Сабақтың тақырыбы : Отбасының берекесі. Сабақтың мақсаты : отбасы туралы ұғымдарын кеңейту



жүктеу 57.59 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі57.59 Kb.
түріСабақ
Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі.

Сабақтың мақсаты:отбасы туралы ұғымдарын кеңейту,

отбасының қоғамдағы ролін аңғарту.

Өз пікірін айтуға,талдау жасап,

қорытынды шығаруға үйрету,ойларын дамыту.

Ата-анасымен ,сыйластықтың мән-мағынасын түсініп,

дұрыс қарым –қатынас жасауды қалыптастыру,тәрбиелеу.



Көрнекілігі:слайдтар.

Түрі :аралас сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Сыйлыстықпен өмір сүріп.

Тек жақсылық ойлаймыз

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Мұғалім:Айна көлдердің,өзеннің құс балығын

Дәнді дақылдардың көкөністердің сабағы,

Қасиеттері дарынды екен адамға,

Ілгері аттап,тигенде

Жерге табаның,

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.

2.Кіріспе әңгіме

-Балалар ,бүгінгі сабағымызды біз ертегі айтудан бастаймыз.Кәне, барлығымыз ертегі тыңдайық.



1-оқушы

-Ерте-ерте, ертеде алыс бір аралда бір ұл өмір сүріпті. Ол жалғыз өзі тұрыпты, оны ешкім тәрбиелемепті,ешкім жазаламапты, оның тәтті тағамдарымен ешкім бөліспепті. Бірақ бала сондада көңілсіз болыпты.



2-оқушы

Бір күні ол теңізге қарай бет алыпты. Қарсы алдынан бір қария кезігіпті. Қария өте кәрі,ақылгөй болыпты.

-Сен қайда барасың? - депті қария.

-Мен өзіме жалғыз болмайтындай орын іздеп кетіп барамын.

-Мен саған көмектесе аламын. Жүр менімен - депті қария.

3 –оқушы.Ол баланы балалары мен немерелері тұрып жатқан өзінің үйіне алып келеді.

Тыңда, балам! - Барлығымыз бір үйде тұрамыз, бірге қуанамыз, бірге тамақтанамыз, бір-бірімізге қолғабыс тигіземіз. Қал осында, бірге тұрайық. Мен саған ата боламын, балам мен келінім сенің әкең мен шешең болады. Немерелерім сенің ағаларың мен әпкелерің болады.



4-оқушы. Біраз уақыттан кейін бала өзін бақытты екенін, бұрынғыдай емес қуанада алатынын сезініп, сол үйде қалады.

Мұғалім:-Балалар,неліктен бала қалатын болды?Неге ол кетіп қалмады?

Өйткені, балада отбасы пайда болды.



3. Сабақтың мақсатымен тақырыбын анықтау.

Слайд. Отбасы мүшелері.

Мұғалім: Әрқайсыларыңда ең жақын, туған адамдарың бар. Олар сендер өмірге келгенде қуанып, жақсы көріп кетті. Олар кімдер?(әке, ана, апа, ата)

.-Бір сөзбен не деп айтамыз? Отбасы.

-Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай тақырыппен жұмыс жасаймыз? (отбасы)



Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өз отбасымызды құрмет тұта білуге ж/е бірін-бірі сыйлауға дағдыландыру.

Жаңа сабақ: Отбасының берекесі.

- Отбасы деген не?

- Отбасы дегеніміз бір шаңырақта өмір сүретін адамдар жиыны.

- Отбасы қалай құралады деп ойлайсыңдар?

Отбасын құру үшін ерлі-зайыптылар некеге отырады.Неке-екі адамның өзара келісімі мен түсіністігінен құрылған ерікті одақ.



Отбасы дегеніміз – қоғамның бір бөлшегі. Отбасы деген келесі ұрпақты жалғастыратын болашақ. (Конституцияның 27- бабы
“Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады”)

Слайд:Отбасының да басшысы болады.

Пікірталас:Кімнің отбасында кім басшы?Неліктен?Себебі неде?

Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады.Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп,бастарын біріктіреді.



Слайд:Отбасының әрбір мүшелерінің міндеттері болуы керек.Мысалы қандай ?

Тапсырма:Сұрақтар тарату.

1.Тамақты кім дайындайды?

2.Ыдысты кім жуады?

3.Үйді кім жинайды?Кім көмектеседі?

4.Кірді кім жинайды?

5.Азық-түлікті кім әкеледі?

6.Нанға кім барады?

7.Қоқысты кім шығарады?(қорытындысын айту)

Сонда отбасы мүшелерінің бәрі өз мүмкіндігіне қарай іс атқарады:оқиды,жұмыс істейді,үй шаруасымен айналысады.Отбасындағы шаруа ақылдасып атқарылады.



-(балалар берілген сөздерден керекті сөздерді таңдап алады.)

-Отбасында береке болу үшін отбасындағы мүшелер қандай болу керек?

(құрметтеу, қуаныш, тыныштық, демалыс, қамқорлық, көңіл бөлу, кең пейіл, ізденушілік қызметімен сіздерге көмекші сөздерді беремін. Бұл сөздерден керектісін таңдап алыңдар)



4.Релаксация. (музыка тыңдалады.)

Ал қазір, балалар, көз алдарыңа елестетіңдерші, күн ыстық, жол ұзақ, бір ағаштың көлеңкесіне келіп отырдыңдар. Ағаштың жапырақтары күннің көзінен қорғап, самал жел есіп тұр. Демалдыңдар ма? Енді ағаштан алма жұлып алыңдар. Алма сендерді ұзақ қинаған жолдан, сусағаннан, ыстықтарыңды басты. Осы кезде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

(татулық, сенім, сүйіспеншілік, шыдамдылық, сенім, кең пейіл, адал)

Осындай сезімді тағы қайда сезінесіңдер?(отбасы)

-Отбасы берік, тату, бақытты болу үшін не істеу керек?

Әр оқушы өз отбасының шежіре ағашын салып, суретін жабыстырып келу керек .

-Балалар, бұл қандай ағаш, сендер бұл ағаштың бір мүшесі боласыңдар?

-Әрине, шежіре ағашы. Оның алма ағашынан қандай айырмашылығы бар?

(оның да алма ағашы сияқты тамырлары бар, олар біздің ұлы аталарымыз бен апаларымыз, бұтақтары біздің аталарымыз бен әжелеріміз біздің әкелерімізбен аналарымызға өмір берген. Ағаштың ең басында өздерің.

(Біздің шежіре ағашымыз өсе береді)

- Сендер ержетіп отбасы құрғанда, сендердің аттарың да сол ағаштың құрамына енеді.

- 5.Оқулықпен жұмыс.

- Өзіндік оқу 153 бет

Тізбектей оқу

Мәтінмен жұмыс:

- Отбасын құру үшін қандай қадам жасаймыз?

- Неке деген не?

Неке- екі адамның өзара келісімімен түсініктігінен құрылған ерікті одақ.

7.Сергіту сәті:

Балалар шаршадыңдарма.Шаршасаңдар не істейміз ?

Біз үлкен отбасымыз,татумыз

Мен қазір еден жуамын.

Әкеме ағаш кесісемін

Атам мен әжеме төсек салып беремін.

Білгенге маржан

1-топ

Бала тәрбиесі ... бесіктен

Әдепті бала ... арлы бала

Әдепсіз бала ... сорлы бала

Ата көрген ... оқ жонар

Ана көрген ... тоң пішер

Балапан ұяда не көрсе, ... ұшқанда соны іледі

ІІ-топ

Бала ананың ... бауыр еті

Бала көңілдің гүлі, ... көздің нұры

Атаңның баласы болма, адамның баласы бол

Адам болатын бала ... алысқа қарайды

ІІІ топ

Жақсы ата - ... орман,

Жақсы бала - ... қорған.

Әкесіз өскен қатесіз де өспейді

Атаңа не қылсаң, ... басыңа сол келеді

Отан ... отбасынан басталады.



«Сыңарын тап»ойыны.

Қорытынды:

Балаларға ескертпе.

Өз ата-аналарыңды құрмет тұтып,қадірлеңдер,-оларды орнын ешкім ауыстыра алмайды.

Жалқаулықты тастап,әрдайым ата-аналарыңа көмектесуге тырысыңдар-бұл оларға қуаныш әкеледі.

Сендерге аналарыңның күлкісі мен әкелеріңнің құптағаны ұнайма.Бұл тек өздеріңе байланысты.

Туған –туыстарыңа әркез жақсы сөздер айтып,қолғабыс жасаңдар.Өздері айтпаса да,көмек көрсетуге тырысыңдар.

Әке –тірегің,ана-жүрегің ,-дегендей ата-аналарыңды құрмет тұта біліңдер



Үйге тапсырма: 153 бет ,мазмұны
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет