Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік



жүктеу 71.65 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі71.65 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәлем берем үлкенге. Сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік: Оқушыларға сөйлеу мәдениеті жайында түсінік беру, әдепті сөйлеуге машықтандыру; ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру, оқушыларды инабаттылыққа , әдептілікке тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушыларды сөздің төркінін түсініп,орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету,ізгілік негіздерін бойларына дарыту.

Дамытушылық: Шешендік сөздер, мақал - мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағұлмат арқылы рухани байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, нақыл сөздер, тірек-сызбалар, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды тыныштандыру, сабаққа дайындалу

ІІ. Өткенді қайталау. Өтілген тақырыптар бойынша пысықтау жүргізу

ІІІ. Жаңа сабақ

1-слайд. Ребус шешу арқылы, сабақтың тақырыбын ашу

2-слайд. Сабақтың тақырыбы

3-слайд. Бағдарлау – мотивациялық кезең:

- Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :

-О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем де , бұл күнде түйіні жоқ. Тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағымы халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіңе сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.

Сонда ортаға бір қарияның шығып айтқаны:

-Елің жауынгер болсын десең , таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой,- депті.

Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.



Ой тұжырымдамасы :

- Балалар, хан қай ұлын таққа отырғызыпты?

- Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырқызыпты?

- Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма?

Операционалдық – орындаушылық кезең:

116-жаттығу.(Ө. Ақыпбекұлының «Сәлем берем үлкенге» өлеңі)



4- слайд: Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы:

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

“Ассалаумағалейкум!”, - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп

Сәлемдесем сол тұста:

“Есенсіз бе, әжей!”, - деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге,

“Сәлеметсіз бе!”, - деймін.

Өтепберген Ақыпбекұлы

5-слайд: Мақалдың жалғасын тап. Дәптермен жұмыс.

Сіз деген әдеп Иіліп сәлем бергені

Әдептілік белгісі Әдепсіз бала-сорлы бала,

Әдепті бала-арлы бала Біз деген көмек



6-слайд. Дұрыс жауаптары

Сіз деген – әдеп,

Біз деген – көмек
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені
Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала


7-слайд. Сәлемдесу түрлері. Дәптермен жұмыс.

Амансыз ба, Сәлем, Сәлеметсіз бе, Ассалаумағалейкум, Қайырлы таң, Қайырлы күн, Қайырлы кеш, Мал-жаныңыз аман ба.


ІV. Сергіту сәті
8-слайд.

Қазақ тәрбиені амандасудан, есен-сау сұрасудан бастаған. Кейбір елдерде адамдар Ассалаумағалейкум дегенінен-ақ кім екеніңді білдім деп жатады. Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес,олай болса,мәнісіне үңіліп көрейік

Біріншіден,сәлем берген кісінің дауысының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды.

Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, қалай тұрасың. Үлкендер алдындағы сәлемің, қол қысысың да, бірталай нәрсені аңғартады: егде кісінің не жас баланың қолын қаттырық қысып жіберсең, дөрекілігің бірден көзге көрінеді.

Сен амандасып болғанша, сәлем алушы үсті-басыңа қарап та үлгереді, киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңе жарасымды, жарасымсыз екенін де байқайды. Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келіп, сен туралы белгілі пікір түйеді.

Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенмен, адамның ішкі мәдениетін де біраз көтеріп тастайды. ”Сәлеміңнен жаңылма”, ”Сәлемің дұрыс болсын” деген талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің,адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.

Сондықтан да балалар, сәлемдерің әрқашан дұрыс болсын. Сәлем бергенде қолдарын қатты қыспай, күлімдеп, жақсы ниетпен амандасу керек.

9-слайд. «Әдептілік-әдемілік» өлеңімен таныстырып, балаларға мәнерлеп оқытқыздыру.

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем. Алихан

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп қол берем. Мейржан

Анам маған-үлкенді сыйла- деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем. Жасұлан

Сыйлап сәлем береміз,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп біліміз,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін. Сұңғат

10-слайд: Қалай амандасасың? (сюжетті суреттер)

11-слайд. Есіңде болсын!

• Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге,сонан соң жолдасыңа амандас

• Сыныпқа үлкендер кіретін болса, орындарыңнан тұрып амандас

• Көліктен түсіп амандас

• Көршілеріңмен жылы амандас

• Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе



12-слайд. Ақыл әліппесі. Бүгінгі «Сәлем берем үлкенге» атты тақырыбына байланысты нақыл сөздер айтып шығайық.

1. Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің

2. Адамдықтың белгісі – адал болып өскенің

3. Әдептілік дегенің – әрқашанда керегің.

4. Әсемпаздық дегенің – әуре – сарсаң әлегің.

5. Тәртіпті бала –сүйеніш, төбең көкке жетеді.

6. Тәртіпсіз бала-күйініш, төмендеп басың кетеді.

7. Кім үлкенді тыңдаса, кім үлкенді сыйласа,

8. Үлкен болған кезінде, сыйлы болмақ өзі де.

9. Атам маған әманда, кішіпейіл бол деген.

10. Ата сөзі санамда, мақтанбауды жөн көрем.

11. Алдын орап кісінің, кесіп өтпей көлденең.

12. Ізетімен кішінің, сәлемдесіп қол берем.

13. Атам маған әманда, әдепті жан бол деген.

14. Ата сөзі санамда, жасы үлкенге жол берем.

15. Көршілерді көргенде, сыйлап сәлем беремін.

16. Әдепсіз деп сөкпесін, анама айтып өкпесін
13-слайд. Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек
Не білдім? Сабақта алған әсерім? Тілектер
14-слайд. V. Қорытынды.

– Сухомлинскийдің мынадай бір қанатты сөзі бар: - «Әлемдегі бар жақсылық ананың сүтімен жаралған» деген. Осы бүгінгі тақырыпты қорытындылай отырып, сендер де жаман қасиеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойларыңа жинап, еліміздің ақылды, парасатты, білімді азаматы болып өсулерің керек.



VI. Бағалау. Жұлдызшалар беру. Тиісті бағасын қою

VII. Үйге тапсырма. Кішіпейілдікті білдіретін сөздер жазып келу. Мысалы: Ғафу етіңіз, кешіріңіз, айып етпеңіз, ренжімеңіз.


өткізген сабақтың суреттері


Ұйымдастыру кезеңіc:\users\администратор\desktop\dsc01252.jpgc:\users\администратор\desktop\dsc01253.jpgc:\users\администратор\desktop\dsc01255.jpgc:\users\администратор\desktop\dsc01256.jpgc:\users\администратор\desktop\dsc01257.jpgc:\users\администратор\desktop\dsc01258.jpgc:\users\администратор\desktop\dsc01251.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_103413.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_103431.jpg

Ребусты шешу

c:\users\администратор\desktop\20150225_103513.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_103549.jpg

«Сәлем берем үлкенге» өлеңін оқу

c:\users\администратор\desktop\20150225_104100.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_104106.jpg

Сәлемдесу түрлері

c:\users\администратор\desktop\20150225_105008.jpg

Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек
c:\users\администратор\desktop\20150225_110957.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111150.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111139.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111146.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111005.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111000.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111213.jpg



Қорытынды

c:\users\администратор\desktop\20150225_111437.jpg

c:\users\администратор\desktop\20150225_111315.jpg
: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы : Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы: Биология: Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету Әдебиет: С. Мұқанов «Саятшы Ораз»әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі»
917CCC56B7788DEC -> А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің химия және биология пәндерінің өткізген он күндігінің іс-жоспары
917CCC56B7788DEC -> Урок и методика его проведения Процесс обучения неразрывно связан с таким понятием, как методика обучения
917CCC56B7788DEC -> Қазақ хандарының кестесі
917CCC56B7788DEC -> «Тез ойлан,бұрын тап!» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс
917CCC56B7788DEC -> Оқу жылына арналған №9 орта мектебінің оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және «Рауан»,
917CCC56B7788DEC -> 2015 жылдың 3 желтоқсанынан 14 желтоқсан аралығында өткен математика, информатика және физика пәндерінің онкүндігінде өткізілген іс-шаралар есебі
917CCC56B7788DEC -> Атты онкүндігінің жоспары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет