Сабақтың міндеті: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін әңгімелейді. «Айырмашылығын тап»



жүктеу 71.33 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі71.33 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ ертегісі»
Сабақтың мақсаты: Балалардың танымдық процестерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Сабақтың міндеті:

  • «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін әңгімелейді.

  • «Айырмашылығын тап» ойыны арқылы ойлау мен зейіндерін дамыту.

  • «Лабиринт» ойыны арқылы көру зейінін, ойлау қабілетін дамыту.

  • «Қарама-қарсы» ойыны арқылы олау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту.

  • «Бұл кімнің іздері?» оыны арқылы балалардың ұсақ-қол маторикасын, көру зейінін дамыту.

  • «Аспапты тап» ойыны арқылы ойлауқабілетін дамыту, сөз қорларын молайту.

  • «Мимикалық гимнастика» арқылы мимканы дамыту.

  • «Тауып көр» ойыны арқылы балаларда ойлау қабілетін, көру зейінін және грамматикалық дәрежені дамыту.

  • «Нобай бойынша тап» арқылы ойлау мен қиялдарын дамыту.

Көрнекілік құралдары: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің суреттері, түрлі түсті қарындаштар, карточкалар.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сипаттау, ойын.

Сабақтың құрылымы:


Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру кезеңі

Тәжірибені қолдану

Рефлексия



- Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарын қалай?

- Балалар, кәнекей, шеңбер құрайық. Менің қолымда доп. Қазір мен осы допты оң жағымнан тұрған балаға беремін, допты шеңбер бойымен беріп отырамыз. Кімнің қолында доп болады, сол өзінің жақсы көретін ертегінің атауын айтады. Менің кезегім келгенде: «Маған «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі ұнайды»,- деп айтамын.

- Өте жақсы, балалар, ал, енді өз орнымызға отырайық. (жарты шеңберге отырады)

(Балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің суретін көрсетемін.)



  • Балалар, мына суретте не суреттелген? Қандай ертегі бұл?

  • Дұрыс, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.

  • Ендеше, мына суретке қарап, әңгіме құрайық.

  • Тамаша, суретті жақсы әңгімелеп бердіңдер. Ал енді келесі суретке назар аударайықшы. Мына сурет жаңағы көрсеткен суреттен қандай айырмашылығын көріп тұрсыңдар? Не өзгерді екен? Мұқият қараңдаршы.

  • Жарайсыңдар, балалар!

(әр баланың алдына «Лабиринт» суретін таратамын)

  • Балалар, мен таратқан суретке назар аударайықшы. Суретте не бейнеленген? Ешкілердің алжапқыштарын мұқият қарап алыңдар. Алжапқыштарында не суреттелген?

  • Жақсы, ал енді лабиринт бойынша ешкінің алжапқышынан бастап, жақсы көретін көкөнісіне жол көрсетіп, сызып көрсетіңдер. Қандай ешкі қандай көкөністі жақсы көретінін табайық.

(Балаларға сөзді жалғастыруға ұсынамын. Оларға қарама-қарсы сөздерді айтамын).

  • Балалар, ал енді, «Қарама-қарсы» ойынын ойнайық. Мен сендерге бір сөз айтсам, сендер сол сөзге қарама-қарсы мағынаны айту керексіңдер.

  • Ешкі үлкен, ал лақ ... (кішкентай).

  • Ешкі мейірімді, ал қасқыр .... (ашуқор).

  • Мұз суық, ал от ... (ыстық).

  • Жарайсыңдар! Балалар, ертегіні есімізге түсірейікші, ешкі мен қасқыр қайда барды екен?

  • Дұрыс, орманға. Балалар, лақ та, ешкінің соңынан орманға шықты. Кәнекей, олардың жүрген жолын қарап көрейік. Ешкінің ізі қайда екен? Ал лақтың ізі ше? Оны қалай таптыңдар? (анасының тұйяқтары үлкен, ал лақтың кішкентай).

  • Ал енді, олардың іздерін осы есепшот таяқшалар мен сіріңкелер арқылы құрастырып көрейік. (үлгіні көрсетемін).

  • Жарайсыңдар.

(әр баланың алдына «Аспапты тап» суретін таратамын).

  • Балалар, мына карточкадағы суретке қарайықшы, қандай жануарлар суреттелген? Оларды атайық. Ал енді, ертегіні есімізге қайта түсірейік. Қасқырда жіңішке дауыс шығу үшін, тамағын қайта тағалап қойған кім? (аю ұста). Ал енді астыңғы жерде қандай аспаптарды көріп тұрсыңдар? Атаңдаршы. (балта, балға, ішті). Аюдың аспабы қайсысы екенін тауып қойыңдаршы.

  • Өте жақсы.

  • Балалар, есімізге қайта түсірейікші, ешкі-ана қандай болды? (мейірімді). Ал қасқыр ше?(ашуқор). (балаларға ашуқор қасқыр мен мейірімді ешкінің суретін таратамын.)

  • Мына суретте ашуқор қасқырды және мейірімді ешкіні тауып алыңдар. Суретке мұқият қараңдар. Ашуқор болғанда түріміз қандай болады? көрсетіңдерші. Ал мейірімді болған кезде?

  • Тамаша. Қазір мен сендерге екі жиектен таратамын. Біріншісінде – сұр құлақ, ол қасқырдікі. Ал екіншісі – ақ құлақ, ол ешкінікі. Енді, мен «Қасқыр» дегенде, сендер қасқырдың құлағын киіп, ашуқор екендерінді көрсетесіңдер. Ал «Ешкі» дегенде, ешкінің құлағын киіп, мейірімді ешкіні бейнелеп беру керексіңдер.

  • Өте жақсы.

(әр баланың алдына сюжетті-суретті қоямын).

  • Мына суретті мұқият қарап алыңдар. Ешкінің үйшігіне кім кіріп кетеді? Естеріңде ме? (қасқыр).

  • Лақтарымыз қорқып, жан-жаққа тығылып қалды. Кәне, біз оларды мына суретте қайда тығылып қалғандарын табайық. Қалай біліп қойдыңдар? (пештің артында құйрығы шығып тұр, шкафтың артынан аяқтары көрінеді, ал орындықтың ар жағынан мүйіздері шығып көрініп тұр).

  • Тамаша. Барлығын дұрыс таптыңдар. Жарайсыңдар.

(әр баланың алдына сурет беріледі).

  • «Нобай бойынша тап» ойынын ойнайық. Сендердің парақтарында ертегінің қандай кейіпкерлері бейнеленген? Ойлап табыңдаршы. Неге олай ойлайсыңдар?

  • Өте жақсы.

  • Балалар, біз бүгін қандай ертегі туралы әңгімеледік?

  • Кейіпкерлері қандай болды?

  • Ертегі қызықты болды ма?

  • Тамаша. Мен сендерге өте ризамын. Сендер өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге арналған кішкентай сыйлықтарым бар.

  • Сәлеметсіз бе!

Балалар шеңбер құрып, өздері жақсы көретін ертегілердің атауын айтады.

Балалар суретке қарап, әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.

«Лабиринт» ойынын ойнайды.


Аталған сөздердің қарама-қарсы мағынадағы сөздерді айтады.

Сұрақтарға жауап береді.
«Бұл кімнің ізі» деген ойынды ойнайды.

«Аспапты тап» ойынын ойнайды. Бейнеленген жануарларды, аспаптарды атайды.

Ашуқор болғанда, мейірімді болған түрлерін қандай болатынын көрсетеді.

Тиісті эмоцияны мимикамен көрсетеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Суретте лақтарды табады.

«Нобай бойынша тап» ойынын ойнайды.

Сұрақтарға толық жауап беріп отырады. Өз ойларын толық жеткізеді, қорытындылайды.




Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Жануарлардың дыбысталуын ажырата біледі.

Нені игереді:

Сурет бойынша әңгіме, ертегі құруды меңгереді.

Нені біледі:

Жануарлардың іздерін ажырата білуді.

Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласы № 44 сәбилер бақшасы»



Мемлекеттік қазыналы коммуналды кәсіпорны

Ашық сабақ:

«Қасқыр мен жеті лақ ертегісі»

Психолог:

И.К.Байбакирова

2013-2014 о.ж



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет