Сабақтың тақырыбы: " Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы"



жүктеу 41.28 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі41.28 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:" Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы"

Сабақтың мақсаты: Аналарды, ұстаздарды,аруларды 8-наурыз мерекелерімен құттықтау; ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мерекеге сай безендіру, құттықтау сөдер, бейнетаспалар.

Барысы:

/Мұғалім сөзі /



1-жүргізуші

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

2-жүргізуші

Ана дейміз біріміз аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ.
1-жүргізуші:

Армысыздар,асыл аналар, ұлағатты ұстаздар,аяулы арулар! Сіздерді 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз.



2-жүргізуші:

Жер Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбат мейрам келіп жетті. Барша аналарға, ұстаздарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз шын жүректен құтты болсын демекпіз!



1-жүргізуші:

Бүгінгі " Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы" атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.



c:\users\admin\desktop\фото\новая папка\20150306_101055.jpg

2-жүргізуші:

Қуанышы ананың-

Қуанышы баланың.

1-жүргізуші:

Бізді өсірген анашым,

Еңбегің де зор екен.



2-жүргізуші:

Құтты болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!

Хор: " Құттықтаймын, ана мерекеңмен! "


Мұғалім:

1.Бала, бала бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолды талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегің,,

Қорғасындай балқытқан.

2. Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей;

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?


Бәрі:- Ана

1-жүргізуші:



  • Иә, бұл әрине ана!

  • Құрметті аналар, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.

  • c:\users\admin\desktop\фото\новая папка\20150306_104123.jpg

Бүлдіршіндерді шақырайық

Даусына сүйсініп тамсанайық.

Еркетайларымыздың талантына тәнті болып,

Уа, халайық жұмыла қол соғайық!

Ән:"Анаға сәлем "



1.Сәлеметсің бе алтын күн

Сәлеметсіз бе Жер ана!

Сәлеметсіз бе көк аспан!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!


2.Өскенде мен ал енді

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді


3.Қайырлы таң !

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Мерекелі осы күн!

4.Гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын


5.Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.


6.Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін

Алыстасам сағынам.



7.Әжемді мейрмымен құттықтаймын

Айтатын ән беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағына сыбырлаймын



Ән: Достар




8.Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым!



10.Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем






Көрініс: «Үш ана»

2-жүргізуші: Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен Ананың ақ сүтінен жаралған! Күнсіз гүл өспейді, сүюсіз бақыт жоқ, Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды.

Ән шырқалар бақытымен,бағымен,

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.

Ән айтпақшы Ерқанат ұлдарыңыз сіздерге

Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен.

Ән:" Асыл ана"

- Соққандай әлсін-әлсін тау самалы,

Көңілім әуез үнге тамсанады.

Айзада мен Сағыныш ән салады.

Ән: "Мен ауылға барамын "


Мұғалім: Балалар мен сендерге жүрекшелер таратамын. Сендер сол жүрекшелерге аналарыңызға арнап жақсы тілек, жылы лебіздеріңді жазыңдар.
Менің анам – сұлу.

Менің анам - мейірімді

Менің анам – аяулы

Менің анам – өмір нұрын себуші

Менің анам – ақ жол нұсқаушы

Менің анам – ардақты

Менің анам – қамқоршы

Менің анам – жанашыр

Менің анам – қадірлі.
Ән: Алтын ана.

2-жүргізуші: Құрметті де аяулы аналар, ұстаздар осымен мерекелік кешімізді аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

- Құттықтау сөз: Жүрек жарды тілектерін айтамын деуші аналарға сөз беріледі.









©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет