Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: білімділік



жүктеу 32.95 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі32.95 Kb.
түріСабақ
Мерзімі:25.10.2013ж.

Пәні: Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Жаңа дыбысты сөз ішінде сөз ішінде басқа дыбыстардан ажырату, оның бас әрпін, кіші әрпін таныту. Жаңа буындармен жаңа сөздермен таныстыру.

тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

дамытушылық: Ұ дыбысы мен әрпінің жасалу жолын түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың өту-әдісі: түсіндіру, ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілінің суреттері, құс ұясы, қараторғайдың ұясы.

Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Өтілген әріптерді пысықтау.

- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен, әріппен таныстық ?

- Ж ж қандай дыбыс?

- Қане, тақтаға кім Ж дыбысының мен бас әрпін және кіші әрпін жазып көрсетеді? (Оқушы шығып жазып көрсетеді).

«Күн мен түн» ойыны. Ойын ойнату арқылы бас әрпі Ж дыбысынан басталатын кісі аттарын айтқызу (Жанай, Жәмила, Жанар). Сонымен бізге осы кезеңге дейін қанша әріппен таныстық.

- Осы әріптердің ішінен дауыстыдыбыстарды кім атап береді?(Оқушылар дауысты дыбыстарды атап береді).



«Шатаспақ» ойыны. Ойын шарты бойынша әріптер кассаға ретсіз қойылады. Оқушылардың көмегімен соларды дұрыс орналастырып, сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтқызу.

(Оқушыларға үйге берілген Ж дыбысын оқыту).

Жаңа сабақ.

- Балалар, жылдың қанша мезгілі бар?

- Қазір қай мезгіл, табиғаты туралы кім әңгімелеп береді?

«Күз» өлеңін оқып беріп, мазмұнын талдау.

Күн мұңайып тұр бүгін,

Қыс ызғары келеді.

Құс шуласып тұр бүгін

Жоғалтпасақ дегені.

Құс керуені тұр көкте,

Қайда барып тоқтайды,

Ағаш біткен дірілдеп,

Жапырағын жоқтайды.

Дүниетану пәнімен байланыстыру.

- Қане, сендер қандай құстарды білесіңдер? Олар немен қоректенеді? Күзде құстар тіршілігінен не байқадыңдар?

Әңгімелеу әдісі.

Балалар, алысқа ұшатын құстар, күзде жылы жаққа қайтар алдында әбден балапандарын баулып, жақын жерлерге ұшады. Балапандарын әбден жаттықтырып алған соң, барып алысқа ұшуға бет алады. Алдымен қоректерін жерден шұқып қоректенетін қараторғай, шымшық, ұзақ сияқты құстар қайтады.

Ал кейбір құстар қыстап қалады. Олар қарға, сауысқан, алақарға, торғай т.б. Олар жемдерін қар астынан тауып жеуге икемді. Тұмсықтары үшкір, мықты, тырнақтары өткір. Қыста тамақ табу қиын болғандықтан ауыл маңында жүріп, түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Олардың қалың мамықтары суықтан қорғайды.

Естеріңде болсын:


  1. Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

  2. Жұмыртқасын алуға болмайды.

  3. Құстарды аялап қамқорлық жасау керек.

  4. Олардың бізге пайдасы көп, бау-бақшаның ағаштың құртын жейді.

  5. Даланың көркі, сайрайды, ән салады.

Ұяның суретін көрсетіп, түсіндіру.

Мәтінді сөздерді оқыту.



Ұлу Ұ-лар құ-рақ

Ұлан бұтақ бұл-бұл

Мәтінді оқыту.

Құр,бұлбұл, тырна, қарлығаш, қарға, құстар. Құстар адамға дос. Құс жұмыртқасын алма. Оларға қамқорлық жаса.

Қарлығаш, қараторғай, тырна – жыл құстары. Жыл құстары қыста жылы жақта болады. Құстар пайдалы.


  1. Суреттерді көрсету.

  2. Оқушылардан құс туралы тақпақтар сұрау.

Құс-құстар, ағаш-ағаштар.

  1. Құстың ұясы суретіндегі сұрақтарға жауап беру, буынға бөлу.

  2. Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдік,

Жерге қарап жер көрдік.

Аңға-солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.



  1. Жазу үлгісімен жұмыс.

  2. Ұ әрпін ауада жазу.

  3. Ұ дыбысынан келетін кісі аттарын айтқызу.

Сабақты қорытындылау.

аққу тырна

құстар

қарға қарлығаш



Үйге тапсырма. Ұ дыбысы мен әрпі.
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет