Сабақтың тақырыбы : Менің арманым Мақсаты



жүктеу 53.41 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі53.41 Kb.
түріСабақ
Щучинск қаласы c:\documents and settings\admin\рабочий стол\mama\новая папка\knigi-151.gifc:\documents and settings\admin\рабочий стол\mama\новая папка\knigi-151.gif

6 орта мектеп



ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

«Менің арманым»

4 "А" сынып



Бекова Назира Нұрышқызы

2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Менің арманым

Мақсаты :оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.

Міндеттері:

-Арман ұғымы туралы түсінік беру.

-Балалардың ойын,қиялын дамыту.

-Жақсылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Теңіз,балық,дельфин,сызбa «күн шұғыласы».

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында,үй тапсырмасын сұрау.

Біздің сынып’’тақырыбында құрастырып келген әңгімелерін тыңдау



солнышко Тыныштық сәті.

-Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз.Бүгін өтетін тақырыбымыз"Менің арманым".Мөлдіреген көк теңіздің жағасында,өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.

Әуелі көңіл күйімізді көтеріп, бір - бірімізге жылулық танытайық..

-Армысың ба,сыныптастар!

-Армысың ба, кәрі Каспий!

-Күннің шыққаны жақсы ма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)

-Теңіздің толқығаны жақсы ма?(толқиды)

-Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды).Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.

Теңіз жағасы.Таза ауа.Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.

Ой қозғау

Теңізде не істей білу керек?-жүзе білу

-Теңізде немен жүзеді?-қайықпен

Қайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.

-Балалар енді бір-біріңнің армандарыңыз орындалуына тілектестік білдіріңдер.

-Алмаз Елжасқа қандай тілек тілейсің?

-Досым,Елжас,арманымның орындалуына шын жүректен тілектеспін!

Фархат:Елжасқа: қанатың талмасын!

(балалар бір-біріне тілек айтады,айтқан бала қуана қайыққа мінеді,тербеледі)

чтение Оқулықпен жұмыс

"Бала арманы"өлеңін оқушылар оқиды.(оқулықта берілген 30бет)

Ұлы Абайдай кең жүрек

Ақын болғым келеді

Бауыржандай ер жүрек

Батыр болғым келеді.

шмульцы 1 Жағдаяттарды талдау. Сұрақ-жауап.

-Бұл теңізде қандай қайықтар жүзеді?

(бірлік,татулық,кешірім,мейірімдлікі қайық)

-Сол қайықтарды теңізге жіберейік.

Бірлік қайығы

-Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

(сұраққа жауап алу)

Татулық қайығы

-Өздеріңнің қандай армандарың бар?(сұраққа жауап берсе «Татулық қайығына» мінеді)

Кешірім қайығы

Адамға армандау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Мейірімділік қайық

Арманға қалай қол жеткізуге болады?

Балалар,теңізде ақылды адамдардың көмекшісі
-дельфиндер мекен етеді екен.Бізге тапсырмалар дайындапты.Осы тапсырмаларды орындайық.




вопросительный Тапсырма

1 тапсырма:

Дәйек сөз."Арман-адамға қанат"дегенді қалай түсінесіздер?

Арман-адамға қанат.Халық мақалы.Армансыз адам болмайды.Оқу,білім арқылы алысқа қанат қағасың.



2 тапсырма

Мәтінмен жұмыс

Әже әңгімесі (оқушылар оқиды)

-Әрбір адамның арманы болады.Арман таусылмайды.

Бір арманыңа қол жеткізген соң,екінші,үшінші арман жалғаса береді.

"Арман мен ақыл" Қадыр Мырза Әли

-Білімнің арманға қандай қатысы бар?

-Өлең неліктен "Арман мен ақыл" деп аталған?

3 тапсырма

Өсиет әңгіме

-Арман деген не?-деді жігіт

-Арман-ақыл-ойдың шындығы

-Ұстаз шәкіртке үлгі болсам дейді.

Арманға адаспаған жетеді.

Адасқан жете алмайды.



Ойын

Оқушылар шеңбер құрып,теңізден балықты аулап өз арманын және не үшін соны армандайтынын жоғарыда берілген өлең қатарларына салып айтады.

Айдар:балықты аулап- "Шіркін-ай басшы болсам,еліме нұр сыйлайтын"

Ердос :-"Шіркін-ай банкир болсам,жайнайды менің елім"

Ербол:-"Шіркін-ай биші болсам,мың бұрала билейтін"(ойын жалғаса береді,жылдам оны не үшін армандайтынын айтады)



компЖаңа ақпарат

"Адам көкейіндегі ізгі ниет болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.

шмульцы 1 Шығармашылық жұмыс.

- Арманды адам бойындағы жақсы қасиеттермен ұштастыру.

-Қандай баланы «жақсы бала» деп айта аламыз?

/Күннің шұғыласына жазып,өздері оқиды/

Дәптермен жұмыс.

Сендердің армандарың жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол.Өз армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар./оқыту/

Қорытынды.

Ақыл сана біліммен,

Арманыма жетемін

Үйге тапсырма:«Өмірге» өлеңі./оқу/

Жүректен-жүрекке

Арманға бірге жетейік.Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды

Біліммен,ізденумен,еңбектенумен жет

-Алға самға

-Нағыз адам бол т .б

Ұстаз тілегі:

-Армандарың орындалсын! Біліммен,өнермен алға самғаңдар!

Тыныштық сәті. Баяу әуен жүріп тұрады. - Балалар ,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жүректеріңізде сақтап , 1- 2 минут осындай сезімде болуларыңызды сұраймын. Ақырын көздеріңді ашуға болады.

Сау - сәлемет болыңыздар.



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет