Сабақтың мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсінікті бағалай білуге үйрету. Сабақтың міндеттері



жүктеу 41.64 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі41.64 Kb.
түріСабақ
Смагулова Алтынай Мақсұтқызы

Павлодар облысы,Лебяжі ауданы

Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі

Дос болайық бәріміз!

Өзін –өзі тану сабағы

1 сынып

Сабақтың мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсінікті бағалай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

1.Сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;

2.Адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту;

3.Адамның айналысындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.



Сабақтың көрнекілігі: хрестоматия «Өзін – өзі тану» пәніне кіріспе, оқу құралы, «Дос туралы жыр» , жүрекшелер.

Шаттық шеңбері

Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық.Бәріміз бір-бірімізге жақсылық тілеп, жылу берейік, күлкімізді сыйлайық. Бүгінгі сабағымызда «Достық» тақырыбына байланысты бір-бірімізге деген ыстық ықыласымызды білдірейік.Білімгерлер бір-біріне деген достық сезімдерін білдіреді.Сабағымызды мына 4 шумақ өлеңмен бастайық:

Не жетеді нағыз досқа, асылға

Қуансаң да, қайғырсаң да қасында

Қиналады сен қиналсаң болғаны

Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы.



Әңгімелесу

Құрметті оқушылар!Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық» деп аталады. «Достық өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос- жарансыз өмірді қаламақ емес» - деп , Аристотель атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымызда жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.

Достық – екі адамның бір-біріне деген адалдығы.Шынайы дос болу үшін ең алдымен адалдық керек, тұрақтылық керек, бір-біріне деген сыйластық керек.

Адамның доссыз болғанынан , туысқансыз болғаны жақсы.Бір данышпаннан дос жақсы ма, туыс жақсы ма деп сұрағанда , дос жақсы деп жауап берген екен.Сондықтан да досыңа қолыңнан келген барлық жақсылығыңды жаса деген екен.



  • Сіздер «достық» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Өз достарыңыздың қандай қасиеттерін сіз ерекше бағалайсыз?

  • Нағыз достық, нағыз шынайы махаббат кез келген адамның өмірінде кездесе бермейді деген пікір бар, сіз осы пікірмен келісесіз бе?

Білімгерлердің жауаптары тыңдалады, қорытындыланады.

Дәйексөз

Жақсыменен дос болсаң, алдыңнан шығар елбектеп,

Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет

Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса , қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

Абай

Дос табудың ең жақсы жолы – дос таба білу



Бальтасар Грашан

Мен туралы шындықты дос айтпаса , маған кім айтады,

Ал өзің туралы шындықты өзгелерден тыңдау қажет – ақ.

В.Г.Белинский

Дос туралы жыр

Сөзі: Т.Молдагалиевтікі

Әні: С.Бәйтерековтікі

1.Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.

Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсың мерейің

Әрқашан жеңісіңді көрейін

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

2.Қос бұтағы секілденіп ағаштың,

Қатар тұрып гүлімізді сан аштық.

Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.

Қайырмасы:

Өмір өзі арқамызға жүк салып,

Бәрімізді қияларға жұмсады.

Қатар ұшқан құсқа ұқсап әлде біз,

Қатар жанған екі шамға ұқсадық



Шығармашылық әрекет

«Ішкі жан дүниенің төлқұжаты»

Әр ел азаматының төлқұжаты болады.Онда адам туралы ең маңызды мәліметтер, туған жылы, отбасылық жағдайы т.б. көрсетіледі. Бірақ, біз ол қандай адам, оған не маңызды, өз бойында ол нені бағалайды, оны не ренжітеді немесе қуантатынын түсіне бермейміз.

Біз қаншалықты дос болсақ та ,ішкі жан дүниесін біле бермейміз.Сол себепті қолдарыңызға мына қағаздарды, яғни «жан дүние төлқұжатын» ұсынамын. Бір сәтке, сіз адам , тұлға ретінде өз бойыңызда бар немесе болса екен деген қасиеттер туралы ойланыңыз.

Оқушы «төлқұжатты» толтырып, оқып беруіне болады.

Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар.Көздеріңізді жұмып, денемізді түзу ұстаймыз.Сіздер әрқайсыларыңыз ерекше жаратылған, бір-бірлеріңе ұқсамайтын ерекше жандарсыздар. Бәрің әдемі, сұлу,күшті, бақытты , мейірімдісіздер.

Енді әрқайсымыз достарымызды есімізге алып, бізге жасаған жақсылықтарын ұмытпай , ерекше қасиеттерін атап өтейік.

Менің досым өте мейірімді.Ол мені ешқашан жалғыз қалдырған емес.Қандай қиын сәттер болса да, менен ешқандай көмегін аянбайды. Достарымызбен бірге өткізген қызықты сәттерімізді есімізге түсіріп , болашақ армандарымызды жүзеге асырып көрейік.

Осындай адал достарым болғаны үшін мен өзімді бұл өмірде бақытты сезінемін.Жайлы музыка әуені ойналады.

Тақырып бойынша ой қорыту

Оқушылар берілген тапсырма бойынша қағазға «достыққа» байланысты сөздер жазып, қағаз бетіне түрлі-түсті қағаздардан гүл жабыстырып , достарына , келген қонақтарға ұсынады.



Қорытындылау

Достарыңа әрқашан адал, таза, ақ ниетті болыңдар.Жандарыңнан қашан да жақсы дос табыла берсін.Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе,сіздерге тек қана бақыт және де сол бақытты , қуанышты , қайғыны бөлісе білетін достарың көп болсын деймін.Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.



Жүректен – жүрекке

Оқушылар шеңберге тұрып , бір-біріне күлімсірей қарап, жүрекшені ұсынып, өздерінің достық сезімдерін білдіреді.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет