Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы



Дата21.06.2016
өлшемі131.21 Kb.
түріСабақ
күнделікті сабақ жоспарлар

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

§ 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақстардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;Достыққа, өзара көмекке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кестенің толтырылуы мен құжаттар бойынша сұрақтардың жауабын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың өткен материалды қаншалықты игергендігін тексереміз,

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.

  2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.

  3. Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы баскөтеруі.

  4. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.

  5. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.

  6. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.

  7. Қоныс аударушылар мен қазақстар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар

Өткен тарихи кезеңдерді бүгінгі күнмен байланыстыра оқытып, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына үнемі көңіл бөлу. Қоныс аударудың себептері мен салдары жөнінде айтқаннан соң, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін, тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, талдау жасау, берілген тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіруге арналған тапсырма берді.

XVIII ғ. мен –ХХ ғ. бас кезінде Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрады (80%), патша үкіметінің қоныс аударк саясаты салдарынан халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады, қазақ жеріне әскерилер, «саяси сенімсіздер», орыс шаруалары, ұйғырлар, дүнгендер, т.б. қоныстандырыла бастады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты төмендегідей мақсаттарды көздеді:



  1. Ресейдің орталық аудандарында Ресейдегі басыбайлық құқық жоыйлғаннан кейін күшейіп кеткен жерсіз шаруалардың баскөтерулерін әлсірету;

  2. Империяның ұлттық шеткері аймақтарында патша үкіметіне тірек болатын әлеуметтік топ құру;

  3. Қазақстарды отырықшылыққа көшіріп, оларды шаруалар арқылы шоқындыру және орыстандыру саясатын жүргізу.

Қоныс аудару кезеңдері:

  1. Алғашқы кезеңде патша әскерлері қазақ жеріне казак әскерлерін орналастырумен шектелді.

  2. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Орталық Ресейдегі орыс шаруаларын қоныс аудару басталды; ол үшін қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

  3. ХІХ ғ. 70-жылдарында орыс, украин, белорус шаруаларын-Ақтөбе, Қостанай, Орал, т.б. жерлерге жаппай қоныс аудару басталды. Әсіресе Жетісуға көп адам көшіп келді.

Қоныс аударушыларға төмендегідей жеңілдіктер жасалды:

  • Әрқайсысы 30 десятинадан жер алды;

  • 15 жыл бойы салықтың барлық түрлері мен міндеткерліктен босатылды;

  • 100 сом мөлшерінде несие берілді.

1-топқа тапсырма

Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды ораналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.



2-топқа тапсырма: Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.

Сабақты бекіту:

Оқушылардың білімі мен оқулықтағы материалдарға сүйене тоырып, «Қоныстанушылардың шаруашылығы» тақырыбына кесте толтырамыз.


Үйге тапсырма: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________

күнделікті сабақ жоспарлар

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 33. Қазақстан аумағындағы қалалар.

§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер

Сабақтың мақсаты: Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: интерактивті Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.

  2. Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?

  3. Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.

  4. Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?

  5. Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.

  6. Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?

  7. Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер.

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).

  2. XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.

  3. ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.

  4. Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.

  5. Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары

  6. ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.

  7. Орта Азиямен керуен саудасы.

  8. Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.

  9. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда

  10. Шетелмен сауда

  11. Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.

Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.

Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.



1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

  1. Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

Сабақты бекіту:

  1. ХІХ ғ. сауда саласында қандай өзгерістер болды?

  2. Орта Азиямен керуен саудасы қалай дамыды?

  3. Сауданың дамуында көлік қатынасы қандай рөл атқарды?

Үйге тапсырма:Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құрыңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________

күнделікті сабақ жоспарлар

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);

  • Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;

  • Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсніктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 1886 және 1891 ж. әкімшілік тбасқаруды 1867-68 ж. реформамен салыстырыңдар.

  2. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Бұл өзгерістердің мәні неде?

  4. Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісін картадан көрсетіңдер.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.

  2. Орал казактары

  3. Орынбор казактары

  4. Сібір казактары

  5. Жетісу казактары

Қазак әскерлерін құру таралы әңгімесі барысында көрнекілік ретінде казак әскерлері жөнінде жалпы мәліметтер беретін және оның ерекшеліктерін ашатын төмендегідей салыстырмалы кестені толтырамын:



Орал казактары

Орынбор казактары

Сібір казактары

Жетісу казактары

Жылдары













Аумағы













Құрамы мен саны













Басқару жүйесі













Казактардың құқы мен міндеттері













Шаруашылығы













Салдары мен маңызы













Оқушылардың деректермен жұмыс істеуін дамыту және логикалық ойлау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарға сүйене отырып, тапсырма беріледі. Оқулықта жазылған тарихи деректерге талдау жасай отырып, оқушылар қажетті ақпараттарды таба білуге, оларды салыстыру арқылы қорытынды жасауға үйренеді.

тапсырама:

Мәтінді оқып шығып, Сібір казак әскерлерінеерекше әскери бөлім ретінде жалпы сипаттама беріңдер. Олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіріңдер.



Сабақты бекіту:

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, қазсқатнда казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?

  • Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?

  • Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?

Үйге тапсырама:: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________

күнделікті сабақ жоспарлар

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 35. Өнеркәсіптің дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктері жөнінде әңгімелей отырып, оның қазақ қоғамындағы тиімді және теріс жақтарын ашып көрсету; әңгіме барысында Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына, Қазақ жұмысшыларының өз мүдделері үшін күресінің әлсіз болу себептеріне тоқталу керек;

  • Оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс істеу машығын онан әрі дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. ХІХ ғ. Қазақстандағы сауданың сипаты мен дамуы туралы не айтасыңдар?

  2. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладығы маңызы қандай?

  3. Үй тапсырмасын (диаграмма) тексеру

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Тау-кен өндірісінің жағдайы

  2. Тұз, мұнай және алтын өндіру.

  3. Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен жұмысшы табының қалыптаса бастауы

  4. Темір жолдардың салынуы

  5. Жұмысшылар қозғалысының басталуы. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі.

Сабақты Қазақтандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктерімен таныстырудан бастаған жөн. Ресейдің жылдам дамып келе жатқан экономикасы шикізатқа, арзан жұмыс күшіне, өз өнімін өткізетін рыногқа аса мұқтаж болғандығы жөнінде айту керек. Осыған байланысты патша үкіметі зауыт-фабрикалар салуға кірісті. Табиғи шикізатты тасуға жағдай жасалды. Қазақстанда өндіру өнеркәсібі мен аул шаруашылық шикізатын өңдеу қарқынды дами бастады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап орыс және шетел өнеркәсіпшілері Қазақстандағы аса бай шикізат көздеріне назарлары ауып, өз қаржыларын өндіріс орындарын ашуға сала бастады. Көмір, тау-кен, мұнай өндіретін орындар шетелдік капиталистерге сатылды. Оларды картадан көрсету керек. Табиғи байлықты игеру, тауар-ақша қатынасының дамуы банкілер мен несие беру мекемелерінің пайда болуына жол ашты. Оқушылар ақулықты пайдаланып, салына бастаған өнеркәсіп мекемелерін картадан көрсетулері керек:

  • Тас-көмір өндіру және тау-кен өнеркәсібін ашу.

  • Тұз, мұнай және алтын өндіру.

  • Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу орындары.

  • Темір жолдар салу.

Осыдан кейін ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясының және жұмысшы табының қалыптасу үрдісі қалай жүргені туралы әңгімелеу керек. Оқушыларға қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы, жұмысшы қозғалысының күшеюі туралы айта келе, төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

1-топқа тапсырма:

Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:



  • Жұмысшы табының құрамы.

  • Қазақ жұмысшыларының еңбегі мен тұрмыс жағдайы.

2-топқа тапсырма: «Өлкедегі жұмысшы қозғалысының күшеюі».

Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:



  • Жұмысшылардың өз құқын қорғау үшін жүргізген күрес әдістері

  • Көтерілісшілердің құрамы

Сабақты бекіту:Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.

Үйге тапсырма:§ 35. Өнеркәсіптің дамуы
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________

күнделікті сабақ жоспарлар

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 36 . Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайы, екі жақты езгіге тап болғаны туралы әңгімелеу.

  • Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.

  2. Кестанің толтырылуын тексеру

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстанға қоныс аударуының себептері мен басталуы.

  2. Қоныс аударушылардың ауыр тұрмысы.

  3. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы.

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетінің дамуы.

Алдымен оқушыларға ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына себеп болған Қытайдағы аса қиын саяси жағдай туралы әңгімелеп беру керек. Бұл тұста картаны пайдаланған жөн. Карта бойынша тапсырма беруге де болады. (шығармашылық ізденіс жұмысы).

Картадан мынаны көрсетіңдер:

  1. Бұл халықтар бұрын қай жерде тұрған еді?

  2. Олардың қоныс аудару маршруты және қоныстанған жерлері

Ресей бұл халықтарды Жетісу аумағына көшіруге рұқсат бергенде қандай мақсат қойғаны жөнінде айту керек:

  • Құлжа аумағында Қытайдың экономикалық базасын әлсірету;

  • Қоныс аударушыларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.

Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныстанды.

Осыдан кейін оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде төмендегі кесеті толтыру;



«Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы»

Жылдары

Қоныс аударушылардың саны

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушыларждың жағдайы

Кәсіптері

Мәдениетінің дамуы

Ұйғырлар

Дүнгендер






















Сабақты бекіту:

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстан аумағына қоныс аударуының себептерін атаңдар.

  2. Картадан олардың қоныстанған жерлерін көрсетіңдер.

  3. Қоныс аударушылар қандай қиыншалықтарға тап болды?

  4. Бұл халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы не айта аласыңдар?

Үйге тапсырма:

  1. Бұрын өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, мына кестені толтырыңдар.

«Жетісу облысының халықтары» (1897 ж.)

ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________

күнделікті сабақ жоспарлар


Каталог: images
images -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары
images -> Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет