Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасын үйрету



жүктеу 43.14 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі43.14 Kb.
түріСабақ
Павлодар қаласы

Қ.Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебі

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ануар Ғибадат Маратұлы

Білім алушылардың жалпы мәдени және кәсіби дайындықтарындағы дене тәрбиесі.Дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік:Оқушыларға дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасын үйрету.

2.Дамытушылық: Жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу.

3.Тәрбиелік:Салауатты өмір салтына баулу.

Сабақтың типі:оқыта-дамыту.

Сабақты ұйымдастыру формасы және қолданымдағы оқу әдістемесі:

Практикалық,жеке ізденіс, мәселелік.



Пәнаралық байланыс: Еңбекті қорғау.

Спорттық құрал-жабдықтар: ысқырық,уақыт өлшеуіш.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сапқа тұрғызу кезекші баяндамасы.Сәлемдесу.Тізім бойынша тексеру.Жеңіл жүгіріспен жүгірі, жүгіру жаттығулары, жай жүру, тыныс алуды қалпына келтіру, бой жазу жаттығулары, бір қатарлы сапқа тұру.



II.Өткен тақырыпты сұрау: Бірінші тақырып болғандықтан осы өткен тақырыпты қысқаша сұрау.

III.Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру:Жеңіл атлетика ережелеріне, жаттығуларына мұқият көңіл бөлу.

IV.Жаңа тақырып: Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе- жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік.Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.

Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп,оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;

Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т.б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.

Спорт залда ,алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.

Спорт залдағы электр розеткалары мен электро-щиттеріне тиіспеу керек;

Спорт, алаңда орнатылған ,құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;

Гранат, кіші доп т.б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға , сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.



Жеңіл атлетика.

1.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім кию керек.

2.Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет.Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.

3.Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш,бұта,төмпешік т.б) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

4.Жүгіру,секіру,лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

5.Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды.Тырма ,күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.

6.Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б.) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.

7.Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.

8.Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

9.Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

10.Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Гимнастика сабақтарында.

Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындалуда жарақаттанып қалудан сақтану керек.Мысалы, 2-3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;

Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат,бөрене,керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б.жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;

Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.

Тексерілмегениспорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;

Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;

Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын,спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.

1.Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.

2.Гимнастикалық құрал- жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.

3.Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.

4.Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.

5.Спорт жабдықтарынан (ат,бөрене,гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.

6.Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.

7.Гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды.Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек.Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.

8.Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

9.Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.

10.Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда,оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

V.Бекіту:

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде қандай аяқ киім кию керек?

Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға бола ма?

VI.Үй тапсырмасы:

Таңғы гигиеналық бой жазу жаттығуларын жасау.Спорт киімдерін дайындау.



VII.Қорытынды:

Дене тәрбиесінің өмірдегі маңыздылығын атап айту.Дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін толық жеткізу.Спорт денсаулық кепілі.Жеңіл атлетиканың дене тәрбиесіндегі алатын рөлі.Керекті көрнекі құралдармен атын айтып таныстыру.Атесттациялық , семестрлік нормативтермен таныстыру.



VIII.Оқытушы ескертпесі:

Сабаққа кешікпей келу.Арнайы спорт киімін әкелу.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет