Сабақтың тақырыбы : Өзін-өзі тану, өмірді тану Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



жүктеу 29.09 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі29.09 Kb.
түріСабақ
Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

І тарау. Өзін-өзі тану бақыты.

1-ші сабақ. 1-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану, өмірді тану

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

  • сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, «алтын сақа»(асық).

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады,А.Асылбековтың «Шұғылалы әлем»атты өлеңін мұғалім айтып,оқушылар қайталайды.

Әңгімелесу Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

  • Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

  • Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?

Мәтінмен жұмыс «Мақтай неге мақталар?»өлеңіндеде аталған жақсы қасиеттерді атап,оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқиды.

Ойын Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығуы үшін ойын ұйымдастырылады.

Мәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу.

Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Дәйексөз «Өзін-өзі танудың»кіріспе сабағы болғандықтан өзін-өзі танудың қажеттілігін білу мақсатында дәйексөз түсіндіріледі.

Жаңа ақпарат Балаларды жаңа ақпаратпен таныстыру,өзін-өзі тану туралы ой түйіндеу.

Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрып,қол ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз»деп екі рет қайталайды. «Керек»өлеңін оқиды.

Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан

2-ші сабақ. 8-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:



  • Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

  • Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;

  • Білімді бағалауға тәрбиелеу.

Мақсаты:Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.

Әңгімелесу Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.

  • «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.

  • Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  • «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына»дегенде нені түсінесіңдер?

  • Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

Дәйексөз Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген мақалдың мәнін түсіндіру.

Жаңа ақпарат Оқушылардың сабақта алған білімдері жаңа ақпарат арқылы түйінделеді.

«Адам білім арқылы қоршаған табиғатты,айналаны танып біледі.»



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет