Сабақтың мақсаты : Білімділігі: оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру. "



жүктеу 37.17 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі37.17 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «С» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру.
"С" дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 
"С" дыбысына байланысты сөздер ойлауға дағдыландыру. "С" әрпінің баспа түрін жазып үйрету.
Дамытушылығы: Ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту.Сөздерді буынға бөлу, сөйлем құрауға дағдыландыру. 
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа тәрбиелеу, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданатын көрнекі -құралдар: суреттер,кеспе әріптер, кеспе текшелер,әліппе-дәптер

Сабақтың барысы

І.Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Амандасу үлкенмен.
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме !

ІІ.Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Балалар сауат ашу сабақтарында біз қандай дыбыстармен таныстық?

Жақсы.Ал дыбыстар қандай болады?

Қазір, «Тез ойлаң» деген ойын ойнайық,дауысты дыбыс болса-бір шапалақ,ал дауыссыз дыбыс болса тізелеріңді бір соғасыңдар.

Балалар, бүгін сендерге қонаққа Саяхатшы Дара келіпті. Дара сарыгүлдер жинауға шығыпты. Сарыгүлдерге жетуге көмектесеміз бе?

Сарыгүлдерге жету үшін оған бір неше кедергілерден өту қажет.



1.Тапсырма

Буындар оқып ,сурет құрастыру

Жаңа сабақ



Сурет бойынша әңгіме.

-Балалар,сурет бойынша әңгіме құрастырайық.Суретте не көріп тұрсыңдар?

Сиыр.Сиыр қандай жануарға жатады?

Сиыр немен коректенеді? Сиырдың қандай пайдасы бар?

Сексеуіл ағашы діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк.

Саңырауқұлақтар-төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны



Сәбіз пайдалы көкөніс.

Сара сауды сиырды,
Сексеуілді сындырды./хормен қайталау/


-Балалар, мына сөздер қандай дыбыстан басталады.

-Кәне, бірге «С» деп қайталайық.

-Балалар «С» дыбысы өте таныс дыбыс ,ол жыланның дыбысы.

-«С » дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады

«С» дыбысы созып айтуға келеді ме?

-Сондықтан да, «С» дыбысы дауыссыз дыбыс.Дауыссыз дыбысты қалай белгілейміз?

«С» әрпінің қимасын көрсетіп, тақтаға бас әрпін ілу.

«С» әрпі неге ұқсайды? /Айға/

2 тапсырма

«Тауға өрмелеу» «С» дыбысына сөз атау, және буынға бөлу.

-Балалар «С» дыбысына басталатын сөздер атайық және буынға бөлейік.

(Қолдарын шапалақтап буынға бөледі)

«Әліппе-дәптердің тапсырмаларын орындау»



3 тапсырма

«Сарқыраманы өту » Дыбыстық талдау жасап ,көпір құрастыру.

-Қызыл және көк дөңгелек пайдаланып, «асық» және «сандық» сөздеріне дыбыстық талдау жаса.



4 тапсырма

«Жол дорба»

-Балалар,Дараның жол дорбасы шашылып қалыпты ,жинап көмектесеміз бе?

-Мынау не?

-Сауат ашудың тапсырмасын орындайық.



«С» әрпі сөздің басында ,сөздің ортасында ,сөздің соңында кездеседі

Оқулықтағы буын,сөздерді хормен оқу

«Б», «б» әрпін тақтада жазып көрсету, ауада жазу ,дәптерге жазу

Се ргіту сәті


Тамшы түссе-тырс,тырс.

Айтады гүл: дұрыс,дұрыс.

Тамшы түссе-тырс,тырс.

Айтады қыр: ырыс,ырыс.

Текшелерге сөздер жазу



Сөйлем құрастыр.

Ребус шешу

«Сағат» биі

ІІІ.Рефлексиялық-түзетушілік кезең

-Балалар Дарамен сарыгүлдерге жеттік.Ол өте қуанышты ,сендерге гүлдерді осы гүлдерді сыйлай отырып,сендермен қоштасқалы отыр.

-Балалар, бүгін сауат ашу сабағында қандай дыбыспен таныстыңдар?

- «С» дыбысы қандай дыбыс?



-Сабақ сендерге ұнады ма?

d:\users\desktop\ашық сабақ\20141219_102258.jpg

d:\users\desktop\ашық сабақ\20141219_102639.jpg

d:\users\desktop\ашық сабақ\20141219_102852.jpg

d:\users\desktop\ашық сабақ\20141219_102733.jpg

d:\users\desktop\ашық сабақ\съемный диск\dcim\100photo\sam_3710.jpg

http://raskras-ka.com/wp-content/uploads/2012/12/raskraska-zmeya-28.gif

: 1E7973318117C007
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: "Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл"
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: білімділік
1E7973318117C007 -> Кітап -досым, ақылшым!
1E7973318117C007 -> «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл»
1E7973318117C007 -> Тізбектелген сабақтар топтамасының рефлексивтік есебі
1E7973318117C007 -> Smart технологиясы бастауыш сыныпта
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы : Композиция, пропорция, түс. Сабақтың мақсаты
1E7973318117C007 -> Сабақтың атауы Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі Сілтеме
1E7973318117C007 -> Тақырыбы: Туым- теңдігім, Елтаңбам- елдігім, Гимн- айбыным Мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет