Сабақтарында пайдаланатын әдістер. «Өсімдік жасушасының құрылысы»



жүктеу 184.74 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі184.74 Kb.

http://referatikz.tk/- Тегін рефераттар


8 сынып биология сабақтарында қолданылатын әдістер

Жоспар


1.Биология сабақтарындағы оқыту әдістерінің әртүрлілігі.

2. 6 сынып биология сабақтарында пайдаланатын әдістер.


2.1. «Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбында қолданылатын тірек сызбалар.
2.2. Тест сұрақтарын қолдану.
2.3. Ойын элементтерін қолдану.

3. 7 сынып биология сабықтарында қолданылатын әдістер.


3.1. Кесте пайдалану тиімділігі.
3.2. Әдіс тәсілдердің тиімділігі

4. 8 сынып биология сабақтарында қолданылатын әдістер.


4.1. Тапсырма жұмыстары арқылы сабақ жүргізу әдістері.
4.2. Дебат сабақ – тиімді әдіс.

5. Қорытынд.

6. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе


Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазыігі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскеленең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге ретілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазыргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтетінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, махмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық – педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонысен қатар оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық – кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда ынталандырудың болмауы.
5
Оқушылардың білімін көтеру оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда азамат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың ұзақ үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жасғаса береді. Қазіргі оқыту процесінде модулдік оқыту технолгиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде.
Бұл технологияның ерекшеліктері:
1. Құрылымының үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды):
2. Өзін – өзі бағалау:
3. Топтық жұмыстарға белсенділік:
4. Көру, естк, жазу, сөйлеу құрылыстарының қатар жүруі:
5. Еркін тәрбиеге баулау.
Осы тұғыдан бүгінді күні жаңа техналогияның тиімді әдістері, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экалогиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшінәр бір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс әрекеті емес, оған уақыт керек. «ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп Ж.Ж. Руссо бекер айтпаған.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы – құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әртүрлі үш бөліктен: кіріспе, сөйлесу, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр оқу модулінің сағат саны оқыту бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
6
Кіріспе мұғалім оқушыларды оқу моделінің жалпы құрылымы мен және мазмұнымен таныстырады. Оқушылардың осы оқу молуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттірін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушыныңқабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөледі.
Сөйлесу бөліміндегі оқу материалын меңгеру – тек қажетті құрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету, қисында ойлауды, түрлі құбылыстармен фактілер арасындағы байланысты көру білуді дамыту. Егер бұл бөлім дұрыс ұиымдастырылмаса, оқу моделіндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың дайындығын деңгейін мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар кол жеткізгелі отыр.
Қорытынды бөлім тарауды оқытудың тұтас циклін анықтайтын рефлекциялық – бағалау кезеңі. Ол оқушылардың сөйлеу бөліміндегі танымдық қызметі барысында жағдай жасалынған дайындық деңгейін бақылауға тексеруге, бағалауға арналған. Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілі оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады. Бұл аса маңызды.
2. 6 – сынып биология сабақтрында пайдаланатын әдістер.
2.1. «Өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбында қолданылатын тірек сызбалар.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыру, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз ойларын дұрыс жеткізуге, саралап талдауға, ізденуге тәрбиелеу мақсатында биология пініне «өсімдік жасушасының құрылысы» тақырыбында сабақ үлгісін түсіндіру.
Сабақ барысында сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, әр топқа берілген тапсырмаларын орындалу реті түсіндіріледі. Тапсырманы оқытушылар топтасып орындайды. Әр топ орындаған тапсылмалар бойынша мұғалімнің басқаруы мен ұпай жинайды.
Үй тапсырмасын сұрау кезінде әр топқа төмсендегі дей тапсырмалар беріледі.
1 – топ. Жасушаның ашылу тарихын, тірек сызба арқылы түсіндіру керек.
2 – топ. Жасуцшаның тірі ағза екендігін дәлелдеп, қимыл арқылы көрсету.
3 – топ. Микраскопқа қажетті құрал жабдықтармен таныстыру, пияздың мөлдір өңінен препараттар дайындау.
4 – топ. Микраскоптың құрылысы, жұмыс істеу тәсілімен таныстыру.
Барлық топқа ауызша сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа жетон таратылады.
1. Тірі ағзалардың ортақ белгісі? (жасуша)
2. Жасушада қандай үрдістер жүреді? (зат алмасу, энергия алмасу, өсу, көбею, тыныс алу, тітіркену)
3. Алған рет микраскопты ойлап тапқан кім? (Янсендер)
4. Өсімдік жасушасын кім зерттеді? (Роберт Гук)
8
5. Денесі бір ғана жасушадан тұратын қарапайым ағзалар (бір жасушалар)
Жаңа сабақты пысықтау кежінде әр топқа төмендегіндей тапсырмалар беріледі.
1 – топ. Бөлме өсімдігі традесканция жапырағынан препарат дайындап, көргендерін кестеге толтырады.

Не білеміз? Не істейміз? Не байқадық?


Барлық өсімдіктер жасушадан тұрады Препарат дайындаймыз Традесканция өсімдігі жасушасының оргонойдтарын; қабықша цитоплазма, ядросын байқадық

2 – топ. Оқулықпен жұмыс жасап кесте толтырады.


№ Жасушаның құрылысы (бөліктері) Атқаратын қызметі.
1
2

Осылай тиімді ұйымдастырылған сабақ оқушылардың білімге қызығуын арттырып, зерек болуға дағдыландырады және өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастырады, әрі бойындағы мүмкіндігін деңгейін анықтайды.



2.2. Тест сұрақтары.
Әрбір тақырыппен әрбір тарауды өткеннен кейін, оқушылардың ойын, алған білімдерін тиянақтау үшін тесттің тигізетін көмегі көп. Сондай (6 сынып) пәні бойынша құрастырған тест сұрақтарын ұсынып отырмын.
Бір – біріне пайдалы, бірлесіп өсу қалай аталады?
9
А) флора:
Ә) бірлестік:
Б) қорық:
В) селбесу.
2. Бұршақ тұқымдасының гүліндегі ең үлкен күлте.
А) күлте:
Ә) тостағанша:
Б) желкен:
В) қайықша.
3. Клеткалары ұдайы бөлінетін ұлпа?
А) түзуші:
Ә) жабын:
Б) тірек:
В) өткізгіш.
4. Сүзгілі түтіктерден тұратын ұлпа.
А) жабын:
Ә) өткізгіш:
Б) негізгі:
В) тірек.
5. Қынада органикалық зат түзеді.
А) мүк:
Ә) балдыр:
Б) бүйнек бактариясы:
В) зең саңырауқұлағы.
6. Балдырлардың кездесетін жері:
А) құрғақ орта:
Ә) дымқыл суық орта:
Б) шалғынды:
В) далада.
10
7. Биология пәні нені зерттейді.
А) тірі организмдерді:
Ә) өсімдіктердің таралуын:
Б)өлітабиғатты:
В) өсімдіктердің көбеюін.
8. Шырынды жемісі бар өсімдік.
А) бұршақ:
Ә) сұлы:
Б) қызанақ:
В) жүгері.
9. Өсімдіктердің жасыл түрі:
А) цитоплазмаға байланысты:
Ә) қабығына байланысты:
Б) ядроға байланысты:
В) пластидтерге байланысты.
10. органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны.
А) шымтезек:
Ә) құм:
Б) көң:
В) қара шірік.
11. қырықбуынның көбеюі:
А) тұқыммен:
Ә) спорамен:
Б) жапырағымен:
В) қалемшелермен.
12. Бір гүлде аталығы да, аналығы да боатын өсімдік:
А) жансыз:
Ә) бір үйлі:
Б) қос жынысты:
11
В) екі үйлі.
2.3. Ойын элементерін қолдану.
Биология пәнінен 6 – сыныпта «Гүлдің құрылысы» тақырыбында ойын түріндегі аралас сабақ өтеміз. Сабақта оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптастыру: ойынның түрлерін пайдалана отырып оқушының ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшаңдық қабілеттерін дамыту: оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінңі қызметін түсіндіре отырып, гүл серіктердің бөліктерін айыра білкге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйретеді, сонымен бірге өсірдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылады.
Гүл құрылысының сызба нұсқасы өсімдіктің көбеюіне арналған кеспелер, кеспеқағаздар,сөз жұмдақтар, «өсімдік көбеюі» кубигі , трек – сызбалар, кеппе шөп қолданылады.
Ойын түріндегі бұл аралас сабақта ауызша баяндау, көрнекіліктерді демонстрациялау, ойын элементтері орын алады.
Ұйымдастыру кезегінен кейін үй тапсырмасы сұралады.
1. «Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны.
Шарты. Кубиктік алды жағына өсімдіктің өсімді мүшелері мен
көбею тәсілдері көрсетілген. Оқушылар кубикті лақтыру арқылытүскен көбею жолын сипаттап, мысалдар арқылы түсіндіреді. Мысалы,
1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею:
А) тамыр сабақ:
Ә) түйін:
Б) пиязшық:
В) мұртша.
2. Негізгі өсімдік мүшелерінің бөліктер арқылы көбею.
А) сабақ, жапырақ, тамыр.
12
Ә) телу арқылы.
2. «5» алғың келсе ойыны.
«5» алғысы келсе жәшіктен оқушылар сұрақты алып, 1 мин ішінде жауап беру керек.
1. Өсімдіктің өсімді (вигетативті) мүшелерін атаңыз.
2. Кеппешөктен, суреттен өсімдік мүшелерін көрсетіп атаңыз.
3. Мүше дегеніміз не?
4. Өсімдік мүшелері неше топқа бөлінеді?
5. Өсімдік біртұтас организм екенін дәлелдеңіз.
6. Фотосинтез дегеніміз не?
Жаңа сабақ өсімдіктің көбею мүшелерін талдаумен басталады.

Гүл
Көбею мүшелері Жеміс


Тұқым

Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар жеткілікті болған кезде гүлдейді. Гүл – тек гүлді өсімдіктерге тән мүше. Осылайша ары қарай гүлдің құрылысы да сызбалар арқылы таңдалып түсіндіріледі.


жеміс
ГҮЛ
Тұқым
гүл сабағы
гүл табаны
ГҮЛ БӨЛІКТЕРІ тосағанша жапырақша
күлте жапырақша
аталық
аналық
13

тостағанша жапырақша


ГҮЛ СЕРІГІ
күлте жапырақша

жай гүлсерік


ГҮЛ СЕРІК
қос гүлсерік

Жай гүлсерікті – тек тостаған жапырақшасы болады (қызылша, емен, қымыздық) немесе күлте жапырақшасы ғана болады. (қызғалдақ, лала гүл, інжугүл). Қос гүл серіктер – тостағаншада күлте болады ( алма, өрік, шие).


Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлігі.

тозаңқаптан


АТАЛЫҚ
жіпшеден

Тозаңқап бір – бірімен байланысқан екі бөліктен құралады. Тозаңқапта тозаң түзіледі. Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі.

аузы
АНАЛЫҚ мойны жеміс
жатын тұқым

Жаңа сабақты бекіту кезінде оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. «Біліміңді тексер» деңгейлік тапсырмасы оқушылар білім


14
жүйелеуге арналады.
1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан.(ж)
2. Өркеннің түрі өзгерген жапараға. (Г)
3. Тозаң ұясы бар. (А)
4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)
5. Үлпекке айналған. (Т)
6. Бунақденелілер қоректенеді. (К)
7. Шірне бөлінеді. (К)
8. Жабысқақ сұйықтық бөледі. (Ж)
9. Ұшы үлмекке айналған. (Т)
10. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)
11. Хош иісті. (К)
12. Мойны бар (Ж)
15
3. 7 сынып биология сабақтарында қолданылатын әдістер.
3.1. Кестенің пайдалану тиімділігі.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде дәрілік өсімдіктерге өте бай өлке. Мектеп оқушыларының бұл жөнінде мәліметі мол болуы үшін факультативті сабақтарда білімін толықтырып күнделікті көріп жүрген өсімдік туралы мағлұмат алып отыруы маңызды мәселе.
Ол:
 Оқушының әр өсімдік туралы мағлұмат алуын;
 жеке өсімдіктердің қасиетін биолгиялық ерекшелігін, экалогиясының бөлуіне;
 Өсімдіктердің тобын көбейтуг, табиғат байлығын қорғайға ықпалын тигізетін процесс болып есептелінеді.
Оқушыларға өтілетін дәрілік өсімдіктер туралы сабақтарда кесте пайдалану тиімді. Онда нақты бөлімдер болуы керек. Оқырманға сол сабақтардың үлгісін ұсынамын.

Өсімдік Биологиялық сипаттамасы Таралу аймаға Экалогия-сы Негізгі қоры Химиялық құрамы Қолданылуы


Кәдімгі түйе жантақ (бұршақ тұқымдасы)

Бұрыш таран (таран тұқымдасы)

Адыраспан (түйетабандар тұқымдасы)

Дала қырықбуын (қырықбуындар тұқымдасы)

Қызыл мия (Бұршақ тұқымдасы)

Биіктігі 50 – 100 см шала бұта. Сабағы бұтақты, жалаңаш. Бұтағы тік өседі, тікендері қатты. Жапырағы ұзін, жұмыртқа пішінді, түкті. Гүлі 3-8 тікенде орналасқан. Гүл сағағы 1.5 – 2 мм тостағаншасы 3-4 мм бұршақ қабы 4-7 тұқымды. Тұқымы ұсақ, жылтыр, бүйрек тәрізді.Мамыл – шілдеде гүлдейді, қыркүйекте жемістенеді.

Биіктігі 20-60 см, қызыл түсті тік сабақты 1 жыл-дық өсімдік. Жапырағы ланцепник тәрізді. Гүлдері масақ құрап орналасады. Күлтесі 3-4 см. жемісі жұмыртқа пішіндес өсімдік дәмі бұрыш сияқты ащщы. Гүлдеуі, жемістеуі маусымнан қыркүйекке дейін созылады.

Биіктігі 20-60 см жи і бұтақта жайлап өсетін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндік, негізгі тамыры бірнеше бөлікте таралған. Бөбешік жапырақтары жұп, ландцепник тәрізді. Ұзындығы 3-6 см, ені 3-5 см. Гүлі ірі күлтесі ақ. Ақ сары түсті. Жемісі шар тәрізді қауашақ. Мамыр – маусымда гүлдеп, маусым – тамызда піседі.

Биіктігі 10 – 40см жететін көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы түйнекті. Бұтағы қоңырқай. Споралары көкек–мамыр ай-ларында жетіл-еді. Бұтақтары буын – буыннан тұратынболғандықтан қырықбуын деп атайды.

Биіктігі 30-80 см көпжылдық шөптесін өсімдік . Тамыр сабағы тарамданған. Сабағы тік, қатты, бұтақсыз жапырағы жұм-сақ, қысқа түкті сағақты. Гүл шашағы селдір, жемістенгенде ұзарады. Гүлі ұсақ күлгін түсті. Жемісі бұршақбас, аздап иілген. Тұқымы дөңгелек бүйрек тәрізді. Мамыр – маусымда гүлдейді. Тұқымы тамызда піседі. Қазақстан-ның таулы және солтүстігінен басқа жердің бәрінде өседі.

Қазақстанның барлық жерінде әсіресе Жетісу аймағын-да көп таралған.

Қазсқат-ның биік таулы аймағы-нан басқа жерінің бәрінде кездеседі.

Қазақстан- ның барлық аймағын-да кезде-седі. Солтүстік облыста көбірек болады.

Жайық, Сырдария,іле өзені-нің бойын-да Шу өзенінде көп кез-деседі.

Шөлде, сазды топырақты далала аймақтарында, сортаң жерлерде суармалы жерде, құмды арамшөп ретінде өседі.

Өзен, бұлақ, арық жағаларын-да шалғындықта арамшөп ретінде кедеседі.

Құрғақшы-лыққа төзімді өсімдік. Далалы мал жайылы-мында шөл, шөлейтті жерлерде өсетін.

Өзен бойында ылғалды, шалғындықта батпақты топырақта, арамшөп ретінде өседі.

Шөл, шөлейтті, жерлерде, жер асты суы жақын орналасқан жерлердің бәрінде өседі.
Арнай мәліметтер бойынша 1 гектер жерден 6 -40 центнер құрғақ шөлін жинауға болады.

Қазсқатан – ға қажетті материал қоры жеткілікті.

Барлық мүшесінде әсіресе тамырында гармен, вазицин, вазинион т.б. алколит заттары бар.

Ертіс өзенінің бойында өндіріліп шикізат есебінде пайдалана-ды. 1 гектар 40 тонна болады.

Орал, Қызылорда облысында, Іле өзені бойында бар.

Жер үстіндегі бөлігінен органикалық қышқылдар, эфир майлары 0,33 % каучук, алколит 0,17% С, К дәрумені каротин, илік заттар, катехин, флавондин, ликоаптоциян-нидтер бар. Тамыранда: комарин, алкоид, рутин болады.

Жер үсті бөлігінде органикалық қшқылдар, эфир майы, финол карбон, брутин кверцетин, бютеолин, илік заттар кумариндер бар. Тамырында илік зат дәрумендер, анкулиттер болады.

Оңтүстік Қазақстанда қалың болып өседі. Шымкенте шикізат есебінде жиналады.

Шөбінде алма аканит, қымыздық, кремний қышқылдары. Қыры май эквизитин, флованойдтар, каратин, аскорбин қышқылы, никотин, белоктар болады.

Жапыағанда глюкоза, фруктоза, сахарозы, мальдоза, крахмал, органикалық қышқылдар, эфир майы, стеройдтар тритернен, липиттер, дәрумендер, иілік заттар, спирттер т.б. заттар бар. Шөбі жөтелді қалдырады., несеп айдайды, іш босатады, өтті жүргізеді, асқазан жарасына, шаншуға ауыз уылуға пайдаланады. Тұнбасын тамақ безі шошынғанда, мұрын, кеңсірік қабынғанда пайдаланады.

Шөбінен жасаған препараттар жатырдан қан кеткенде, тік ішектің қабынуында, инфекциялық ауруға пайдаланады.

Бұлшық ет ауруы, іш қатқанда ішек ауруларына энцефалит, жел ауруына, қол аяқтың істемен қалу ауруына пайдаланады.

Жүрек, бүйрек, шемен, несеп ауруларына пайдаланалы. Асқазан ауруы, жатырдан қан керкенде пелевилит, подагра, ревматизм ауруларын емдеуге пайдаланады..

Қақырық түсіру, іш жүргізу, суық тигізгенде, асқазан, бауыр ауруларына пайдаланады. Сонымен қатар аллергиялық ауруға да пайдаланады.

Әрине күнделікті кездесетін өсімдіктер өте көп және оның қаншалықты мөлшері дәрі ретінде пайдаланылатынын осылай кеңірек түсіндіру, оқушылардың өсімдік әлеміне қызығушылығын арттырып, оның түрін молайтуға ықпалып, туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін артырады. Оқушының табиғатты зертеу, ғылыми жұмыс жүргізуіне жол ашады.

3.2. Әдіс тәсілдердің тиімділігі


Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың ойларын дамыту үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді сабақта пайдалану тиімділігін көрсетеді.
19
«Қанның ұюы. Имунитет. Қан топтары» тақырыбын «сың тұрғысынан ойлау» , «ұжымдық оқыту әдісі» технологияларын негізде құрды. Сабақ өткізу барысында оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ұжымдық жқмыс істеу тәсілдерінің жағарылайтынын байқадым.
Өткен сабақтағы материял негізінде:
 Қанның ұюы және иммунитет түсініктерінің ұғымы.
 Қан топтық қасиеттерінің иммунитет құбылысына әсері сұрала келіп «Қанның құрамы» кестесі, өткен сабқтарда құрастырылған. «Қан» тақырыбы түсыныктер жинағы және сызбалар таспаға ілінеді.
Осы сабақ бойынша тақтаға баға сұраныс жазылады.
«5» – 4+3+2-9 ұпай, «4» – 7 – 8 ұпай, «3» – 5 – 6 ұпай.
Үлгісі кезінде балалар тақтадан сабаққа үш тапсырма бетілетінін анықтайды. Тапсырмалары дұрыс орындағанда 4,3,2 ұпайларымен бағаланады. «5» бағасын алу үшін 9 ұпай жинау керек
Тақтаға сабақтың мақсаты және бірінші және үшінші тапсырмалар жазылады.
Дәптерлер оқулақтарын, түсініктемелер жинағын, қалам, карандаштарын, сызғыштарын оқушылар үзіліскезін дайындап қояды.

Мұғалімнің іс – әрекеті, тапсырмалар Оқушылардың іс – әрекеті, жауаптар


І. Кіріспе
Сабақтың тақырыбы және мақсаты түсіндіріледі. Сабақтың тақырыбын күнін дәптерлеріне жазады.

20
4. 8 сынып биология сабақтарында қолданылатын әдістер.


4.1. Тапсырма жұмыстары арқылы сабақ жүргізу әдістері. Оқушылардың білімін жүйелі түрде тексері отыру білімді бекітіп, оны қалыптастыру үшін қажет. Биология пәнінен әр – бір тақырыпты өткен соң қайталау, бақылау сабақтарында оқушылардың білімін тексеру мақсатында 8 сыныпта биология пәнінен жүргізілетін тапсырма жұмыстарын ұсынып отырған.
1 – тапсырма
Қалып қойған сөздерді тауып жазыңыз.
Адам эвалюциялық дамудың … , жер бетіндегі … иесі.
2 – тапсырма
Тірі организмның құрылысын, атқаратын қызметін зертейтін ғылым.
1. Тәнтану ; 2. Физиялогия; 3. Гигиена;
3 – тапсырма
«Адам жануарлар дүниесінің эвалюциялық дамуы нәтижесінде пайда болады» деп қай елде ғылымы, қашан жазған.
1. 1869 ж. чех ғалымы Г. Мендель;
2. 1871 ж. ағылшын ғалымы Ч. Дарвин;
3. 1871 ж. ағылшын ғалымы Ф. Энгльс.
4 – тапсырма
Адам организмінің жануарлар организмінен ерекшелігі.
Кестені толтырыңыз.

Ұқсастығы Айырмашылығы

5 – тапсырма
Адамның ұқсас бөлігінде қандай мүшелер және мүшелер жүйесі
21
орналасқан?
1. … 2. …

6 – тапсырма


Тыныс алу жүйесінің мүшелеріне не жатады?
1. … 2. …

7 – тапсырма


Төмендегі берілген бездердің қайсысы ішкі секретсия бездеріне жатпайды?
1. Бүрек үсті безі; 5. Сілекей безі
2. Қалқанша безі;
3. Қарын безі;
4. Гипофис;
8 – тапсырма
Қаңқа мен бұлшықеттер қай жүйені құрайды?
1. Асқорыту; 3. Тірек – қимыл;
2. Қанайналым; 4. Сілекей безі;
9 – тапсырма
Адам организміндегі ең ірі клетка?
1. Сперматозойд;
2. Эритроцит;
3. Жұмыртқа клеткасы;
10 – тапсырма
Оқулықтары жануар клеткасының құрылысын қарап, органойдтарының атқаратын қызметін атап жазыңыз.

Клетканың органойдтары Атқаратын қызметі

11 – тапсырма
Клеткадағы энергия көзі болатын оргаойд:
1. Ядро; 2. Рибасома; 3. Митахондрия;
Клеткадағы белок синтезделетін орын:
1. Рибасома; 2. Лизасома; 3. Ядро;
12 – тапсырма
Клетканың хмиялық құрылымы.
14 беттегі тақырыпты оқып, кестені толтырыңыз.
Бейорганикалық заттар Органикалық заттар

13 – тапсырма


Клеткадағы органикалық және бейорганикалық заттардың маңызы қандай?
Кестені толтырыңз:
Химиялық заттар маңызы
Белок

көмірсу


май

су

менералды тұздар



14 – тапсырма
18 – бетегі тақырыпты оқып кестені толтырыңыздар:
Ұлпа түрлері.
23
№ Ұлпа түрлері Адам организмдері маңызы Құрылыс ерекшелігі
1
2

15 – тапсырма


Кеуде қосынында орналасқан мүшелерді табыңыздар:
1. Өпке; 2. Бүйрек; 3. Жүрек;
16 – тапсырма
Тыныс алу жән е жүйке жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
1. Тыныс алу жүйесі: 2. Жүйке жүйесі:
1. 1.
2. 2.
3. 3.

17 – тапсырма


1-5 тапсырмаларды оқып, организм, мүше, мүшелер жүйесі деген ұғымдарды дәптерге бөліп жазып, түсіндіріп, анықтамасын жазыңыз.
Мүшелер
Мүшелер жүйесі
Организм
18 – тапсырма
Төмендегі сөз тізбегін аяқтаңыздар:
1. Қанайналым жүйесі жүректен тұрады;
2. Тыныс алу жүйесі мұрын қуысынан , ,
, , тұрады.
19 – тапсырма
Бауыр қандай мүшелер жүйесіне кіреді? Дұрыс жауабын табыңыз.
1. Қанайналым жүйесі. 4. Зәршығару жүйесі.
24
2. Тыныс алу жүйесі. 5. Жүйке жүйесі.
3. Ас қорыту жүйесі.
20 – тапсырма
Адам организмі қандай деңгейлерден тұрады?
Тізбекті аяқтаңыз: Клетка .

4.2. Дебат сабақ жүргізу әдістері.


Мектепте оқу бағдарламасы бойынша берілетін білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыруда жаңаша оқыт технологияның орны ерекше. Мұнда оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып, жас ерекшелігі, білім деңгейі, қабылдай қабілетіне сәйкес дамыта, әрі тәрбиелей отырып оқытуға баса назар аударылады. Оқытудың жаңаша әдістері дегеніміз – бұрыннан оқу үрдісіне пайдаланып кеген оқыту тәсілдері мектеп практикасында дәлелденген тиімді жолдарын дамытып, түрлендіріп, ғылым мен техника жетістіктерін енгізе отырып, заман талабына оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп алынған, мектеп мұғамілдері тарапынан кең қолдау тапқан оқыту әдістері.
Мұнда оқылатын пәннің ерекшелігі оқушылардың дайындық деңгейі, қабылдау мүмкіндегі, білім қоры, тағы басқады педагогикалық – әдістемелік ұсыныпдар ескеріледі.
Мектепте оқыту үрдісінде кеңіне қоладанылып жүрген әдістерінің бірі – дебат сабақ. Бұл сабықтардың нәтижелігі күнделікті оқыту барысында аудандық пәндік семинарларды өткізіп жүрген сабақтардан және әдістемелік журналдарда жарияланған ұстаздар тәжірибесінен айқын көрінеді. Дебат сабақ – бұл бір мәселе төңірегіндегі екі түрлі көзқарастаға адамдардың пікір сайысы. Өз тәжірибемде бұл әдісті орта және жағарғы сынып оқушыларымен белгілі тақырыптарды өткенді пайдаланамын. Мысалы, 8 сыныпта «Темекі, оның пайдасы мен зияны» тақырыбына өткізілген дебат
25
сабақтардан оқушылар өз тәжірибесінде теориялық білім тәлім тәрбие ала – алады.
Дебат сабақтарының өзіндік артықшылықтары бар. Олар:
1. Оқушылар алдын ала берілген тақрып бойынша өз бетінше ізденуді үйренеді.
2. Оқулық қосымша әдебиеттер, баспасөз және теледидар хабарлары арқылы берілген материялдарды жинақтап, жүйелі ой қорыта білуге дағдыланады.
3. Белгілі тақырып бойынша өз көзқарастарына сәйкес келетін пікірлерді, деректерді іріктеп, негізгі түйінді мәселелерді таңдап алуды үйренеді.
4. Өз көзқарасын қорғап, дәлелдеу арқылы қарама қарсы пікірлерді жеңіп шығу үшін білімін толықтырады.
5. Оқушыларда жүйелі сөйлесу, өз ойын ретті, түсінікті жеткізе білу дағдысы қалыптасады. Топ алдында сөйлей білу дағдысын меңгереді.
6. Қарама қарсы пікірді жеңіп шығуға талпыну барысында жүйке жүйесі жұмысын бағыттау, психологиялық дайындық, тағы басқа қажетті икемділіктерді өз бойына қалыптастырады.
7. Орынды дәлелдер келтіру алқылы өз пікірін дұрыс екендігі қарама қарсы пікірдегі жолдастарына мойындата білуді үйретеді.
8. Топпен бірлесіп жұмыс істеу көпшілік пікірінен, көзқарасымен санасу, сол арқылы өзіндік дұрыс жауап тұжырым жасай білу дағдысын меңгеріді.
Мысалы, «Темекі, оның пайдасы мен зияны» тақырыбы жергілікті жердің эканомикалық, экалогиялық және әлеуметтік ерекшілігіне байланысты таңдап алған. Сабақтың танымдық – тәрбиелік мақсаты былай белгіленеді: темекінің адам ағзасына, жас жеткіншектерін қауырт дамып, қалыптаса келе жатқан ағзасына зияны, бұл зияндықтың
26
қоғамға тигізетін әсерін түсіндіру, шылым шегуге әуестену дағдысына қарсы тәрбиелеу.
Сабақ дебат – тренинг түрінде өтті. Сабақ мақсаты өту реті түсіндіріліп болған соң тақтаға арнайы сұрақта жазылған кесте ілінеді.
1. Темекі өсімдігін өсіру тиімді ме, тиімсіз бе?
2. Шылым шегу зиянды ма?
3. Шылым адамдарды бір – біріне жақындата ма?
4. Никотин деген не?
5. Шылым шегуді ерте жастан тастаған тиімді ме?
6. Шылым тек тыныс жолдарына әсер ете ме?
7. Шылым шегудің өзіндік зияны бар ма?
Сұрақтармен таныс болғаннан соң қарсылас топтарға сөз беріледі.
Мұнда оқушылар сандық деректер, суреттер, мазмұнды көріністер, қысқыша әңгімелер арқылы өз пікірлері қорғайды. Тыңдаушылар екі пікірді салыстырып, ой елегінен өткізе отырып «ия» және «жоқ» деп, қол котеру арқылы дауыс береді, Әр сабақтың тұсына дауыс беру қорытындысы жазылады. Тақырыпқа байланысты жоғарыдағы 7 сұрақ талдап болған соң мұғалім темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Қазқтсан Республикасының Заңына қажетті тұстарын таңдай отырып, оқып берумен және диограммадағы жаргілікті жерге байланысты сандық мәліметтерді талғылай келе «олай болса …» деп оқушыларда ой туғызып, темекінің адам аңзасына тигізетін шексіз зиянын дәлелдейді.

Халық тұрмысы Халық денсаулығы

Темекі алқабының көлемі Темекі өнімдері

27
Сабақ нәтижесінде әр бір оқушы өзінің белгілі бір білімді жай қабылдаушы емес, өзіндік пікірі, көз қарасы жауапкершылыгы бар қоғам мүшесі екендігін сезіне түседі.

Қ о р ы т ы н д ы
Биологияны оқытудың өзін де оқушыларға ауызша (лекция), көрнекті құралдар, практикалық (лобараториялық) сабақтардың бірін – бірі толықтыра отырып оқушыға толықтай білім беруге болады. Оның өзін де оқушының күнделікті сабаққа дайындалып, жаңа ғылыми мақалалармен, әдебиеттермен танысып отырып білімін көтеріп отыруы керек. Неғұрлым оқушының білімі жан – жақты, терең болса оның оқушылары соншалықты білімді болады. Сонымен қатар окугылардың білім деңгейі олардың өзіндік қабілетіне байланысты. Оларды үш топқа бөлуге болады.
1. Бұл топтағылар берілген материалды толық меңгеріп, оған қосымша материал берсең де меңгере алады, оған өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беу керек, яғни оның қабілеті басқа оқушыларға қарағанда жоғары.
2. Бұл топтағылар материялды толық меңгере алады, бірақ кейбір сұрақтарға жеке, талдап түсіндіруді қажет етеді.
3. Бұл топтағы оқушылар материалды баяу меңгереді, оларға бір материалды түсіндіру үшін бір сабақ жеткіліксіз. Әр материалдың бірнеше саған және жеке отырып түсіндіру керек. Бұған уақыт аз және де бұлармен жұмыс істеу уақытыңды алады. Бұл кезде 1 – ші топтағы оқушылар материалды меңгеріп қойған олар алға жылжығысы келеді. Осыған байланысты жақсы оқитын оқушыларға бөлек топпен оқытса дұрыс болар еді деп ойлайсың.
Оқушылардың білімі төмен болуы көбіне мына факторларға байланысты болады екен.
1. Ойлау қабілетінің және интеллектінің төмен болуы.
29
2. Сабақтан қалу, сабақты жіберу, сабаққа бармау.
3. Денсаулығының төмен болуы.
4. Сабаққа қалауының болмауы.
5. Жанұяның және құрдасарының кері әсері.
6. Оқушылардың білім деңгейі төмен болуы.
7. Оқулықтардың, көрнекі құралдардың жеткіліксіз болуы.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б.
2. Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 – 51 б.
3. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №6, 39 – 40 б.
4. Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 – 34 б.
5. Кеңесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттың технолгияны пайдасына білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.
6. Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996ж. 160 б.
7. Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.
8. Қуанбаев Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технолгиялық негізде жетілдірудің дидактикалық негіздері. Автореферат канд. дисс. 2006.
9. Жылыбаев Ж. О. Педагогические условия формировние здорового образа жини учащеихся иннавационных школ. Автореферат канд. дисс. Астана 2004.
10. Түркіменбаев Ә.Б. Қоғамдық – гиманитарлық бағыттағы мектептерде жататылыстану пәндерін интерграциялап оқыту процесінің педагогикалық шарттары. Қазақстан мектебі. 2005. №7 9 – 12 б.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет