Сабақтың барысы: Тәрбиеші: «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені»



жүктеу 35.65 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі35.65 Kb.
Бекітемін:

«Тәуелсіздік тәу - етер-киелі ұғым!»
Мақсаты: Мектепалды даярлық сынып оқушыларына Отанды сүюге,рәміздерді құрметтеуге,

туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыауға баулу.балаларды патриоттық тәрбие беру.



Көрнекілігі: суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені» дегендей әдепті балалар ең бірінші амандасудан бастайды екен.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем,сәлем,сәлем

Апайларды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Сәлеметсіздер ме,апайлар!
Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бір дауыспен,

Арманым – Ата заңым қабылданып.

(Әнұран орындалады)
Мұғалім:  

Кіріспе бөлімі.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған мектепалды даярлық сынып оқушыларының «Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым!»  атты тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер! Баяндама : Отан деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын адамдардың атамекені.  Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны  Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады. 1990жылы  26 қазанда Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Біз осындай келешегін алда болжап, өркен жайған, татуы берік, құшағы кең, достығы мәңгі жайнаған тәуелсіз отанның ұландарымыз.Ендігі осы отанымыздың гүлденуін, өркендеуін жеткізетін мына сендермен , біздерміз. Сондықтан адал достықты, терең білімді ұрпақ болуымыз керек.

1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Біз жаңа өмір есігін аштық. 1986 жылы 16 – желтоқсаны. Қазақтың санасын сілікіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. 1986 жылы 16-18 желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қайнаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Желтоқсан оқиғасының құрбандары: Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков т.б. Ендеше, Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен орнымыздан тұрып еске алайық.


Өзіңдікі-елдің де,

Өзіңдікі –жерің де.

Өзіңді өзің етен бақ,

Тәуелсізідік төрінде.

Өзіңдікі-Туың да,

От пен ауа,суың да.

Жаса,Қазақстаным

Белді бекем буын да.


Енді осы Отан, тәуелсіздік туралы бір жырлайықшы:

Жанайым.

Көтерілген шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

Жаннұр:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

 Нүргүл:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Бірлігіміз өз қолымда,

Еркіндігім –Елтаңбам.



Жаннұр:

Қуат алған өзінен,

Туған елдің қызымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Нүргүл:

Бұлт баспасын күнімді,

Тарылмасын күнімді.

Биік ұстау туымды,

Қасиетті борышым.
  Жарайсыңдар, балалар!

   Балалар қазақ халқының ұлттық ойындарының бір түрі

-      «Жорға ойыны» ол шапшандықты қажет етеді.

-       Мен сендерге сұрақ қоямын.

     Кім сұраққа толық, анық, тез жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.

1.     Қазақстан Республикасының президенті кім?

2.     Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

3.     Тудың түсі қандай?

4.     16-желтоқсан қандай мереке?

 Би: «Қара жорға»



Қорытындылау.

Мұғалім: Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық.Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы,әдепті,қайырымды,үлкеннің тілін алатын,кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін!Гүлдене берсін! деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз келіп,қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.
Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп айтамыз.


 



©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет