Сабақтың мақсаты: Xабарлы сөйлемнің, сұраулы сөйлемнің лепті сөйлемнің ережесін қайталау таным мүмкіндігін анықтау,өздік



жүктеу 46.8 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі46.8 Kb.
түріСабақ
Құрмантаева Бибіт Ноғайбайқызы

М.Тәжин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалім


Cабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем ,

Сұраулы сөйлем ,Лепті сөйлемді қайталау


Сабақтың мақсаты: Xабарлы сөйлемнің, сұраулы

сөйлемнің лепті сөйлемнің

ережесін қайталау таным

мүмкіндігін анықтау,өздік

жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.

Сауаттылығын арттыру,сөйлеу

тілін дамыту,сөйлемді жүйелі

құруға ,өздігінен

қорытынды,шығара білуге,

дағдыландыру ойлау жүйесін

дамыту.

Оқушылардың ойлау сезімін



дамытып, ұқыптылық пен

тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Түсіндіру сұрақ-жауап ,ойындар.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, кім жылдам?

ойыны , адасқан сөздер.т.б

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезең

Психологиялық дайындық

Оқушылармен амандасу

ІІ.Өткенді қайталау Хабарлы, Сұраулы, Лепті сөйлемдер

Жұмбақ жасыру

Өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын

(Сөйлем)


«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны

  • Сөйлем аяқталған ойды ......(білдіреді)

  • Сөйлем сөзден ..........(құралады)

  • Сөйлемдегі сөздер.........(бөлек жазылады)

  • Сөйлемнің бірінші сөзі..........(бас әріппен жазылады)

  • Сөйлемнің соңына ........(нүкте қойылады)

Сөйлем

Айтылу мақсатына қарай

нешеге бөлінеді?

Айтылу мағынасына қарай

нешеге бөлінеді?

Лепті сөйлем

Сұраулы сөйлем

Хабарлы сөйлем



Ережені еске түсір

ІІ өткенді пысықтау.Қайталау сабағы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сұраулы және лепті сөйлемдерді тауып дәптеріңе көшіріп жаз.

Кірпі мен қоян

Бір күні қоян кірпіге келіп:

-Сенің тоның қандай жаман, ылғи тікенек.

Менің тонымды айтсайшы, жұп-жұмсақ! –деп мақтанды.

Сонда Кірпі:

-Жаман болдса да, тоным мені ит пен қасқырдың тісінен сақтайды.

Сенің әдемі тоның солай сақтай ала ма?-дейді.

-Солай екен-ау, бірақ мені сақтайтын тоным емес, аяғым,-деп, қоян жорта жөнелді.

2-жаттығу



« Адасқан тыныс белгілер» ойыны

Марат жазық далада қой жайып жүр! Менің атым бәйгеден озып келді, алақай ? Қыста аю не істейді. Қарағанды-шахтёрлер қаласы? Ақбөкендер кең далада жайылып жүр? Мереке құтты болсын.

«Кім жылдам?» ойыны

Сөйлемдер

Дұрыс жауабы

Сөйлем атаулары

Айдос мектепке барды




Сұраулы сөйлем

Үйді кім салады




Хабарлы сөйлем

Алақай , ертең концертке барамыз




Хабарлы сөйлем

Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма




Лепті сөйлем

Бүгін қар қалың жауды




Сұраулы сөйлем

Сергіту сәті

Біз жазамыз-жазамыз

Қолдарымыз талғанша

Біз жазамыз –жазамыз

Кілең бестік алғанша

3-жаттығу

Сөйлемдерді оқып сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Қанат есікті қатты жаппа. 2.Қанат , есікті жаптың ба? 3.Рұқсатсыз біреудің затын алма.4.Алма алма сатып алды ма? 5.Меруерт пен Маржан қайдан келді? 6. Бұл қай бала?



Көркем жазу

4 -жаттығу



Қошақан

Қарның ашып қалды ма?

Кел, көрейін, қошақан.

Жата қойшы алдыма,

Жем берейін, қошақан.

Сағи Жиенбаев

« Сөйлем ойла тез ойла» ойыны

Қорытынды:

Топтық жұмыс

«Сөйлем құрай білеміз бе?» ойыны

І топ Аққала

ІІ топ Шана

ІІІ топ Қар



Үйге тапсырма:

5-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрап келу.

Бағалау
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет