Сабақтың тақырыбы : Мен адаммын. Мақсаты: 1 Оқушыларды топта жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, мәтін мазмұнымен таныстыру



жүктеу 32.03 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі32.03 Kb.
түріСабақ
Е. Е. Дюсембаева

30 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Семей қаласы
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы : Мен адаммын.

Мақсаты: 1) Оқушыларды топта жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, мәтін мазмұнымен таныстыру .

2) Ойлау қабілеттерін, ұжым болып жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

3) Топта жұмыс істеу ережелерін сақтауға үйрете отырып, ұйымшылдыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі: А) топта жұмыс істеу ережесін қайталау.

Ә) Топ басшысы,хатшы,кеңесші,баяндамашы сайлап алу. Топ басшысына бағалау үшін кесте беру.

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық : Миға шабуыл «сен кімсің?» деген сұрақ қою

ІІІ. Жаңа сабақ: Джигсо

*Топтарға мәтін тарату : - топтағы әр оқушы мәтінді жеке оқиды

- мәтінді жұпта талдайды

- мәтінді топта талдайды

Тапсырма - топтың әр мүшесі басқа топқа барып өз мәтінін әңгімелеп береді. Белг і берілген соң өз тобына қайтады.

*Тапсырма – Мәтін бойынша 1 сұрақ құрау.

- Сұрақты келесі топқа қою

- Алынған жауапты топ болып қандай да бір белгі беріп бағалау

Сергіту сәті

*Топтағы жұмыс : Әр топқа карточка арқылы әр түрлі тапсырма беріледі

1)Адамның жанды табиғат екенін дәлелде.

2) Адам тіршілігі үшін не қажет?

3) Адам өз тіршілігіне қажетті заттарды қайдан алады?

4) Адамның жануарлардан айырмасы неде?

5) Тірі табиғат өлі табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Неге?

* берілген тапсырманы топта талдау

*Сызба арқылы қағазға белгілеу

*Әр топ өз сызбасын қорғау. Формативті бағалау.

Топ басшысы топ ішіндегі өзара бағалауды аяқтап, таныстырып өтеді.

Е. Е. Дюсембаева

30 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Семей қаласы
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы : Ж дыбысы мен әрпі

Мақсаты : 1. Оқушыларды Ж дыбысының таңбалануымен , оқылуымен таныстыру . Ж дыбысы бар сөздерді оқуға жаттықтыру. Ж дыбысының айтылу ерекшелігін білу. Сөздерді қатесіз оқуға үйрету.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру және сөздік қорын молайту.

3. Татулыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ж дыбысының жазба, баспа түрлері. Кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Барысы: І . ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өтілген материал бойынша жүргізілетін жұмыс :

1. «Кім жылдам» ойыны арқылы өтілген әріптерді айту. Мұндағы мақсат оқушының қызығушылығын , ынтасын арттыру арқылы логикалық ойын дамыту. 2. Кеспе әріптерден сөз құрату.

І қатар: ІІ қатар: ІІІ қатар:

Ыдыс қауын отын

3. Сурет бойынша әңгіме құрату .

- Қай мезгіл?

- Ауылда не болып жатыр?

- Балалар қандай ойын ойнап жүр?

- Алтыбақан сөзін буынға бөлу.

- Ы дыбысы нешінші буында тұр?

- Ы қандай дыбыс?

ІІІ. Жаңа сабақ .

1. Суретпен жұмыс .

- Берілген суреттен артық суретті тап (жылқы, түйе, жолбарыс, бұзау, ешкі, қозы)

- Жолбарыс туралы не білесің?

- Бірінші буында бізге қай әріп таныс емес?

2. Бүгін біз Ж әрпімен танысамыз , оқимыз , жазамыз.

3. Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау.

4. Ж дыбысымен буындар құрау (жа, жо, жу, жы, жә, жи)

5. Тізбектей оқу

6. Сөздердің мағынасын түсіндіру

7. Сергіту сәті

Қоюланып тағы бұлт

Жауды жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.

8. Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің оқуы , оқушылардың оқуы. Сұраққа жауап .

- Мәтінде неше сөйлем бар?

- Үшінші сөйлемде не туралы айтылған ?

- Соңғы сөйлемде неше сөз бар?

9. Дәптермен жұмыс . Ауада жазу : жарты дөңгелек, көлбеу сызық, жарты дөңгелек.

10. Сергіту сәті.

1 , 2 , 3 ,

Демаламыз жинап күш,

Әсем етіп жазамыз,

Ылғи бестік аламыз.

11. «Қай әріпті жоғалттым» ойыны

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар

__ аға __ уас __ ақсы

12. Тақтамен жұмыс. Сөйлем жазу: Жанат - ұқыпты оқушы .

13. «Сөз жарысы» (Ж)

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар



ІV. Қорытындылау. Мадақтау.

  • Ж қандай дыбыс?

  • Ж сөздің қай жерінде келеді?

Сабаққа белсенді балаларды мадақтау.



: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет