Сабақтың мақсаты: о қушылардың белсенділік рөлін арттырып, бірлесе шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік, шеберлікке үйрету



Дата07.07.2016
өлшемі47.64 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: «Фантазия кеші»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың белсенділік рөлін арттырып, бірлесе шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік, шеберлікке үйрету.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, логикалық ойлау, көркемдеп сәндеу, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту.
Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

3. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы:
1. Ұйымдастыру:
2. Жоспары және сайыс шарттарымен таныстыру

3.Әділқазы алқасын сайлау
4. Жұптармен таныстыру

5.Қорытындылау.
Жүргізуші: Қайырлы күн! құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және бүгінгі кештің көрермендері.

Бүгін міне мектебімізде 3 – 4-ші сыныптар арасында өткелі отырған «Фантазия кешіне» қош келіпсіздер демекпіз.

Жүргізуші: Байқау шарттарымен таныс болыңыздар.

І - бөлім: «Қыз еркем кестесімен көркем» Кестелі орамал сәндеп тігу. (Үй тапсырмасы).

ІІ - бөлім. Қағаздан себет, гүл жасау (көрме ұйымдастыру)

ІІІ - бөлім: «Жас шаштараз» Ер балалар қыз баланың шашын сәндейді.

ІV- бөлім: «Қиялдан шыққан туынды» әшекей бұйымдар жасау. (өз фантазиясымен)

V- бөлім: Сән үлгісі. Ер балалар арасында өтеді.

Ендеше ортаға сайысқа қатысушыларымызды шақырайық.

3-ші сыныптар бойынша сайысқа қатысушыларымызбен таныс болыңыздар.

3 «а» сынып: Түркпенбайұлы Дастан, Орынбасар Іңкәр

3 «ә» Салиев Бекбол, Шолдан Назерке

3 «б» Балықбай Саят, Сұлтанмұрат Гүлназ

3 «в» Жарылғасұлы Исмайл, Памгерей Роза

3 «г» Ходжаназаров Рақымжан, Ақмұрат Диана

3 «д» Тағанбаев Ерасыл, Мирамжанова Аружан

3 «ж» Жолдыбай Нығметолла, Сәбитқызы Үміт

3 «з» Айданали Артур, Мусахан Толқынай

4-ші сынып бойынша сайысқа қатысушыларымызбен таныс болайық.

4 «а» Әбубәкір Фархад, Әбен Нағима

4 «ә» Дүйсе Елдос, Бұзау Гүлден

4 «б» Мусахан Өркен, Қосымбаева Жансая

4 «в» Жидебай Жасұлан, Насуова Әлия

4 «г» Молдашев Бауыржан, Нұраш Ақтолқын

4 «д» Мұрат Рауан, Ашығали Аққу

4 «ж» Хазрет Өнербай, Махутова Гүлназ

4 «з» Мусиркеп Исмайл, Шүкірбай Ару.

Жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ қазы алқаларын сайлайық,

Ең мықтыны таңдап бүгін алуға деп, бүгінгі кешіміздің бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші:

Іс тігетін ерінбей,

Жалқаулыққа берілмей.

Арулар шығып көрсетсін,

Қол өнерін күлімдей, – деп «Қыз еркем кестесімен көркем» кестелі орамал сәндеп тігу.

(Үй тапсырмасы). Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған кестелі орамал дайындап әкелу тапсырылған болатын.

Жүргізуші: 

Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі сыныптағы мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста - дей келе, келесі бөлім «Қағаздан себет, гүл жасау»

(көрме ұйымдастыру) Бұл бөлімде қатысушыларымыз өз қиялынан қағаздан себет пен гүл жасау тапсырылады.


Би: Жарылғасқызы Айжан «Мың бұралған бишіміз»

Жүргізуші: 



Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз шашқа сән үлгісін жасау.

Қыздарды ортаға шақырамыз. Ер балалар шаш үлгісін жасайды.



Сайыскерлеріміз дайын болғанша әнге кезек берейік.

Ән:Хабиболла Нұрилланың орындауында «Қасиетті домбыра» әнімен.

Жүргізуші: 



Өнерге жастайынан жақын туған
Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер ұл-қыздарымыз
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған - деп келесі бөліміміз «Қиялдан шыққан туынды» әшекей бұйымдар жасау. (өз фантазиясымен)

Сән үлгісі. Ер балалар арасында

Жүргізуші: 

Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр,

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.

Жүргізуші:

Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.



Қорытынды:

Сайысқа қатысушылар, бүгін сендер өз өнерлеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қатысушыларға және сынып жетекшілеріне, ата-аналарға, көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық 


Мезгілде біраз жерге таяп қалды. 
Қош болып тұрыңыздар көріскенше 
Осыменен байқауымыз аяқталды! 
Назарларыңызға көп рахмет! 





Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
lessons -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
lessons -> Сынып жетекшісі : Беркимбаева А. З тақырыбы : «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы». Мақсаты
lessons -> Мерекелік шара тақырыбы
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила
lessons -> Сабақтың тақырыбы
lessons -> Великий Шелковый путь важнейшая торговая трасса
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Тақырыбы: Аңдардың,үй жануарларының қысқы тіршілігі. Мақсаты: Сабақтың мақсаты: а білімдік
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Табу Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет