз квадраттық теңдеулер деп қандай теңдеулерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

  • квадрат теңдеудің дискриминанты деп не аталады?

  • Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?

  • Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жазыңдар.

  • квадрат теңдеулерді шешу алгоритмін айтыңдар

  • Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жазыңдар.

  • Виет теоремасын тұжырымдаңдар


ІІ кезең.

Өзінді тексер!

Ұраны: «Асу бермес асқар жоқ»
Есептер шығару: (топ басшылары тақтаға есеп шығарады, шығарып болған соң шығару тәсілін түсіндіреді. Оқушылар дәптерге жазады. Өзіңе ыңғайлы тәсілімен шығарады.)

теңдеу

а

в

с

D

 х1

 х2

 х1 + х2

 х1 * х2

16 х2= 0


 

 

 

 

 

 

 

 

...х2 + 8х = 0

 

 

 

 

 

 

 

8

х2 - ... = 0

 

0

 

 

 

-5

 

 

х2 -10 х + 9 = 0

 

 

 

 

1

 

 

 

2- 2 = 0

 

 

 

 

 

 

 

 



ІІІ кезең.
Кім жылдам?

Ұраны:

«Өнер ағып тұрған бұлақ,


Білім – жанып тұрған шырақ»


№ 1.Теңдеуді шешіңдер:


№ 2 есеп.


1) Ауданы 240 см2-ге тең тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 14 дм -ге ұзын. Тіктөртбұрыштың диагоналінін ұзындығын табыңдар.
2) Қабырғаларының айырымы 14 дм, ал диагоналі 26 дм болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

№ 3 есеп.


Амандасу.
Мәжіліске қатысушылар бір-бірімен сәлемдесіп қол алысқан, біреу қол алысудың барлық саны 66 болғанын санапты. Мәжіліске қанша адам келген?

№ 4. Теңдеулерді шешіңдер:


1)


ІҮ кезең. “Математикалық лото” ойыны

Теңдеулердің түбірін тауып, тиісті шешімдерін орнына қой, квадарт теңдеудің қай анықтамасын пайдаланғанын айта кету:






x=1











x=0




Е



В


К


Л


И


Д


Тарихи мәліметтер.

Б.д.д. 325 – 265ж


Евклид ежелгі дәуірдегі грек математигі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бұрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған. Евклидтің «Негіздерден» басқа «Фигураны бөлу туралы», «Конустың қималары» деп аталатын еңбектері бар. Ол астрономиядан, музыкадан, т.б. салалардан да еңбектер жазған. Математиканы сүйетін әрбір талапкердің ғылымының классикалық бұл еңбегімен танысып аса пайдалы болар еді.
Ү кезең.
Білімінді тексер.

Ұраны:


«Білімнің басы бейнет, соңы зейнет».

Тест жұмысын орындау. (Топтарға карточкалар таратылады)





1 – нұсқа

  1. Квадрат теңдеудің дискриминантын тап:

А. 1 В. 0 С. ½ Д. -45

2 – нұсқа

  1. Квадрат теңдеудің дискриминантын тап:

А. -36 В. 20 С.0 Д. 1



2. Теңдеудің түбірлерін табыңдар:
А. 1; -0,2 В. 1; -1 С. 4; -1 Д. ±5

2. Теңдеудің түбірлерін табыңдар:
А. ±1,5 В. 1; 2/3 С. 0,5;4 Д. 26; -15

3. Теңдеуді шешіңдер:
А. 2; -1 В. -2;4 С. -9; 1 Д.0

3. Теңдеуді шешіңдер:
А. 2; -1 В. -2;4 С. 3; -5,5 Д. ±7

4. Теңдеудің бір түбірі 2-ге тең. Теңдеудің екінші түбірін табыңдар.
А. -18 В. -19 С. 19 Д. 21

4. Теңдеудің бір түбірі 3-ке тең. Теңдеудің екінші түбірін табыңдар.
А. 17 В. -18 С. 18 Д. 20

5. Теңдеуді шешіңдер:

А. ±3; ±7 В. ±1; ±4 С. ±5 Д.0



5. Теңдеуді шешіңдер:

А. ±2; ±5 В. ±3; ±5 С. 0 Д.Түбір жоқ



Жауаптары.




1-нұсқа

2-нұсқа

1. С

1. А

2. В

2. Д

3.Д

3. В

4. В

4. Д

5. В

5. С


ҮІ. Сабақтың қорытындысы. Бағалау кестесі бойынша оқушылардың бағасын шығару. Оқушылардың білімі сабақтың тапсырмалық кезеңдерінің нәтижелері түсіріліп отыратын бағалау кестесіндегі ұпай жиынтығымен есептеліп шығарылады.

Рефлексия.



ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

  • Тақырыптарды қайталау.

  • № 231 (а-в), № 282 (ІІ)



Өзіндік талдау


Алгебра 8 сынып. Сыныпта 19 оқушы. Сабаққа қатысқаны 19 оқушы.

Сабақ тақырыбы: Квадраттық теңдеулер.

Сабақ түрі: жалпылау сабағы

Сабақты өткізу формасы: ДБІтехнологияны қолдана отырып өткізу.

Мақсаты: рационалдық сандар туралы білімдерін тұрақтылыққа айналдыру.

Оқу-тәрбиелік міндеттері:

  1. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау және «Квадрат теңдеулер» тарауын пысықтау.

2.     Мақсатқа жету кезінде тұрақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

3.     Пәнді терең меңгеру, есептеу  және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.



Оқуды ұйымдастыру формалары: өзіндік, фронталды.

Әдістері: ауызша, көрнекті, интербелсенді тақта.

Сабақ кезінде әр түрлі оқытудың әдістері мен формалары қолданылды:

Мұғалімнің ырғақты сөзі, мультимедиялық көрсетілім, жалпылай сұрау, оқытудың ізденіс әдістері, карточкамен жеке жұмыс, әр деңгейлі есептер.



Оқытудың бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері: ауызша, жазбаша, жеке және топтық.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері балалардың жастық ерекшеліктеріне, бағдарламаға сәйкес , қайталау  психологиялық ерекшеліктер ескерілген.



Сабақ кезінде барлық жағдайлар толық ескерілген / гигиеналық, оқу-материалдық, микроклимат/.

Сабақ логикалық байланысты 10 этаптан құралған:

  •  Ой толғау сәті. Ауызша есептер.

  • Кім жылдам? Тірек білімдерін қолдану.

  • Лото ойыны

  • Әр деңгейдегі есептерді шығару /тест/

  • Сабақтың қорытындысы.

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі өте жоғары.

Осылардың барлығын ескере отырып, сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын, қойылған міндеттер орындалып, білім толық игерілді деп ойлаймын.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет