Сабақтар топтамасы Ембі қалалық №1 орта мектебінің Ембі қалалық №7 орта мектебінің



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/4
Дата29.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4
Республикалық «45minut.kz» басылымының

сабақтар топтамасы

Сабақтар топтамасы
Ембі қалалық № 1 орта мектебінің

Ембі қалалық №7 орта мектебінің

Г. Н. Мусина және Г. Ж. Тлекенова

тарих пәнінің мұғалімдерінің сабақтар жинағы

http://thenews.kz/static/news/4/c/4cujyovx.jpg

Үйлестіруші: Ақтөбе қаласындағы

«№13 орта мектебі» ММ мұғалімдерінің 45 minut.kz тілшісі

Қарлығаш Асқарқызы Имамурзина

Ақтөбе – 2013

"МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?"http://vs0001.stepnogorsk.akmoedu.kz/docs/be448980852889fa/11.png

атты тақырыпта оқушылар арасында әңгіме өткізу.

Дәйексөз:



"Қай нышанның қайдан

туындап, қалай өрбігенін тарихқа

сілтеме жасай отырып түсіндіру жаңа

ұрпақтың отаншылдық санасын

тереңдете түсуге септігі тиеді. Елдік

таңбаның ең басты мұраты - өз еліне

деген мақтанышқа тәрбиелеу. Сол

арқылы өз халқының қалап алған

тарихи даму бағытын өз иланын,

өз иманына айналдыру болып

табылады"

Ә.Кекілбаев.

Әңгіменің мақсаты: жас ұрпақты Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге үйрете отырып, Отанына адал қызмет етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Осы әңгімені өткізу үшін кітапханшы алдын - ала оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы материалдарды оқуға ұсынады. "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбына эссе жазу. Әңгіме өткізілетін орын безендіріледі.



Көрнекілігі: Ту, Әнұран, Елтаңба, Қазақстан картасы, Елбасының потреті, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреті, дәйексөздер т.б.

Техникалық құралдар: "Көшпенділер" фильмінен үзінді,Әнұран таспасы, интерактивті тақта т.б. Бұл тақырыпты тарих пәнінің мұғалімімен бірге отырып өткізуге болады. Әңгімені өткізуден бұрын кітапханашы немесе тарих пәнінің мұғалімдері арасынан жүргізуші тағайындалады. Әңгіме барысы екі бөлімнен тұрады.

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердің тарихы,маңызы, мәні.

2. Үй тапсырмасын орындау.

Жүргізуш: Отаншылдық идеясы өмірге бүгін келіп отырған жоқ. Адам қауымдасып қмір сүргеннен бастап өз қоғамын, өлкесін, табиғатын сүйген, ұнатқан. Соларға деген айрықша сезімді бойына сіңірген. Патриотизм гректің patris - отан, ел деген сөзінен шыққан Кейінірек бұл термин Отанға, елге, туған жерге деген

сүйіспеншілікті білдіретін жиынтық ұғымға ұласқан. Отаншылдық идеясы адам баласының баршасына дерлік тән сезім дейтін болсақ, ал қазақстандық патриотизм нендей ерекшеліктерімен сипатталады, ол несімен дараланады деген сауал туындайды. Демек осыған жауап іздеп көрелік.

1 оқушы: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігімен ерекшеленеді.Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ,ол өзіндік өмір салтын,арманын,ерекшелігімен білдіреді.Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттің қай - қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдардың бірі-елді Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сайлап алу.Өйткені бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.Ол-Туы мен Елтаңбасы,асқақтата әуелеткен Әнұраны.Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман, аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.

Жүргізуші: Мемлекеттік Тудағы нышандарымен таныстыру.

1. Нұр шұғылалы алтын күн;

2. Қанатты қыран белігісі;

3. Ұлттық ою - өрнек белігіс;

4. Тудың зеңгір көк түсі;

5. Мемлекеттік Тудың бір түстілігі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ББҰ сарайының алдындағы дүние жүзі елдерінің тулары қатарына 1992 жылы қосылды.

2 оқушы: Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусымда бекітілді. Қазір дүние жүзінің барлық мемлкеттерінде ұлт туы басты рәміз рөлін атқарады.Халықаралық деңгейдегі әр алуан конференциялар мен ресми шаралар өткізген кезде, спорт жарыстарының жеңімпаздарын марапаттанған кезде жиын немесе шараға қатысушы елдердің, спорт сайыстары жеңімпаздары Отанының туын көтеру, әнұранын ойнау әдеткеайналған. Норвегияның Лиллехамер қаласында 1994 жылы өткен Бүкіләлемдік қысқы ойындарында көкшетаулық шаңғышы Владимир Смирновтың тамаша жеңісі құрметіне осындай жарыстарда алғаш рет Қазақстанның көк байрағы көтеріліп,әнұраны орындалды. Бұған миллиондаған жанкүйерлердің бойын мақтаныш сезімі кернегені анық. Мемлекеттік белгісі бар атрибуттарының айрықша әсерлілігінің сиқыры да, күші де осында жатыр. Олар адамдарды біріктіріп, мақсатқа жетуге және осы жолда өзін - өзі жетілдіре түсуге жігерлендіреді.

3 оқушы: Туларды зерттейтін ғылымды виксикология деп атайды.Қазақстан Республикасының туы көк түспен боялған.Аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке - байлық белгісі болып саналатын ашық аспан реңіне меңзейді.Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек айтары мен астары айшықтар.

4 оқушы: Күн бейнесі - байлық пен берекенің белгісі. Күн - уақыт,бірлік символы. Туымыздағы қанатты қыран - дала бүркітінің орныда бөлек. Бүркіт құс патшасы: Дала халқында бүркіт еркіндік,күштілік, төзімділік мағынасын білдіреді. Рәсіздік тұрғыдан алғанда бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын,халық аңсарын аңғартады. Мемлекеттік Тудағы тағы бір белгі ұлттық өрнекті жолақ. Бұл өрнек сақ дәуірінен белгілі. Бүгінгі күнге дейінжеткен ою - өрнектер талай ұрпақтың ақыл - ойы мен шеберлігінің, талай ғасырларға созылған үздіксіз ізденісінің жемісі.

5 оқушы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. В.И.Мухин ат.Ленинград жоғары көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Жүргізуші: Бүкіл әлем халықтары мен мемлекеттері мойындаған келесі бір ресми рәміз елтаңба.

1. Елтаңбадағы шаңырақ белгісі.

2. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ белгісі.

3. Маңдайдағы бес жұлдыз белгісі.

4. Елтаңбаның негңзгң бояуы - алтын және көгілдір түс.

Ресми анықтамаға сәйкес "ҚР мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаіырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар".



6 оқушы: Елтаңбаларды зерттеумен ғылымда геральдика (елтаңбатану) мамандығының өкілдері геральдистер (елтаңбатанушылар) шұғылданады. Шаңырақ - отбасы ынтымағы мен

тыныштығының нышаны. Оның түндігі көгілдір, ашық аспан

аясындағы жарқын күнді білдіреді, елтаңбаның көгілдір кеңістігіндегі ортасынан жан-жаққа таралған уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны күн сәулелерін еске салады. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері үш жүздің ммызғымас бірлігін білдіреді.

7 оқушы: Елтаңбадағы қанат ты қос пырақ - шексіз даму, жылжу, Қазақстанның гүлденуі, өсуі, нығаюы. Тұлпарлардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген,яғни ол еңбекттің, молшылықтың, байлықтың белгісі.

8 оқушы: Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз бар,бұлбіздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континентінің өкілдеріне де айқара ашық екенін білдіреді. Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келеді. Ал көгілдір аспан әлемінің барша халықтарына ортақ.
9 оқушы: Елтаңбамыздың авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан. Ж.М.Мәлібеков - ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы,Өзбекстанға еңбегі сіңірген сәулетші 1942 жылы Қызылорда облысындағы Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік ғимараттары құрылысын жобалауға қатысқан. Қазір Астана қаласында тұрады. Л.Гумилев атындағы Евразия институтында дәріс береді. Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан - ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегң сіңген сәулетші, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері. Белгілі қоғам қайраткері. 1932жылыКөкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. Алматыдағы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998)

Жүргізуші: Қазақстан - Мемлекеттік Әнұранымен айбатты.

Әнұран - асыл қазына (шығу тарихы);

Әнұран - бірлікке шақырады;

Әнұран - болашақ арманымыз.

Әнұран - орындалады.



10 оқушы: - Мемлекеттік Әнұран елдің музыкалық поэтикалық белгісі, әдеби - сазды төлқұжат. Ол халық жүрегінің дүпілін тұмар ғып түйген музыкалық салемхат іспеттес. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Әнұраны 1992 жылы желтоқсан айында қабылданды.

Әнұран әуенін есімдері жүрегіміздің терең түкпірінен орын алған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латив Хамиди сынды дарын иелері болатын. Әнұран сөзін жазған ақындарымыз: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзам Әлі, Тұманбай Молдағалиев, жас ақын Жадыра Дәрібаева болатын. 11 оқушы: Әнұран қашан да дәуір рухынан туады. Мемлекеттік рәміздердің де уақыт сынына тәуелді екендігінің бір дәлелі - 1992 жылы қабылданған әнұраның он екі жылдан кейін өзгеріске ұшырауы.

Жаңа Әнұран елге бұрыннан таныс "Менің Қазақстаным" әнінің негізінде дүниеге келді. "Қазақ вальсінің королі" атанған сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжмеденов шығармасының мәтініне енгізілген өзгерістер туырдының гимн болып бекуіне жол ашты.

Мемлекеттік рәмізге айналған әннің мәтініне бірқатар өзгерістер енгізілді.



12 оқушы: ҚР Мемлекеттік Әнұранын өзгерту, композитор Ш.Қалдаяқов пен Ж.Нәжмеденовтың "Менің Қазақстаным" әнінің Президентіміз Н.Назарбаевтың қолымен түзетілген нұсқасымен ауыстыру жайы 2006 жылы 06 қаңтар Парламентте қаралып, бірауыздан қабылданғандығы баршамызға мәлім.

"Менің Қазақстаным" әні жарты ғасыр бойы елмен бірге қуанып келеді. Әр шаңырақтың, ел шаттығының жалауына айналды. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі кезінде қаһарман жас өрендердің рухани туы болып шалқыды.



Әнұран орындалады.

13 оқушы: Қаақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны - бойға зор патриоттық сезім ұялататын асқақ та сыршыл әуен. Онда ел деп соққан жүректердің дүрсілі бар. Туған жерге, елге деген махаббат сезімімен Отан алдындағы перзенттік парыз жайлы парасатты пайым терең көрініс тапқан. Онда Отан үшін "гүлі болып егілуге, жыры болып төгілуге" әзір азаматтық позициясын айқын сезіледі, ел азаматтарын "кең байтақ жеріне", "тірлігі жарасқан тәуелсіз" деген мақтаныш сезімге бөлейді. "Намысын бермеген", "Бізді ел бақытты, біздің ел осындай!" деген өлең жолдары арқылы жастарға болашаққа сеніммен қадам басуға шақырады.

Жүргізуші: Оқушылар елдігімізді ақындайтын мемлекеттік рәміздердің мәні мен мақсатымен таныстық. Ендеше еліміздің туы желбіреп, Әнұраны асқақтай берсін!

Келесі кезекті өздеріңізге берілген үй тапсырмасын орындау қорытындысына берейік. Оқушылар өздері жазған эссені қатысушылар алдына шығып оқиды.

Мысал ретінде бір оқушы жазған эссені ұсынамын.



Мен өз елімнің патриотымын. (Эссе)

"Патриот" - өз Отаны мен халқын шын сүйетін, оған шексіз берілген деген адам деген ұғыцмды білдіреді. Өз Отанын шексіз сүйетін адам - елінің табиғатына, тілі мен мәдениетіне сүйсініп қана қоймай, алдымен ана тілі мен мәдениетін, салт - дәстүрін қалыптастырған, халқына деген сүйіспеншілік, осы халықтың бақытты болуына ұмтылу. Отанға деген махаббат кімнің болса да батылдық сезімін оятып, оны үлкен істерге жетелейтіні сөзсіз.

Отан туралы ойлай отырып, біз нені есімізге аламыз?

Халқымызда "Отан от басынан басталады", "Отан оттан да ыстық" деген тағылымды түсінік бар. Осы сөздерден мол тағылым, арықша әсералуға болады.

Ақын Жұбан Молдағалиев айтқандай: мың өліп, мың тірілген халық, бүгінде көп ұлттың атамекеніне айналып, тәуелсіз ел атанды. Осының бәрі мерейді өсіріп, жүректі тербеп қазақ болып туылғанына қуанарсың. Отанға, елге, жерге деген үміт - сеніміңді арттырып, мақсатыңды биіктетеді.

Тарихымыздан белгілі қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасқан. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, ұрпағына кең байтақ жерімізді, ба рухани қазынамызды мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандарымыздың ерең еңбектері келешек жастардың болашағының жарқын болуына мұрындық болды.

Осындай жолмен келген тцуелсіздігіміздің баянды болуына, Отанымыздың мерейін асқақтатуға, еліміздің дамыған елдер көшінен қалмауына, қай елде, өай жерде жүрсем де көк байрағымды желбіретуге бар күш - жігерімді аямайтынымды айтқым келеді. Біз сияқты жастарға халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық тәрбиені санамызға сіңіруде өзіндік шеберлігі мен шығармашылық еңбегін аянбайтын ұстаздарға , кітапханашыларға мыңда бір тағзым етеміз.

Бауыржан Момышұлының әскери өмірлік жолы мен өсиет сөздеріне арналғанмомышулы

"Мен қазақтың ұлымын" атты тақырыпта әдеби кеш өткізуге арналған материалдар.

Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өсиет сөздерін насихаттау барысында оқушылар арасында әдеби кеш өткізуді ұсынамыз.

Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысының мәні, мазмұны, тарихи маңызы туралы түсіндіре отырып, Бауыржан Мломышұлының ерлігі, шығармашылығы, өнегелі сөздері туралы мағлұмат беру. Тәрбиелік мәні: оқушылардың патриоттық, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін дамыта отырып, оларды батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу. Кеш өткізілетін жерге кітап көрмесі ұйымдастырылады. Оқушыларға батыр туралы әдебиеттермен оқып танысу үшін алдыңызға алдын ала беріледі. Алдын ала кештің өтетін орны жайында хабарлама ілінеді. Кешке қатысушылар: оқушылар, мұғалімдер, басқа да қонақтарды шақыруға болады. Әдеби кеште мынадай жобамен өткізуге болады:

1. Бауыржан Момышұлы өмірі.

2. Бауыржан Момышұлы шығармашылығы.

3. Бауыржан Момышұлының айтқан нақыл сөздері мен өсиеттері.

Кешті өткізу үшін балалар арасынан 1 немесе 2 жүргізуші сайланады.

1-жүргізуші: Біз Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кештің басында Б.Момышұлының өміріне қысқаша тоқталып өтелік.

Бауыржан Момышұлының өмірі туралы мағлұматтар.

Бауыржан Момышұлы (1910 - 1982 ж.ж.) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Әкесі Момыш өз бетінше талпынып жүріп, ескіше сауат ашқан, жас күнінде ағаш ұстасы болып, етікші, зергер де атанғанМомыш өз жанынан өлең шығарып, жиын - тойларда айтысқа түсіп жүрген әртүрл і құжаттарды толтырғанда үнемі ауыл болыстарына көмектесіп жүріп, 28 жасында ауыл старшыны болып тағайындалады. Осыдан Момыш ел арасында "Тура Момыш" атанады. Бауыржан Момышұлының жеке тұлға болып қалыптасуына осындай әкенің ролі күшті болған. Бауыржанды тәрбиелеуде өзіндік орны бөлек адам - әжесі еді. "Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам " дегендей , Бауыржанды кішкентайынан ертегі, аңыз әңгімелермен сусындатқан әжесі болатын. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін ұзақ уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атанды. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл армия қатарына шақырылып, түрлі әскер бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал - майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардия дивизияны басқарады.

Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізуде әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездегі өзінде Одақ көлемінде аңцз болып жайылды. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белглі жазушы А.Бек "Волоколамское шоссе" (қазақшасы "Арпалыс") повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады. Кеңестер Одағның батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі "батырым" дептанып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған "Халық қаһарманы" деген атақ берілді.

2 жүргізуші: Әдеби кештің арқауы етіп Бауыржан Момышұлы шығармашылығына қысқаша тоқталып кетеміз.

Б.Момышұлының шығармашылық қызметі.

Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан Момышұлы өмірінің соңына дейін әскери - патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Оның қаламынан "Офицер жазбалары" (1962), "Артымызда Москва" (1963), "Генерал Панфилов" (1965), "Куба әсерлері" (1969), "Жонарқа" екі томдық шығармалар жинағы (1969), "Ұшқан ұя" , "Соғыс психологиясы", "Қанмен жазылған кітап" (1990,1991),т.б. тамаша шығармалар туды. 1976 жылы "Ұшқан ұя" кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.

Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біраз терминдерге анықтама берген . Енді патриотизмге байланысты біраз ой - пікірлеріне тоқтала кетейік. "Патриотизм" дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман - саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқаенда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен жіне болашағымен қарым - қатынасты білдіреді.

"Ерлік дегеніміз - табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар - намысында және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін - сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп - қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп - қатер бас тігу".

"Батылдық - қимыл - әрекет есебін тәуекелдеумен үйестіре алушылық".

"Табандылық - батырлықтың қалқаны". "Өжеттілік, қайсарлық - адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік,игілікті құлшыныс".

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбилеуде Бауыржан Момышұлының өз шығармаларымен қатар, ол туралы жазылған кітаптарды оқып - үйрену батырдың жан дүниесін ұғынып, адамдық қалпын әр қырынан тануға мүмкіндік туғызары сөзсіз.

А.Ормантайдың "Мәңгі тірі - Момышұлы" кітабында Баукеннің балалық шағынан бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейінгі жүріп өткен жолдарынан естеліктер, әңгімелер баяндалған. Оқи отырып, батырдың парасаттылығы мен адамгершілік қасиеттеріне, батылдығы мен тәртіптілігіне бас иеміз З.Ахметованың "Шуақты күндер" кітабынан:



Жаңа жыл кешін өз отбасымызбен қарсы алуға дайындалып үстел жасайын деп жатқанда атам:

- Балам қай кезде болмасын дастарханға ең алдымен нан қоюды есіңнен шығармағын, - деді.

Х Х Х

Атам Ержанға жыл санау үйретті:

Тышқан жылы - тыныштық,

Сиыр жылы - сыйлық,

Барыс жылы - бірлік,

Қоян жылы қамбалы,

Жылан жылы - жайлы,

Жылқы жылы - жұтсыз,

Ұлу жылы - үлгілі,

Қой жылы - құтты,

Мешін жылы - мейірімді,

Тауық жылы - табысты,

Ит жылы - игілік.

Доңыз жылы - дүниелі.

.... Атам мынау жарық дүниенің игілігіне, ізгі ниет жақсы тілекке сенуді, немересінің бойына шым - шымдап сіңіргісі келгенін көрмеу мүмкін емес.

Баукеңнің 100 жылда бір туылатын тұлға екендігін түсінген Кубаның атақты жазушысы Анхель Аухьер : "Батып бара жатқан Күннің сәулесі мүсін Момышұлының сұсты жүзін нұрландырып, батырдың алыс болашаққа қадалған жанарына түсіп тұрды..." деген еді.

Сонымен бірге Бауыржан ағамыз артына жетпіске жуық мақал - мәтелдер қалдырған. Ол нақыл сөздер арқылы жастарды ерлікке, патриоттық, елін, жерін, Отанын сүюге шақырады.

Б.Момышұлының нақыл сөздері

Адамгерлішік туралы

Патриотизм туралы

Ақыл - ой туралы

Ерлік, құқық туралы

Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.

Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің. Адал азаматпын демегін. Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр.



Отан үшін отқа түс - күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Ердің туы - намыс. Сен жаудан қашсаң, өмір Ерлік - елдің қасиеті, Жүректілік - жігіттің қасиеті.

Сынаспай - сырласпа. Айқайлап ала алмайсың ақылмен, айламен алғын. Атағыңа ақылың сай болса ғана сыйлы боласың. Қайратқа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. Ой жетпейтін жер болмайды.

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін. Өмір үшін өлгенше күрес. Ерлік тәрбиеден туады. Ерлік білекте емес, жүректе.

  1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет