Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны



жүктеу 20.94 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі20.94 Kb.
түріСабақ
Мен және менің отбасым.
Сабақтың мақсаты: Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым – қатынас жасауға үйрету. Балалардың ой - өрісін дамыта отырып, сөздік қорларын байыту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы туралы суреттер.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, суретке қарап әңгіме құрау.

Түрі: ата – аналармен біріктірілген сұрақ – жауап сабағы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу.

Ә) «Менің балам қане» ойыны.

Шарты: балалар тақтаның алдына қолдарын созып тұрады. Көзі байланған ата – ана кіріп, өз баласын қолдарынан сипап табуы керек.
2. Отан – менің ата –анам,

Отан –досым, бауырым.

Отан - өлкем, астаным,

Отан - туған ауылым.



  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

Ал отбасы - кішкене Отан. Отбасында ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас болады. Осының бәрі отбасын құрайды. Отбасында кішілер үлкендердің айтқанын тыңдап, оларды сыйлау қажет. Үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.

Суреттерге қарап әңгіме құрау: Б. Сүйембаевтың «Мен апамның Ай мен Күні» өлеңі оқылады.

Апам мені: «Айым!» - дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді,

Апам: «Күнім!» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.



  • Нұрдәулет, сенің отбасыңда кімдер бар?

  • Бекболат, сен атаң мен әжеңе барғанда қалай амандасасың?

  • Гүлнар, әжең үйде немен айналысады?

  • Ақнұр, сен кішкентай сіңліңе қандай ойындар үйреттің?

Дидактикалық ойын.

А. «Жалғасын тап»

Па – Па, Ма – Ма, А –та, Ә - же, Ба – ла, А – па.


Б. «Сыңарын тап».

Ата -әже, әке – ана, аға - іні, апа – қарындас.

1 – бала.

Ана - өмір мәңгілік,

Жүзі нұрлы, таң күліп,

Ана – десе әркімнің

Көкірегінде жанды үміт.
2 – бала.

Бала, бала, баламыз,

Балдай тәтті баламыз,

Бала болып ән салып,

Би де билей аламыз.
3 – бала.

Ата менен ананың,

Айтқан тілін аламын,

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болса барамын.
4 – бала.

Әже деген көп шығар,

Әжемдей иенің жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.
5 – бала.

Жаман бала бүлдіреді,

Жақсы бала күлдіреді,

Жұмысқа да, сабаққа да,

Дер кезінде үлгереді.
6 – бала.

Тату өскен баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Нанға кетсе мамамыз,

Үйде өзіміз қаламыз.
7 – бала.

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ай мамам,

Сен керексің қашанда,



Сені көрсем қуанам.
: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Ертегілер еліне саяхат Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Тұрсынхан Әбдірахманова Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтын тақрыбы : Ұ ұ дыбысы мен әрпі Мақсаты
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> «Үй жұмысын тексеруде критериалды бағалауды қолдану»
EB0419249EE41AD0 -> Рахмет киелі, әліппе !
EB0419249EE41AD0 -> Оқу жоспары бойынша барлығы 34 сағат
EB0419249EE41AD0 -> «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын
EB0419249EE41AD0 -> Міндеттері: Достық өзара сыйластық туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет