Сабақтың мақсаты: сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру. Сабақтың міндеттері



жүктеу 25.76 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі25.76 Kb.
түріСабақ
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес

7 «А» сынып.


Сабақтың мақсаты: сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: сөз тіркестерінің күредлі тіркес пен күрделі сөздерден ерекшелігін таныту арқылы тілдегі өзіндік қызметін таныту;

Дамытушылық: жаттығу жұмыстары нәтижесінде білік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: адамгершілік тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесін беру.

Оқытудың әдісі: түсіндірмелі, практикалық

Қолданылған технология: постер, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сілтемелер: Қазақ тілі, 7-сынып Алматы «Атамұра» 2012, PowerPoint, жоспар, ресурстар, ғаламтор
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг: «Затқа ұқсат» жаттығуы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сөз тіркесінің жасалуы.

  2. Синтаксис

  3. Сөз тіркесіне жазған мысалдарды тексеру




Сөз тіркесі

Күрделі сөздер

Тұрақты тіркес

Күрең ат

Әдемі қыз

Кішкентай бауыры


Күрең кер

Ала жаздай

Жүз жиырма бес


Қырғи қабақ

Күрең күз

Таяқ тастам жер



ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызыл ала көйлек киген көршінің қызы үріп ауызға салғандай екеніне таңғалдым.

Сөз тіркесі: қызыл ала көйлек, көршінің қызы.

Күрделі сөз: қызыл ала.

Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.

Әр сөзге сұрақ қоюға болатынын бақылату арқылы сөз тіркесінің ерекшелігіне көңіл бөлу. Сөз тіркесінің әр сөзіне сұрақ қоюға болатыны түсіндіріледі. Күрделі сөз бен тұрақты тіркестердің жасалу ерекшелігіне назар аударту.


IV. Оқулықпен жұмыс.

Жаттығу жұмыстары ауызша орындалады.

5 сөз тіркесі, 5 күрделі сөз, 5 тұрақты тіркестен мысалдар айту. Сұрақтар қойып, түріне ажырату.
V. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей

Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жаз.



Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп алмас,ардақты адам, ит тұмсығы өтпейтін, әдеби кітап, ала жаздай, Елек өзені, таза үй, озат оқушы, мақсатқа жету, торы ала, ертеден қара кешке дейін, ауыл жастары.
ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып жаз.



Оның мына сөзі (төбемнен жай түскендей) етті. Шешесіне екеуі қайтып (тіл қатысқан) жоқ.

Ала көлеңке үй іші (құлаққа ұрған танадай). (Дөңгелек үстелді) қойып, сабағымды оқыдым.

Менің уақытымның көбі (әдеби кітап) оқуға кетеді.

Шоқан- қазақтың (аса дарынды ғалымы). Ол (Құсмұрын бекінісінде) дүниеге келген.

Жәукеде (зәре) жоқ. Кешкілік Асан үнсіз ғана кітап (оқып отыр екен)
ІІІ деңгей

Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің бағыныңқы не басыңқы болып тұрғанын анықта.



Баласы зықысын шығарды

Сөзіне құлақ аспады

Жүз отыз оқушы

Күзге қарай оралады

Ақ боз ат

Сәби құлап қала жаздады

Қос күреңді көрді

Жыл бойы еңбектенді

Өзіңе ұнаған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра


IV деңгей

Сөз тіркесін, күрделі сқз, тұрақты тіркесті қатыстырып «Мейірімділік» тақырыбында шағын ойтолғау жаз.


Топтық жұмыс. Посер: Сөз тіркестерін, күрделі сөздерді, тұрақты тіркестерді бөлек жазу.
Қорыту. Жаттығу мәтініндегі қазақ тұмысына талдау жасап, лайықты сөз тіркестеріне талдау жүргізу.
Үйге: Қосымша деректер қарастыру, 250-жаттығу.
Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет