Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың қазақ халқының шешендік сөз өнері айтыс туралы білімдерін тереңдету



жүктеу 24.86 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі24.86 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мұқан Төлебаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың қазақ халқының шешендік сөз өнері – айтыс туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылығы: Сөз (поэзия) менмузыканың өзара байланысы жөніндегі білімдерін тереңдету. Дыбыс үндестігін сезінуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық көзқарасын кеңейту. Сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, М.Төлебаевтың,портреті т.б.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Технология: СТО, АКТ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу, құрал-жабдықтарын жинақтау

2 . Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз.

Қайырлы күн! Амандасып аламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов
1. Қашан дүниеге келді? (1906-1968жж)
2. Қай жерде дүниеге келді? (Ақтөбе облысы, Темір ауданы)
3. Кең тараған сүйікті әндерінің бірі қалай аталады? (Ақ көгершін)
4. Әнді 1952 ж алғаш рет кім орындады? (Роза Бағланова)
5. «Ақ көгершін» әні нені суреттейді? (Бейбітшілікті, достықты, татулықты)
6. А.Жұбанов кім? (Композитор)
7. Қандай шығармаларын білесің? («Ақ көгершін», «Ақ шағала», «Амангелді»)

III. Жаңа сабақ
1. Сөзжұмбақ шешу
2. Ой қозғау

Слайд бойынша сөзжұмбақты шешу



Мұқан Төлебаев (1913-1960ж.ж) Талдықорған облысының Қарашаған ауылында дүниеге келді. Анасы Тәжібала суырыпсалма ақын, әнші болған. Музыкалық қабілетін шыңдау үшін 1936 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясына оқуға түсіп, 1941 жылы бітірді. Мұқан Төлебаев – композитор, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО халық әртісі. 1936 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының жанындағы қазақ студиясында, 1941-1946 жылдары Е.Г.Брусиловскийден композиция бойынша дәріс алды. 1957 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. М.Төлебаев «Біржан-Сара», «Амангелді» операларын жазды. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Отан даңқы», «Москваға сәлем» атты әндері бар.

IV. Оқулықпен жұмыс
М.Төлебаев шығармашылығының үлкен бір саласы – ән-романстар.
Романс – ән жанрынан күрделі болып келетін, белгілі бір музыкалық аспаппен сүйемелденіп орындалатын шығарма.

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс
«Өнер алды қызыл тіл» дейді халық даналығы. Айтыс өнері – қазақ тілінің сөздік қорын байытатын зор қазынасы. Қазақ кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан атақты компазитор М.Төлебаев опера жанрына «Біржан-Сара» операсы арқылы халықтың поэтикалық жанры – айтысты алып келді. Поэзия мен музыканың тығыз байланысын биік дәрежеде көрсете білді. «Айтбай», «Жанбота», «Гүлдер-айым», «Ойжайлау» әндері арқылы Біржан мен Сара сияқты өнерпаз жандардың біртұтас бейнесі жасалған.
Музыка тыңдау:
Қазақтың халық әні: «Гүлдер айым» тыңдалады.
Операдағы Сараның ариясы қазақтың халық әні «Гүлдер айым» негізінде жазылған.
Ән әуеннің желісі, ашық тембрі, екпіні ақын қыз, батыл қыз, сөзге шешен қыз Сараның бейнесін аша түседі.

Ән үйрету: «Қарлығаш» әнін

V.Бекіту
1. М.Төлебаев кім?
2. Қандай операсымен таныстық?
3. Операдағы негізгі кейіпкерлер?
4. Қандай халық әнімен таныстық?

VI. Қорытынды



VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма

«Қарлығаш» әнін жаттау
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет