Сабақтың тақырыбы : «100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері»



жүктеу 65.76 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі65.76 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы

4 орта метебінің бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат Калидоллаевна



Сынып: 2 «Ә» сынып
Ашық сабақ: математика пәнінен
Сабақтың тақырыбы: «100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдану. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ойынының маңызын білу, шартын ұғынып қолдана алуға үйрету.

2. Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын арттыру, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту;

3. Тәрбиелік: Ұлттық тәрбие беру, тазалыққа ептілікке тәрбиелеу.Оқушыларды көпшіл болуға үйрету,өзара көмегін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,денешынықтыру

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, ойындар,суреттер:бәйге ,бағалау карталары
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:


- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
«Қайырлы таң ботам» - деп
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы күн ұстазым!
Қайырлы күн достарым!
Қайырлы күн қонақтар!
Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық. Ендеше қонақтарымызбен амандасып алалық:
Үлкенге ізет
Кішіге құрмет.
Сіздерге бізден
Құрметпен сәлем.
ІI. Балалар кәне сабағымызды «математика»туралы жыр шумақпен бастайық. Математика-толған тәртіп,мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық сән,

Математика-толып жатқан терең сыр,

Шетсіз,шексіз дариядай бейне бір.

-Ендеше бүгін математика сабағында өз білімдерімізді көрсетеміз.

-Сабақта топтардың ережелерін еске салу.

-Біз білімді баламыз,


Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ,
Үш керегі жоқ,
Төрт орташа,
Бес тамаша!

Мағынаны тану.Сөзжұмбақ шешу «Бәйге»

Өзі ақылды әкесінің тірегі

Ертегінің шебері

Түн жарығы

Түн жарығы

Түн жарығы



Сурет көрсетіледі:Бәйге ойыны бойынша түсіндіру.

Бәйге” ойыны-қазақтың ұлттық ойыны.Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады. 

-Біліп айтқан сөзге құн жетпейді


Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. 
Өзің білмесең, білгендерден үйрен, 
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

-Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-есептер шығару арқылы мәреден сөреге жету.



Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу:

I-топтың атбегісі:Тлеккабылов Бейбарс

Атқосшысы:Канатбаева Алтынай

Қалған оқушылар:Шабармандар

II-топтың атбегісі:Мамбетова Лейла

Атқосшысы:Бахтығұл Алдияр

Қалған оқушылар:Шабармандар

III-топтың атбегісі:Қуанышқали Илияс

Атқосшысы:Жұбандыкова Аружан

Қалған оқушылар:Шабармандар

Оқушылардың сайыс бойынша қызметі:

а) «Жүйрік тілділер»

ә) «Алғыр ойлылар»

б) «Атбегілер» сайысы

в) «Атқосшылар» сайысы

г) «Шабармандар» сайысы

Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері ».

Өткенді қайталау.Сұрақ-жауап
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.

Көркем жазу

-5-тен 5 сан аттай отырып 100-ге дейін тура жазып шығайық



Оқулықпен жұмыс.
32+ 45= 77-32=

Есептеуді баған түрінде жазайық:

32


+ 45

77

77

+ 32

45


1-сайыс:”Жүйрік тілділер”

1.Күрделі теңдеудің шешу жолын айт

2.Екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ережелерін айт.

3.Үшінші белгісіз қосылғышты қалай табамыз?



36+23

59-23

89-28

43+25

63-21

57+22

51+23

72-21

89-49

3-сайыс:”Атбегілер”сайысы

Жақшаларды қоюға көмектес.

10+51-41=20 100-34+5=61 90- 31+23=36

10+75-15=70 60+45-22= 83 70+25-11=84

4-сайыс«Атқосшылар» сайысы

1-қатар 
3дм 2см+5дм 6см= 
7дм 8см-2дм 5см=

3-қатар 
7дм 6см+2дм1см= 
5дм5см-2дм1см =

2-қатар 
3дм 3см-1дм 1см= 
7дм 9см-6дм3см= 
4-сайыс«Шабармандар» сайысы

I-А) Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру және оны шығару.Дәптерге орындаймыз. 
Болды-85теңге 
Жұмсалды-40 теңге және 25 теңге 
Қалды-? теңге 

II-Ә) Қысқаша жазылуы бойынша кері есептер құрастырамыз және оларды шығарамыз.Келесі оқушы шығарады. Дәптерге орындаймыз. 
Болды-?теңге 
Жұмсалды-40 теңге және 25 теңге 
Қалды- теңге 

III-Болды 85 теңге 
Жұмсалды -? теңге және 25 теңге 
Қалды- теңге 

Сабақты қорытындылау:Жеңімпаз топты анықтау. «Бәйге» жеңімпаздарына марапат.
Үйге тапсырма:
6 мысал
Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық. Бағалау:
Сабақты қорытындылау:Жеңімпаз топты анықтау. «Бәйге» жеңімпаздарына марапат.
Көп ұпай-Күн

Орташа ұпай-Жұлдыз тұлпар бейнесінде алқа тағу

Төмен ұпай-Ай

Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 орта мектебі



Ашық сабақ

«100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері»».


( Математика апталығында өткізілген сабақ)

2 «Ә» сынып



Пән мұғалімі:Сандибаева Ж.К.

05.02.2016 жыл
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет