Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры Сабақтың мақсаты



жүктеу 28.06 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі28.06 Kb.
Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өтілген сандар бойынша қаншалықты деңгейде менгергендерін анықтау,сандар қатарын,санның құрамын,тура және қері санауға үйрету, 4саны мен цифрымен таныстыру.

2.Ойындар арқылы ойлау қабілетін, ой-өрісін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын арттыру,топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.

3.Оқушы бойына адамгершілік

қасиеттерін енгізу, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерінің жеке салынған суреттері,интерактивті тақта, цифрлар, үлестірмелер.

Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: саяхат сабақ.

Пәнаралықбайланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту,

айналамен таныстыру,



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

«Қайырлы күн» деп айтамыз,

Кешке бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

2.Психологиялық дйындық:

Әрбір адам – туысым,досым,жұрағат,

Әрбір сабақ – үйрену, ұгу, ұлағат.

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық,

Әрбір ісің – тілек, тірлік, адалдық.

3. Өткен сабақты пысықтау.

-Балалар өткен сабақтарымызда қандай сандармен таныстық? 0,1,2,3-тура санау.

-Балалар мынау не?

-Поезд.


-Қанша жолаушысы бар?

Балалардың барлығы санай бастайды.

-Дұрыс, айтасыңдар балалар.

Электрондық оқулықпен бекіту.



4.Жаңа сабақ.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Үй жануарларын тағы басқаша не деп атайды ?

Мына геометриялық фигура қалай аталады?

- Енді мына төрт бөлінген суретті дұрыс құрастырсаңдар бүгінгі сабақта танысатын санды білетін боласыңдар.

-Жоғарыдағы менің сұрақтарымның жауабы да 4 санға байланысты болды.

-Ендеше бүгінгі жаңа санмен танысу үшін «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз.Саяхатқа 2 отбасының балаларындай тату –тәтті, ұйымшыл боп екі топқа бөлінеміз.

- Мынау сендердің тұратын үйлерің.

-Балалар біздің сабағымызға ата-аналарымыз қатысып отыр.Әр топқа бір ата-анадан бөліп отырғызамын, оның міндеті топтағы оқушыларға бағыт –бағдар беріп отыру.

-Ал балалар ертегілер еліне саяхатымызды бастаймыз.

Ертегіміздің аты: «Мақта қыз бен мысық».

( Бір оқушыға мазмұнын айтқызу)



Мысық: «Апа,апа құйрығымды берші»-дейді.

«Сен менің тапсырмаларымды орындасаң,мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін»,-дейді Мақта қыз.

Ал, балалар,енді мысыққа көмектесейік. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып беру үшін,осы ертегідегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық.

1-үйдің тұрғындарына .

Сиырдың тапсырмасы: Электрондық оқулықтан

2 лимон + 2 лимон = 4

2 - үйдің тұрғындарына.

Ағаштың тапсырмасы: Дәптердегі 1-жаттығу жұмысты орындайды.

1-үй: Қыздар тапсырмасы: 2-жаттығу жұмыстарын орындау.

2-үйде: Дүкеншінің тапсырмасы: Сергіту сәті: «Бір үйде біз нешеуміз?»

Кел санайық екеуіміз,

Бас бармағым- әкем,

Балан үйрек-анам,

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек-мен

Кішкене бөбек-сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

4 санының цифрымен таныстыру.4 цифры неге ұқсайды?

Жазылуымен таныстыру.(интерактив тақтаны пайдалану) 4 саны мен цифрын жазу.

1-үй. Тауықтың тапсырмасы: 4 таяқшамен фигуралар құрастыру.

2-үй. Тышқанның тапсырмасы: «Кім тапқыр» ойыны. Дөңгелекті толықтыру.

Балалар,Мақта қыз сендерге тапсырмаларын орындағандары үшін алғысын айтады.Сендер мысықтын құйрығын қайтарып алуға үлкен көмек көрсеттіңдер. Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып мысықтың құйрығын қайтарып берді.



5. Қорытынды:Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Ұнаған болса суретті перфокартамен жұмыс.

Бүгін бір отбасының балаларындай тату-тәтті, бірге жұмыс жасадыңдар.



6. Бағалау: Әр үйдің тапсырмалар орындау арқылы жинаған мал санымен бағаланады.Көп мал жинаған топ жеңімпаз болады.
: 2ACE8FABA1113980
2ACE8FABA1113980 -> Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын! (4-сынып) Мақсаты
2ACE8FABA1113980 -> Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда Microsoft Power Point бағдарламасын
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. а Сабаққа әзірлеу б Сәлемдесу Үлкенге де сіз
2ACE8FABA1113980 -> Оқыту технологиясының негізгі сатылары
2ACE8FABA1113980 -> Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә
2ACE8FABA1113980 -> Механика § Кинематика
2ACE8FABA1113980 -> Дайындаған: Тумархан Рина Компьютерде терген
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың түрі: Пікірталас. Көрнекілігі: Слайд-шоу. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. а Сабаққа әзірлеу б Сәлемдесу Үлкенге де сіз




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет