Сабақтың тақырыбы : Өзін-өзі тану, өмірді тану Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/3
Дата06.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
түріСабақ
  1   2   3
Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

І тарау. Өзін-өзі тану бақыты.

1-ші сабақ. 1-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану, өмірді тану

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

  • сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, «алтын сақа»(асық).

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады,А.Асылбековтың «Шұғылалы әлем»атты өлеңін мұғалім айтып,оқушылар қайталайды.

Әңгімелесу Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

  • Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

  • Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?

Мәтінмен жұмыс «Мақтай неге мақталар?»өлеңіндеде аталған жақсы қасиеттерді атап,оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқиды.

Ойын Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығуы үшін ойын ұйымдастырылады.

Мәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу.

Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Дәйексөз «Өзін-өзі танудың»кіріспе сабағы болғандықтан өзін-өзі танудың қажеттілігін білу мақсатында дәйексөз түсіндіріледі.

Жаңа ақпарат Балаларды жаңа ақпаратпен таныстыру,өзін-өзі тану туралы ой түйіндеу.

Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрып,қол ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз»деп екі рет қайталайды. «Керек»өлеңін оқиды.

Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

2-ші сабақ. 8-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:



  • Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

  • Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;

  • Білімді бағалауға тәрбиелеу.

Мақсаты:Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.

Әңгімелесу Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.

  • «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.

  • Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  • «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына»дегенде нені түсінесіңдер?

  • Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

Дәйексөз Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген мақалдың мәнін түсіндіру.

Жаңа ақпарат Оқушылардың сабақта алған білімдері жаңа ақпарат арқылы түйінделеді.

«Адам білім арқылы қоршаған табиғатты,айналаны танып біледі.»



Мәтінмен жұмыс Оқушылардың білім туралы білетіндерін толықтыру мақсатында Ф.Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңін оқуды ұсыну.

Тапсырма Тақырыпты пысықтау мақсатында төиендегі тапсырманы орындау тапсырылады.

«Аружанға хат жазыпр,өз тілектерін білдіру.»



Ойын-жаттығу Оқушылардың білімге құштарлықтарын байқау мақсатында «Жалғасын тап»атты ойын-жаттығу ұйымдастыру.

Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақта айтылған ойларды пысықтай түсу үшін дәптердегі тапсырма орындалады.

Тыныштық сәті Балалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі,ойы сергітіледі.

Жүректен жүрекке Оқушылар білімге құштарлықтарын А.Сопыбаевтың өлеңі арқылы білдіреді.Бәрі бірге екі рет қайталайды:

Талаптанып Білім алып

Қанаттанып, Тұлғаланып,

Өмір сырын ұғамыз. Азамат боп шығамыз.


Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

3-ші сабақ. 15-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Ойлай білу іскерліктерін дамыту;

  • Ойлылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар бір-біріне жақсы тілектер тілеп,М.Хакімжанованың «Сәби ойы»өлеңін оқиды.

Жаңа ақпарат Оқушыларды «Адам ойлылығын іс-әрекетінен,ақылынан көруге болады.Әр ісін ойлап,ақылмен істеген адам айналасындағыларға сыйлы болады.Ол өз мақсатын айқын көріп,мұратына жете алады.»деген жаңа ақпаратпен таныстыру.

Дәйексөз Ұлы Абайдың «Терең ой-асыл іс» деген нақыл сөзіне оқушылырдың зейінін аудару және оның мәнін түсіндіру.

Тапсырма Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырма ұсыну: «Ойлау арқылы адамзат қандай жетістіктерге жеткенін айтып беру».

Ойын Балалардың ойлылығын байқау мақсатында ойын ұйымдастыру.

Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін,ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Дәптермен жұмыс Асан мен Үсеннің бойындағы қасиеттерді жазу.

Қорытындылау -Бүгінгі сабақта ойлану мен терең ойдың мәнін түсіндік және оған қол жеткізудегі адами қасиеттер туралы білдік.

Жүректен жүрекке Оқушылар шеңберге жиналып, «Менің жадым»өлеңін оқиды.

Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

4-ші сабақ. 22-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым-менің ұжымым

Ұжымда болу-бақыт. Ә.Табылдиев.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзара татулық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • Бірлікке,сыйластыққа,достыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар «Дос болайық бәрәміз» әнін шырқайды.

Әңгімелесу

  • Бірлік,сыйластық,түсіністік,ұйымшылдық,ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Өз сыныбың несімен ұнайды?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән»әңгімесін оқу.

Дәйексөз Ә.Табылдиевтың «Ұжым болу-бақыт» дегн нақыл сөзінің мәнін ашып түсіндіру.

Жаңа ақпарат Оқушылардың сабақта алған білімдерін жаңа ақпарат арқылы толықтыру. Тыныштық сәті Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.

Жағдаяттарды талдау Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында жаттығу-ойлану жүргізіледі.

Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазу.

Қорытындылау -Біз бүгінгі сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық,достық,түсіністік,кешірімділік болуы тиістігін ұғындық.Біз бір ұжым екендігімізді сезіндік.

Жүректен жүрекке Балалар кезектесіп сыныптастарына тілек айтады және А.Шамкеновтың «Біздің сынып»атты өлеңін түсініп оқиды.

Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

5-ші сабақ. 29-шы қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Менің арманым

Арман-адамға қанат.(Халық мақалы).

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Арман ұғымы туралы түсінік беру;

  • Балалардың ойын,қиялын дамыту;

  • Жақсылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,сөзжұмбақ.

Шаттық шеңбері Оқушылар оқулықта берілген «Бала арманы»өлеңін оқиды.

Әңгімелесу Оқушылардың арман туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі:

  • Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

  • Өздеріңнің қандай армандарың бар?

  • Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Арманға қалай қол жеткізуге болады?

Мәтінмен жұмыс Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерді кезектесіп оқиды.

  • Өлең неліктен «Арман мен ақыл» аталған деп ойлайсыңдар?

  • Білімнің арманға қандай қатысы бар?

Дәйексөз «Арман-адамға қанат» деген халық даналығының мәнінтүсіндіру.

Ойын Оқушылардың жақсы ниетпен армандауына ықпал ету үшін ойын ұйымдастыру.

Жаңа ақпарат «Адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады».

Тапсырма «Арман алға жетелейді»дегенді қалай түсінесіңдер деген тапсырманы орындау.

Шығармашылық жұмыс Сөзжұмбақты шешу.

Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Жаттығу-ойлану Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітіле түсуі үшін жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Дәптермен жұмыс Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздермен түйіндеу.

Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып «Нағыз адам болғым келеді»дегенді бәрі бірге үш рет қайталап айтады.Оқулықта берілген Ә.Есмағамбетовтың «Өмірге»деген өлеңін оқиды.

Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

6-шы сабақ. 6-шы қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ата-баба өнері

Еңбек-өнер өрісі,

Өнер-өмір жемісі.(Халық даналығы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Ата-баба –өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылын түсіндіру;

  • Қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

  • Қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға,сақтауға тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өнер»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,түсті қағаз,қайшы.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Оқулықта берілген А.Естеновтың «Ардақты ата-бабалар» өлеңін оқиды.

Әңгімелесу

  • Ата-баба –өнері дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар?

  • Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай?

Мәтінмен жұмыс Мәтінмен жұмыс ретінде оқушылардың назарына , ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру үшін өсиет әңгіме ұсынылады.

Шығармашылық жұмыс «Суреттерге қарап ,өнердің түрлері туралы әңгімелеп беру.Ұнаған өнер түрлерін дәптерге бейнелеу.»

Жаттығу-ойлану Қазақ халқының ою-өрнектерінің мәнін,ерекшеліктерін түсіндіру және айтылған ойларды бекіту мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастыру.

Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін,рйын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын нақтылай түсу үшін әңгімелесу ұйымдастырылады:

  • Қандай ою түрлерін білесіңдер?

  • Қазақтың ұлттық өнерінің қандай ерекшеліктері бар?

  • Өнердің қай түрін үйренгілерің келеді?

Тапсырма Сабақтан түйген ойларын бекіте түсу үшін С.Медеубекұлының «Ою хан мен Жою хан» ертегісін оқыту.

Дәйексөз «»Еңбек-өнер өрісі.Өнер –өмір жемісі деген халық мақалына оқушылардың назарын аудару.

Жаңа ақпарат «Өмірді шығармашылық пен көркем образдар арқылы суреттеуде ерекшк қабілет,шеберліе,іскерлік байқатқан адамды өнерлі адам деп атайды. Өнер адамның өміріне нәр береді,оның құштарлығын арттырады ».

Дәптермен жұмыс Дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіру.

Қорытындылау -Ата-бабаларымыздың ою-өрнекті текқана әсемдік үшін жасамайтынын білдік.Ою мазмұнына үңілсек өмір сырын,тарихын оқи алатынымызды түсіндік.Ата-бабамыздың осындай құнды өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуі үшін біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз.Оның адам өміріндегі мәнділігін өзімізден кішілерге жеткізу,жасалу жолдарын үцрету-біздің де парызымыз.Ол үшін біз еңбектенуіміз керек.Қазақ халқының барлық бұйымдарына салынатын дөңгелек өрнегі «Күн», «Шыққан күн» деп аталып,адамдарға тек қана жарық күн ашық аспан тілеген армандарынан туған.Қазір біз де күн сияқты дөңгеленіп тұрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып,кезегімен бір-біріне жылы сөздер айтады. «Өнер»туралы өлең оқиды.

Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

7-ші сабақ.13-ші қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Тілім-менің тірегімі

Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.С.торайғыров

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;

  • Ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына»атты үш үлкен қақпа.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Сабақ тақырыбымен таныстыру және өлеңді бірге айтуды ұсыну.

Сахналау Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.

Дәйексөз С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім »,-деген өлең жолдарымен таныстыру.

Жаңа ақпарат «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әр-бір азаматтың міндеті».

Тапсырма «Ана тілің –арың бұл»деген сөзді түсіндіру.

Дәптермен жұмыс Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алу және өмірде қолдану.

Жүректен жүрекке Балалар ана тіліне деген махабаттын өлең жолдары арқылы білдіреді.Бәрі бірлесе отырып өлең жолдарын қайталайды:Б.Үсенбаев. «Жүрегімнің бөлшегі».
Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

8-ші сабақ.20-шы қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымыні

Ел іші-алтын бесік(Халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Туған ел,өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Елге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

  • Елжандыққа тәрбиелеу.

Мақсаты:Оқушылардың «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Оқушыларға бірге ән айтуды айтуды ұсыну. «Өз елім»Қ.Мырзалиев,Н.Тілендиев.

Әңгімелесу Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін байқау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі:

  • Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

  • «Жерім деп менің,соғады мәңгі жүрегім»,-дегенде нені түсінесіңдер?

  • Әнде айтылғандай,сендер өздеріңді ел «тірегімін»деп ойлайсыңдар ма?

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу мақсатында С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін»әңгімесін оқу.

Жаңа ақпарат -Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді.Туған тілін,өскен жерін сүю- әрбір ұрпақтың парызы.Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды,қастерлейді,қорғайды, мақтан тұтады.Өйткені Отан-алтын бесігіміз,ата-анамыз!

Сахналау Оқушылардың туғын ел туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сахналау ұйымдастырылады.

Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрінен жазба жұмысқа ауысу аралығында балалардың денесі,ойы сергітіледі.

Шығармашылық жұмыс Оқушылардың сабақтан түйген ойларын байқау мақсатында берілген тақырыптарға әңгіме жазу ұйымдастырылады.

Мәтінмен жұмыс «Туған жер»өлеңін мағынасын түсініп оқу.

Дәйексөз «Ел іші-алтын бесік» деген халық мақалының мәнін түсіндіру.

Тапсырма Сұраққа жауап беру:

  • Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?

  • Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?

Дәптермен жұмыс Тапсырма: Берілген өлең жолын жалғастырып,өз ойларымен жазу.

Қорытындылау Оқулықта қоржында берілген сөздер арқылы сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді.Олар шеңберге тұрып,үнтаспаға қосылып ән айтады.

«Атамекен»Сөзі:Қ.Мырза Әли, әні:Е.Хасанғалиев



Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

ІІ тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік.

9-шы сабақ. 27-ші қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз-жанға қуат

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Науай.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • Ізгілікке,ізеттілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Барлығы бірігіп берілген өлең шумағын айтып шығады.

Сахналау Оқулықтағы күн сәулесі шашақтарында берілген сөздерді пайдаланып,сахналау.

Әңгімелесу Оқушылардың жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.

  • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман,дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Мәтінмен жұмыс Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян»ертегісін оқып беру.
Дәйексөз Тақтада жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу.

Жаңа ақпарат «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қолд жеткізеді.»


Шығармашылық жұмыс Оқушыларды жақсы,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.

Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.

Тапсырма Өздері жиі қолданатын жақсы сөздерді дәптерге жазып келу.

Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға тапсырмалар беріледі.

Қорытындылау -Жақсы сөз,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайды.Жылы сөз адамдарды татуластырады,достастырады.Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Жүректен жүрекке Балалар жылы сөздер шеңберін құрады.Мұғалімнен бастап,барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып,іштей жақсы сөздерді айтып,сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып,барлығы ортаға жиналады.Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып,алақандарына салады.Өлең оқиды:С.Мәуленов. «Күнім менің».

Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан

10-шы сабақ.3-ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Адал достық

Айнымас досы бар адам-ең бақытты.(Халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Адал достықтың мәнін түсіндіру;

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үлестірме мәтін,Ақботаның қоржыны.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Барлығы бірігіп Д.Байбековтың «Бірге ойнайық» өлең жолдарын айтады.

Өсиет-әңгіме Сабақтың тақырыбымен таныстыру мақсатында Ақботаның қоржынынан Данышпан ата жіберген өсиет-әңгімені оқу.

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға адал достықтың мәнін түсіндіру мақсатында «Екі дос»әңгімесін оқу.

Тыныштық сәті Балалардың денесі,ойы сергітіледі.

Жағдаяттарды талдау Сұрақтарға ауызша жауап беру.

Дәйексөз Тақтадағы «Айнымас досы бар адам-ең бақытты» деген халық мақалының мәнін түсіндіру.

Жаңа ақпарат «Адамдар бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.»

Тапсырма Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айту.

Дәптермен жұмыс «Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазу.

Қорытындылау Оқушыларға адал досқа тән қасиеттерді айтқызу.

Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып,сыныптас достарына ақ тілек,ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады. «Жан досым»әнін бәрі қосылып айтып шығады.


Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан

11-ші сабақ.17 -ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ашу-дұшпан,ақыл-дос.

Ақыл-адам көрігі,ақылдың сабыр серігі.

М.Әуезов

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

  • Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Ұстамдылыққа ,сабырлылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «ұстамдылық», «сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық

Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.Бірлесе «Бізге ашық күн керек»атты өлеңді оқиды.

Әңгімелесу Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

1.Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды,ақылға әркез келеміз»,-дегенде нені түсінесіңдер?

2.Сендердің ашуланған кездерің болды ма?Не себепті ашуландыңдар?

3.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?

4.Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

5. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос»деген мақалды қалай түсінесіңдер?





  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет