Сабақтың барысы



жүктеу 56.11 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі56.11 Kb.
түріСабақ







Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат

Мақсаты: Дамыту, логикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру. Математикалық ойындар ойнау барысында мақсаттарына жету ынталарын қолдау.Ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: 1-10-ға дейінгі сандарды білуі. Пішіндерден әр-түрлі заттарды құрастыру.Заттарды салыстыруы,топтастыра білуі.

Қажетті-құралдар: Пішіндер,сандар,кестелер,карточкалар.

Көрнекілік: Теледидар,кілттер, қамал,әр-түрлі көлемдегі пішіндер.

Әдіс-тәсілдері:салыстыру, топтастыру,көрсету,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

Топтың іші математикалық белгілермен безендірілген, топтың бір бұрышында ертегідегідей сарай, ол сарайдың ішінде математика ханшайымы отырады,сарай үлкен кілттелген шынжырлармен байлаулы.



Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар.

Балалар: Сәлеметсізбе апай.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті кәне амандасайық.

Тәрбиеші: балалар бүгінгі біздің сабағымыз әдеттегідей емес ерекше болайын деп тұр. Өйткені бүгін біз математика әлеміне саяхатқа барамыз. Барғыларын келеді ме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Ал онда математика әлемінің ханшайымы беріп жіберген сиқырлы таяқпен математика еліне аттанайық. (Балалар көздерін жұмады,музыка ойнап тұрады)

Тәрбиеші:Балалар мынау нағыз математика әлемі ғой.Кәнекей балалар жан-жақтарыңда нелерді көріп тұрсыңдар айтыңдаршы? Ал жақсы балалар кәнекей орындыққа отырайық. Математика еліне келдік бірақ біздің ханшайымымыз қайда екен? Ханшайымсыз бастай алмаймыз.

(Есік ашылып мыстан жүгіріп кіреді.)



Мыстан: Мен мұндамын менсіз бастамаңдар.

(Балалар мен Тәрбиеші таң қалып мыстанға қарайды)



Мыстан: Бұларың не мен нағыз математика ханшайымымын. Егер сенбесеңдермен қазір кетіп қаламын, сендерге сосын ешқандай саяхат жоқ.

Тәрбиеші: Жо-жоқ тоқтаңыз. Сіз математика ханшайымы болсаңыз дәлелдеңіз.

Мыстан: Жарайды

Тәрбиеші: 2+2 қанша болады?

Мыстан: 5

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші: Онға дейін санап берші.

Мыстан: 2,1,5,4,9,4

Тәрбиеші: Тоқта,тоқта дұрыс емес. Енді біз сенімдіміз сен математика ханшайымы емессің.

Мыстан: Жоқ мен ханшайыммын.

(алыстан дауыс естіледі балалар сендер оған сенбеңдер ол мыстан кемпір, менің сиқырлы сөзімді айтыңдар абра-кадабра, сим-салабим, деп айтыңдар сол кезде ол қатып қалады.)



Балалар: Ханшайымның айтқанында орындайды.

(Мыстан қатып қалады)



Ханшайым: Ол мені тығып ұстап отыр ал бір көзді дәу мені күні-түні күзетуде,балалар оның оң жақ қалтасында менің ұялы тасымалдаушым бар, сол тасымалдаушыны алып ішіндегі тапсырмаларды орындасаңдар менің сыртымнан жабылған кілттер ашылады.

Тәрбиеші: Балалар ханшайымды босату үшін мыстанның қалтасынан кілтті алып тапсырмаларды орындап ханшайымды босатайық.

(Балалар қалтадан ұялы тасымалдаушыны алады)

(Ұялы тасымалдаушыны теледидарға қосылады)

Ең алдымен мен сендерді санай аласыңдар ма екендеріңді тексеремін.



1 тапсырма: Балалар сендер сандарды білесіңдер ме? Білсеңдер менің №1 саны бар сиқырлы қорабымды ашыңдар.

Тәрбиеші: балалар бұл қорапта мойынға ілетін сандар, «көршісін тап» деген ойын ойнаңдар деп жазыпты.

(Барлық бала мойындарына сандар ілінеді, музыка ойнап тұрады балалар билейді музыка тоқтаған кезде балалар рет-ретімен сандар болып тұра қалады, балалар дұрыс тұрса сиқырлы әуен ойнап бірінші кілттің тығулы жерін айтады.)



2 тапсырма: Балалар сендер пішіндерді білесіңдер ме? Қандай пішіндерді білесіңдер? Білсендер менің №2 саны бар сиқырлы қорабымды ашыңдар.

Тәрбиеші қорапты алып, балалар мұнда көптеген пішіндер бар екен, осы пішіндерден әр-түрлі заттар құрастырыңдар,топтастырыңдар және бос тор көзге орналастырыңдар деп жазылыпты.



Тәрбиеші: Ал енді балалар бұл тапсырмаларды үшке бөлініп жылдам орындайық.

1 топ-пішіндерден әр-түрлі заттар құрастырамыз

tangram_11.jpg tangram_6.jpgtangram_2.jpg

2 топ-пішіндерді пішіні және түсіне қарай топтастырамыз.

http://shkola7gnomov.ru/upload/image/22.jpg

3 топ- бос тор көздерге пішіндерді дұрыс орналастырамыз.



http://shkola7gnomov.ru/upload/image/17%281%29.jpg

Барлық тапсырмалар дұрыс орындалса әуен ойнап екінші кілттің тығулы жерін айтады.



3 Тапсырма:Балалар сендер салыстыра білесіңдер ме?

№3 сиқырлы қорапты ашып тапсырманы орындаймыз.



Тәрбиеші:Қорап ішінде әр балаға тарататын карточка арқылы салыстырамыз.

4 тапсырма: Мұнда балалар мен сендердің логикалық ойлауларыңды және әр-түлі ұзындықтағы жолақшаларды ретімен орналастырыңыздар. №3 сиқырлы қорабымды ашыңдар.

Тәрбиеші: Мұнда балалар жолақшалардың артында әріптер бар екен, жолақшаларды рет-ретімен дұрыс орналастырсаңдар бір сөз шығады. (жарайсыңдар)

Мұны бірінші топ орындайды.

Ал екінші топ логикалық тапсырмаларды ауызша орындайды.

Барлық тапсырмалар дұрыс орындалса әуен ойнап үшінші кілттің тығулы жерін айтылады.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біз мыстанның барлық тапсырмаларын дұрыс орындадық, енді барып математика ханшайымын босатайық.

(Балалар кілттерді алып математика ханшайымын босатады.)



Математика Ханшайымы: Рахмет сендерге балалар сендер маған көмектестіңдер, математикалық тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадыңдар, жарайсыңдар сендерге көптен-көп рахмет. Ал енді мен сендерге «Қатып қал» стратегиясымен тапсырма беремін.

Тәрбиеші:Ал енді балалар топқа оралатын уақытта болды, ханшайыммен қоштасып топқа оралайық.

(Әуен ойнап топқа ораламыз)



Тәрбиеші: Балалар сендерге математика ханшайымының елінде ұнады ма?

Қорытынды: Сабақтан алған әсерлеріңді мына кестеге салыңдар.

Саяхатта не көрдің?










Кім? және не ұнады?










Көңіл күйлеріңді салып беріңдер










: files -> caf
caf -> Сабақтың мақсаты: а Білімділік мақсаты
caf -> Тәрбиеші Еңбек өтілімі – 27 жыл
caf -> Мақсаты: Таңыс ертегілер мазмұнын қысқаша айтып кету, ертегінін мазмұнын тындауға қызығушылықтарын арттыру. Ертегінің мазмұның әңгімелеу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту
caf -> Сабақтың тақырыбы: «Ойдан шығарылған ертегілер»
caf -> Санаты: 1 Тақыырып: Әжемнің ауылында қонақта
caf -> Лауазымы: Ағылшын тілі мұғалімі
caf -> Наименование детского сада МҚкк «№9 сәбилер бақшасы»
caf -> «Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»
caf -> Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімнің «Павлодар қаласының №8 сәбилер бақшасы» МҚҚК. «Қыс ғажайыптары»
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет