Сабақтың мақсаты: а\Білімділік



жүктеу 20.35 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі20.35 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы:Ұ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік:

Оқушыларды «Ұ» дыбысының айтылу,дыбысталу артикуляциясымен таныстыру,көркем жазуға баулу.


ә\Дамытушылық:

Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін дамыту.


б\Тәрбиелік:

Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.


Сабақтың міндеті:

Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру,ойын.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспеәріптер, буындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық:
Сәлем саған,Жер Ана,
Сәлем саған, нұрлы Күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
*Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық.

Балалар дыбыстарды айтады

Дыбыстарға байланысты тақпақтар және тіл ұстарту сөздерін айтады.

- Дұрыс айтасыңдар!

Сергіту жаттығуы
Топ-топ етіп басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
ІІ.Негізгі бөлім

Жұмбақ жасыру:

Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне
Орап түсіп барады . (Ұршық)
- Бұл ұршық . Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршықты қолданған.
- Қане, балалар «Ұршық» сөзін қайталап, буынға бөлейік. Ұр - шық.

-Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?


Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі.»
Тіл ұстарту жаттығуы
Ұс-ұс-ұс
Қарлығаш киелі құс

Дәптермен жұмыс

Ұя,құдық,бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызу.Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында келетін сөздерге мысал келтіру.Дәптердегі буындарды,сөздерді оқыту

Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.Торкөздегі ұ дыбысынң орнына қарай сөз ойлап табады.Торкөзді санап ,суретті қайталап,салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса.Ұлу ,ұя,бұғы,ұршық

Тордағы әріптерден сөз құра.


Жаңылтпаштар жаттату

Тұз-мұздай,


Мұз-тұздай.

Талап-тұлпар,


Білім-сұңқар.

Сергіту сәті

Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақты біз жасадық,
Инеліктен үйреніп,
Зу-зу,зу-зу,зу-зу

ІІІ. Қорытынды. Сұрақ - жауап әдісімен:


- Қане, балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?
- Ол дыбыс қалай айтылады?
- Ол дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?
Балалар сабақтан алған әсерін бағдаршам арқылы білдіреді.
Сабаққа белсенді араласқан балаларды мақтап мадақтау
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет