Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты



жүктеу 1.34 Mb.
бет7/9
Дата19.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кітаппен жұмыс : Кітаптан мысал өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Шығармашылық тапсырма: Осы өлеңге байланысты көреалмаушылық, іші тарлық туралы қандай мақал-мәтелдер білетінін сұраймын.
Білімді бекіту : мысалдың тұспалдап айту,астаарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін түсіндіру.

Көрсеқызарлық,мақтаншақтық,әлі келмейтін істерге ұрыну сияқты жағымсыз мінездерді шенеудің мәніне көңіл аударту.



  1. А. Байтұрсынов қазақ әдебиеттануының негізін салушы деп не себептен айтылады?

  2. А. Байтұрсынов не себепті араб қарпімен қалайық деді?

  3. Ахмет еңбегіндегі оқу-білім жөніндегі айтатын насихаты қандай?

  4. Ахмет қазақ халқын кімдермен салыстырады?


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» өлеңін жаттап келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

( 1873-1938 )

Сабақтың мақсаты:

а) Ахмет мұрасын тереңдей оқып үйрету.Өлеңдерінің мазмұнын меңгерту,көркемдік ерекшелегін ашу.Көркем поэзияның,сөз өнерінің құдіретін таныту;

ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

б) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс ітеу дағдыларын дамыту;



Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Хронологиялық таблицамен жұмыс

1873 ж.

Қостанай облысы,Торғай алабындағы Сарытүбек жерінде туған

1882-18884 ж.

өз ауылында хат танып, сауат ашады

1886-1891 ж.

Торғай қаласындағы екі кластық орысша-қазақша учелищеде оқиды

1891-1895 ж.

Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді.

1909 ж.

өкіметке қарсы деген жаламен Семей абақтысына жабылады.

1910 ж.

Қоғамдық-саяси,ағартушылық жұмыстары басталады

1913-1918 ж.

«Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады.

1918-1919 ж.

Қазақ елінің болашағы,тәуелсіздігі үшін қызмет етеді.

1937 ж.

Сталиндік жаппай жазалау науқанына ұшырайды.

1938 ж.

өлім жазасына кесілген


Топтастыру стратегиясы:
Мысал өлеңдері өлеңдері


Мақалалары еңбектері


Кітаппен жұмыс : Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. А. Байтұрсынов қазақ әдебиеттануының негізін салушы деп не себептен айтылады?

  2. А. Байтұрсынов не себепті араб қарпімен қалайық деді?

  3. Ахмет еңбегіндегі оқу-білім жөніндегі айтатын насихаты қандай?

  4. Ахмет қазақ халқын кімдермен салыстырады?


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Ахмет және қазақ әдебиеті» тақырыбында реферат жазып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы жырлар

Сабақтың мақсаты : а) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы жырлар туралы түсінігін молайту,ой жинақтау;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1916 жылы, маусым айында, патшаның қазақ халқының 19 бен 31 жас аралығындағы азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Онсыз да патшаның жақсы жерін тартып алып, сырттан келген-дерге беріп, салық санын көбейткен қысастығын майданға алу жөніндегі жарлығы күшейтіп, ел наразылығы өр-шіп, төзімінің шарт сынуына әкеп соқтырды. Патша үкіметі жергілікті билікті шектеп, басқаруды өз қолына алған шақта еркіндік пен бостандықты, азаттықты, ер-лікті мұрат тұтқан халық көтеріліске шықты. Патша салығымен қоса жергілікті билеушілердің тізесі батқан халық азаттықты күреспен алғысы келді. Бұған ел би-леуші болыс, старшындардың майданға жіберетін тізімін жасауда да түрткі болды.

Көтеріліс қазақ даласын түгелге жуық қамтыды. Се-мей жеріндегі, Торғайдағы (А. Иманов бастаған), Жетісу бойындағы (Б. Әшекеев бастаған), Батыс Қазақстандағы көтерілістерге халықтың көптеген әлеуметтік топтары қатысты. Көтерілісшілер жергілікті билеушілерді болыс, би, старшындарды өлтіріп, пошта қатынастарын үзіп, байлардың малын тартып алып, тіпті бірсыпыра жерлерде патша үкіметі әскерлерімен де шайқасты. Бірақ әр жер-дегі көтерілістердің басы бір жерге бірікпей, ауыл, болыс, аймақ, облыс деңгейінен аса алмады. Әскери даярлығы аз халық көтерілісшілері патша үкіметінің қаруы да, ай-ласы мен арамдығы да мол әскеріне төтеп бере алма-ды. Бірақ бұл көтеріліс халықтың оянуына жол ашып, өз бостандығы, еркіндігі жолында күресе алатындығына сенім ұялатты. Биліктің халықпен санасуы керектігін естеріне салды.

Семантикалық картамен жұмыс:



Авторы

Шығарма аты

жанры

1

Күдері Жолдыбаев

«Амангелдінің Торғайды алуы»

дастан

2.

Сәт Есенбаев

«Июнь жарлығы»

өлең

3.

Жамбыл Жабаев

«Зілді бұйрық»

өлең

4

Жамбыл Жабаев

« Патша әмірі тарылды»

өлең

5

Төлеу Көбдіков

«Сарыарқаның сарыны»

Жыр

6

Бұзаубақ ақын

«Құты қашты патшаның»

жыр


Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы жырларды оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Амангелді және Бекболат бейнелері

Сабақтың мақсаты : а) Батырлар өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1916 жылғы көтеріліске байланысты туған шығармаларда басты кейіпкерлер ел жүгін көтерген, халық қамын же-ген батырлар болды. Ауыз әдебиетінен Қобыланды, Ер Қосай, Ер Көкше, бертінгі Қабанбай, Жәнібек, Бөгенбай, Баян батырлардың ерлігін жыр етіп өскен ұрпақ осындай ерлердің жалғасы етіп Амангелді, Бекболат бейнелерін жасады. Халық қиялындағы адамдық жақсы қасиеттерді бойына жиған, елдің ой-арманы, мақсат-мүддесі жолында құрбан болар ерлер бейнесі Омар Шипиннің «Амангел-ді батыр» дастанында, Күдері ақынның «Амангелдінің Торғайды алуы» дастанында, Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасында ашылды.

Халың арасында Амангелді батырдың атағы кең жайыл-ды. Батыр жөнінде өлең, жыр, дастан, толғау, аңыздар шықты. А. Имановтың сарбаздарының «Амангелді мар-шы» атты жыры да болған.

О. Шипин, С. Есенбаев, Қ. Жолдыбаевтың шығар-маларында Амангелді бейнесі ержүрек батыр, халықты бастаушы, ұйымдастырушы тұлғасында суреттелді. Шы-ғармалардың мазмұны, оқиғасы ұқсас, әрі бірін-бірі то-лықтыра түседі. Жыр, дастандарда батыр өмірбаянын суреттеп бере отырып, нағыз берік түлғасын соғыс, ұрыс үстінде ашады.

жарлығына қарсы көтерілісте халық патша қолынан жеңіліп, Бекболаттың қолға түсу оқиғалары айтылады. Осы оқиғалардың барлығы басты кейіпкер Бекболат арқылы таратылып отырады.

Бекболат батырдың қолға түсуінен бастап оқиға ширыға түседі. Ел көрген қысастың, қиянат, билеуші топтың жа-уыздығы мен опасыздығы, пасықтығы қыл бұғау алдында таразыға тартылады.

Бекболат жақсылықты келешектен күтіп, бақытты күннің алда екеніне сенген адам.

Топпен жұмыс: Пікірталас өткізу

16-жылғы көтеріліс қандай көтеріліс деп ойлайсыңдар:

А) Өз басын қорғаған,отанынада өлуге бел қойған қарсылық;

Ә) қазақ халқын кемсітуге қарсы шығу;

Б) соғыстың не екенін ұғынбау, түсінбеу.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін


  1. 1916 жылғы «Маусым жарлығы» неге шықты?

  2. Қазақ жігіттерінің қара жұмысқа алынуына не себеп болды?

  3. 1916 жылғы көтеріліс туралы Ж.Жабаевтың қай шығармасын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Амангелді мен Бекболат батырлар туралы оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыт

Сабақтың мақсаты : а) Мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыттағы әдебиеттен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

ХХ ғасыр басы қазақ секілді бодан елдің бостандыққа қол созуына мүмкіндік береді.



Тарихи жайлардың себеп болуы

1

2

3

4

5

6

«Столыпин реформасынан» кейінгі шаруалар ХХ ғасыр басында қазақ даласын дендеп жайлай бастады. Бұған орыс мемлекеті баса мән беріп,жоспарлы түрде қазақ жерін жаулап ала бастады.

Қазақ оқығандары бас қосып,бірігуге пейіл берді

1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде «Қарқаралы петициясы» жазылып Ресей өкіметіне мынадай талап қойды: жергілікті халық еркіне шектеу қоймау, қазақ тілінде мектептер ашу, ел мұңын айтар газет шығару.

Орал қаласында «Қазақ консититуциялық-деомократиялық партиясы» құрылды.

Ресейдің бірінші мемлекеттік Думасына қазақтар да қатыса бастады.

1909 жылы Абай өлеңдері «Оян қазақ», «Қырық мысал» кітап болып шықты.

Кітаппен жұмыс : Кітаппен жұмыс жүргізіледі.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыттағы әдебиетті оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

« Мен кім?»

Сабақтың мақсаты:

а) Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің негізгі идеясын таныту;

ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету;



Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , салыстыру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің 20 ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі—Мағжан Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаев кім,қандай ақын? Осы сұрақтың жауабын,яғни ақынның кім екенін,ақындық қуаты қандай екенін «Мен кім?» деген өлеңінен іздеп көрейік.

Өлеңді мәнерлеп оқып, ауызша талдау.



Топпен жұмыс: . «Баяндаушы топ» Ақын өзін нелерге теңейді?

Жалын жолбарыс бұлт


арыстан



Тұлпар

теңіз

күн жел
« Суреттеуші топ» Ақын өзін неге осы нәрселерге теңеді? Ол сөздер қандай қасиеттерді бейнелейтіндігін айтыңдар.

Арыстан: азулы аң,аң патшасы.Жолбарыс: бұл да мықты.Бұлт: түйіліп тұрады,жаңбыр әкеледі. Күн: жер бетіне шуақ әкеледі. Теңіз: буырқанады,толқиды,тасады. Жалын: от,өртеп жібереді.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Венн диаграммасы бойынша «Мен кім?» өлеңін Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңімен салыстырады.



Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ер жігітке тән қасиеттер..» деген сөйлемді жалғастырып,толықтырып,өлеңді жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев

«Сүйемін»

Сабақтың мақсаты:

а) М.Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;

ә) Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсыпманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер?

Мағжанға айып тағылғанда қандай айып тағылған еді?

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы

өлеңдері

поэмасы







«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»



«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»



«Ақбозат»

«Большевик баласы»





А)

Қарт анасын

Жарын

Алаш елін

Сарыарқа жерін

Ә) Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар, а

Тоқсан бесте жасы бар, а

Көз дегенің сұп-сұр көр, ә

Тасбиқ санап бүгіліп, б

Жерге қарап үңіліп, б

Көрсе ауыр күрсінер, а

Менің бір қарт анам бар, а

Неге екенін білмеймін, в

Сол анамды сүйемін. в

(1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)

Б) Өлең мазмұны

І қатар. Ана,өмірдің алтын кіліті сенде ғана

ІІ қатар. Жар-ердің тірегі.

ІІІ қатар. Туған елін сүйе алмаған,

Сүйе ала ма туған жерін.
Деңгейлік тапсырмалар

І

Сөздер

Мақал-мәтел

Ата-ана

Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең.

Жар

Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар.

Туған ел




Туған жер





ІІ

теңеу

Эпитет

Күлдей

Жыландай


Құрандай

Күңгірт

Сұп-сұр көр

Жабайы жар

Ұйқы басқан қабағы





ІІІ.Шығармашылық (әңгіме,өлең, сурет салу)

Топтастыру жүйесі:

Жанұя құрметтеу ата-ананы жақсы көру достарды сыйлау




Махаббат
Ұстазға деген сүйіспеншілік жерін елін


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?.



Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Сабақтың мақсаты: а) Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет