Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың сын есім,негізгі,туынды сын есімдерден алған білімдерін бекіту,жинақтау



жүктеу 29.01 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі29.01 Kb.
Сабақтың тақырыбы:Сын есім.

Сабақтың мақсаты:1)Оқушылардың сын есім,негізгі,туынды сын есімдерден алған білімдерін бекіту,жинақтау.

2)Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,туынды сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру,тірек сөздерді пайдаланып сөйлем, мәтін жазуға жаттықтыру.

3)Оқушыларды тапқыр да еңбекқор,ойлы болып өсуге тәрбиелеу.Адамгершілікке,әдептілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі:Сурет,таблица,тірек сөздер,гүлдер,бағалау парағы,бағдаршам.

Сабақтың типі:Жаңа біліммен іскерлікті қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:Оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін қолдану.

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру: ребус шешу, гүл теру,топқа бөлу,

ІІ. Оқулықпен жұмыс

ІІІ. Топпен жұмыс

Практикалық кезең

Сергіту сәті

Бағалау


Тірек белгілер,қорытынды,үйге тапсырма,бағалау.

Мәтінді сын есімсіз оқы. Сын есімсіз оқығанда қандай өзгеріс байқадың,сын есім қосып оқығанда қандай өзгеріс байқадың. Сын есім қосып оқу қажет пе? Сын есімдердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.

Тау жолы.

Соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында......................... сөмке, қолдарында сапты балғалары бар. Бұлар-геологтер. Олар тау-тасты кезіп,.......................... қазбалар іздейді.

Керекті сөздер: тар, ұзын, ауыр, пайдалы.
Дәптермен жұмыс:

Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.Жұмбақтың шешуіне қандай сөздер көмектесті. Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесіңдер?

Сырты жасыл,қап-қатты,

Іші қызыл тәп-тәтті.


Топпен жұмыс

А) Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап. Неліктен сол затты айтқандарыңды дәлелдеңдер?




Қалың

Қалың


Бұйра

Қалың


ұзын

Қалың


қысқа

Қалың



кең


Қалың

жарық

Қалың


биік


Қалың

Б)Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып,өз орындарына қойып өлеңді оқыңдар.

................бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз....................... күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

.....................бала жанында,

Ұрыс пен......................., айқай шу.

...................бала маңынан,

...................қылық байқайсың.

Негізгі сын есімдерді бір сызықпен,туынды сын есімдерді екі сызықпен сыз.

Сөздер:ұрыншақ, бала, тәртіпті, ұстамды,ұнамды,керіс.


«Тірек белгілер» оқыта үйрену әдісі.

Топпен жұмыс

1-топ.Туынды сын есімдерді тап.

Біздің сыныптың балалары білімді.Туынды сын есімді сөзқұрамына талда.Туынды сын есімнің түбірлері қандай сөз табынан жасалған.


2-топ.Күрделі сын есімді тап .Күрделі сын есімдер қалай жазылады.

Аралас орманның ағаштары сап-сары,екінші бір ағаштардың жапырағы қоп-қоңыр.


3-топ. Қарсы мәндес сын есімді тап.Қарсы мәндес сын есімдерге сұрақ қой, астын сыз.

Үйрен жақсы әдептен,

Жирен жаман әдеттен.
Сабақты бекіту: «Дұрыс /Дұрыс емес» стратегиясы.

Таблицаны толтыру арқылы өз ойларын дәлелдеу.



Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Үйге тапсырма:1,6 жаттығу,ереже.Үйге тапсырма:1,6 жаттығу,ереже.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет