Сабақтың мақсаты: а Білімділік: «Қалқаман-Мамыр»



жүктеу 38.5 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі38.5 Kb.
түріСабақ
ОҚО Оырар ауданы Ынталы ауылы
Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті Қияс Сәуле Әбдікәрімқызы ______

Сабақтың тақырыбы: Қалқаман-Мамыр

Сабақтың мақсаты:

а Білімділік: «Қалқаман-Мамыр» поэмалының мазмұның тақырыбын,идеясын тану,поэманың көркемдік ерекшелігін таныту ә) Дамытушылық:Поэманың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау және ақын идеясының нақты танымын аңғару. ә)Тәрбиелік:жас ұрпақты шындыққа, адалдыққа,адамгершілікке,уәдеге беріктікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

әдіс: Түсіндіру, баяндау,мәнерлеп оқу,сұрақ жауап,талдау.

Көрн: «Қалқаман-Мамыр»поэмасы, шығармалары жинағының топтамасы,сурет көрністері, сызба таблицалар,

«Еңлік-Кебек» поэмасы.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушы назарын аудару.

ә)сабақ мақсатын түсіндіру


ІІ Үй жұмысы:

Абай Құнанбаев шығармаларынан қайталау.

Үй тапсырмасында орындалған жұмыс түрлері:

а)Абай және оның өлеңдеріндегі халық тағдыры.

ә)Абай шығармаларына заман тұрғысынан қарау (ой толғау,ой қозғау)

б)Абай және оның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшелік (тілі,ойы,сөз көркемдігі)

Жаңа тақырыппен байланыс .

Абай мен Шәкәрім сабақтастығы.

Шәкәрім-Абайдың талантты шәкірті.

Алыптар үндестігі.

Шәкәрім поэмасынның Абайдан алған тәлімі.

Жаңа тақырыптың өзекті мәселесі:Қазақ қоғамының ХІХ ғасырдағы ел басқаруы, дала заңдарының кертартпа көрінісі айқын танылған кезең еді.

Шәкәрім поэмасы-қазақ тарихында өткен лиро-эпостық жырлардың заңды жалғасы деуге болады.

Шәкәрім поэмасын түсіндірмек бұрын үнтаспадан поэма ішінен Әнет бабаның немесе Көкенайдың ызбарлы үні естілген үзіндісін тыңдатамыз

1. Бұл үзіндіден қандай қатал үнімді тыңдадыңдар?

(Көкенай дауысы)

2Әнет бабаның сөзі

Осы сөзді тыңдатып оқушылар арасында пікірталас айтқызу

Мұғалім сөзі

Бұл поэманың үзіндісін не үшін тыңдадыңдар?

Яғни,бұл жаңа сабаққа талпыныс жасау.

Дәптермен жұмыс.

Жаңа тақырып .Шәкәрім Құдайберді ұлының

«Қалқаман-Мамыр» поэмасы.

Кітаппен жұмыс:

1 Қалқаман,Мамыр таныстығын іздеу.

2 Көкенай қандай тұлға?

3Дәптермен жұмыс

Оқушылардың жауабы:

Көкенай ел тізгінін ұстаған батыр,ар-намысы қаталдыққа, мейірімсіздікке ұласқан кейіпкер.Поэмадағы ең қозғаушы күштің бірі.Поэмамен жұмыс жасаған соң, оның қандай идеялық мақсатпен жазылғанын айқындаймыз.

Мұғалім сөзі: «Қалқаман-Мамыр»трагедиясы-сол заманың ащы шындығы,шынайы реализмі. Мұқтардың «Еңлік-Кебек» драмасындағы жастардың бас бостандық мәселесі, бұл поэмада қайталанып ел ішінде рулық, қақтығыстық айқын көрінісі аңғарылады.

Оқушыларға тапсырма:

1.Көкенай, мәмбетей неліктен Қалқаман Мамырдың қосылуына қарсы болды?

2.Көкенай неліктен асығыс шешімге барды?

3.Әнет баба неліктен қатал үкімге барды?

Сабақтың ең өзекті кезеңі кім кінәлі, оқиға немен аяқталды?

Ақын Қалқаманға қандай түйін жасатты?

1-ші оқушы:Менің пікірімше Көкенайдың қабылдаған шешімін-елінің маңызын аяқ-асты қылды деп өз мақсатын танытпауға тырысқан екі жүзді кйіпкер тұлғашы бар. Өйткені Көкенай батыр, сөзге шешен,ақылды бола тұра өзінің ақсүйектік тектілігін жоғары ұстаған және қолың мол,байлық есебін іштей көздеген кейіпкер бйнесі:

Мұғалім: 2-ші сұраққа кім дәлелдеме айта алады?

2-ші оқушы.Міне, біз Көкенайдың көздеген ішкі мақсатынан екі жастың қатал тағдырға ұшырағанын аңғарамыз.

1-ші шегініс: Мәмбетей жалпы кім?

2-ші шегініс: Әкет баба туралы мәлімет.

Ол-қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі. Арғы ата-бабалары дәулетті ортадан шыққан, ел тізгінін қолға ұстаған апай төс,шынжыр балақтардың өзі.

Мұғалім сөзі:Егер Әнет бабаның аузына мынадай бір үкім шығартсақ:өлер Мамыр өлді,Қалқаманды босатып жер аударып жіберейік десе, седер қандай пікір айта алар едіңдер?

Оқушылардың ойын қозғау.

Оқушы сөзі:-Егер Әнет бабаның орнында мен болсам, Қалқаманға бас бостандығын беріп, оны ел ішінде қалдырар едім.Өйткені ол адал жарынан айырылған соң өзін- өзіне шешім шығарып қоюы да мүмкін еді.

Оқушы сөзі:-Егер мен Әнет бабаның орнында болсам,Қалқаманның көзін жоюға тырысар едім.Себебі:Мамырдан ол артық емес.

Көрнекілікпен жұмыс:

Тақтада:

1 Салт-дәстүрлер көрінісі.

2 Көркемдегіш құралдар.

Бекіту кезең:

Мұғалім:Поэманың идеялық мазмұнын қалай түсіндің?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Оқушы сөзі-Поэманың идеялық мақсатында ұғынғанымыз: байлық пен қалың малдың қазақ сахарасындағы алған орны қандай екенін таныдық.Мамырдың жазықсыз тағдырын өлімге байлауда, олардың адал махаббатына қатыгездік жасады. Оны жасаған өзіміздің ата-бабалар.

Оқушыларға ізденіс тапсырмалар, яғни поэманың ішінен мыналарды табады.

1 Поэмада кездесетін жер-су атаулары, табиғи сюжеті

2 Поэмадағы қазақ ауылының шынайы келбеті.

Шығармашылық жұмыс немесе суретпен жұмыс.

Қалқаман-Мамыр суреті. Екі жас дәл осылай қосылып ғұмыр немесе, онда поэманың оқиғасын қой қырынан таныр едің?



Үй жұмысы: Поэманың 5 шумағын жаттау, поэма мазмұнына сай сурет салу, мәнерлеп оқу.

Бағалау. Оқушылардың осы сабақ бойынша ой-пікірлерін өздеріне айтқызып, бағалатамын. Оқушы бағалау қызметін атқарады. Ол үшін 2-3 оқушы ой-сарапшысы болып қатысады.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет